Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет174/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

CO
2
-НІ ЭЛЕКТРКАТАЛИТИКАЛЫҚ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРУ ҮШІН МЫСТЫ 
ПЬЕЗОКВАРЦ ЭЛЕКТРОДЫНДА МИКРОҚҰРЫЛЫМДАУ 
 
Ақмырзаева Л., Бекей А. 
Ғылыми жетекшісі: PhD Авчукир Х. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
lauraakmyrzaeva@gmail.com 
СО
2
-ні тотықсыздандырып пайдаға асырудың негізгі себептерінің бірі - жердегі табиғи 
көміртегі айналымының бұзылуы. СО
2
концентрациясының күрт артуы көптеген өзекті 
мәселелер туындатуда. Нәтижесінде атмосферада жылыжай эффектісін туындататын CO
2
газы бүгінгі климаттың шамамен +8 ºС температураға өзгеруінің яғни, жаһандық жылынуға, 
мұхиттардың қышқылдануы, мұздықтардың еруі нәтижесіндегі теңіз деңгейінің көтерілуі, 
түрлердің жойылуы сияқты үлкен мәселелерге себеп болуда [1]. Сондықтан көмірқышқыл 
газын көмірсутектер мен спирттер секілді пайдалы химиялық заттарға айналдырудың 
болашағы зор. Көмірсутектер мен спирттер жоғары энергетикалық тығыздықтағы 
экологиялық таза көп көміртекті отын ретінде үлкен сұранысқа ие. Сұранысты қамтамасыз 
ете отырып, бағалы көмірсутектер алуда мыс электрохимиялық катализдеу қабілетімен 
ерекше гетерогенді катализатор болып табылады. Ол СО
2
-ні электрохимиялық 
тотықсыздандыру арқылы этилен және этанол сияқты бағалы көмірсутектер мен спирттерді 
өндіруде тиімді [2]. СО
2
-нің электртотықсыздануы кезінде түзілетін органикалық өнімдердің 
құрамын басқару мақсатында мыстың микроқұрылымдану сатысын зерттеу өзекті.
CO
2
-ні электркаталитикалық тотықсыздандыру үшін мысты пьезокварц электродында 
микроқұрылымдау бөлме температурасында Autolab PGSTAT 302N потенциостат-
гальваностат және EQCM құрылғылары қолданылды. Фондық электролит әсерін көру үшін 
1М NaCl қатысында және NaCl қатысынсыз зерттеу жүргізілді. Ерітінді рН = 1.5, сызықты 
поляризация бойынша потенциалдар интервалы -0,6….0,5 В аралығында тіркелді. 
Потенциалды сканерлеу жылдамдығы 10-50 мВ/с. Алынған нәтижелер бойынша нуклеация 
механизмі 0.01М CuCl
2
ерітіндісінде прогрессивті, ал 1M NaCl қатысында механизмі 
лездікке өзгерді. Сонымен қатар, - 0.45В потенциал мәнінде тоқ тығыздығы i
max 
= 0.012 
А/см
2
, уақыт t
max 
= 0.07с, диффузия коэффициенті D
Cu
2+ 
= 1.6ꞏ10
-7
см
2
/с және активті центрлер 
саны N

= 1.01ꞏ10


-2
тең болды. 
Әдебиеттер: 
1. Loiudice A. et al. Tailoring Copper Nanocrystals towards C
2
Products in Electrochemical CO
2
Reduction // Angewandte Chemie - International Edition. 2016. № 19 (55). C. 5789-5792. 
2. Moffat T. P. et al. Superconformal electrodeposition of copper // Electrochemical and Solid-State 
Letters. 2001. № 4 (4). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет