Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет310/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
319 
Li
+
, К
+
, Na
+
, NH
4+
, Ca
2+
, Mg
2+ 
ИОНДАРЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ 
ЖҰМЫСТАРДЫҢ ОНЛАЙН КУРСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Әзімханова Қ.М., Гымың С., Шаріпбаева Ф.Е. 
Ғылыми жетекшілері: Буршакбаева С.Б., Мукатаева Ж.С. 
Абай
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Педагогикалық
 
университеті
 
kazimkhanova@list.ru
 
 
Орта мектептердің көбісінде зертханалық сыныптардың жоқтығынан, бар болғанның 
өзінде ондағы құрал – жабдықтар мен химиялық реагенттердің жетіспеушілігінен 
зертханалық сабақтардың дұрыс өткізілмейтіні белгілі.
Бейорганикалық қосылыстарды сапалық талдау әрбір химия саласындағы маман үшін 
маңызды бөлім болып табылады. Бірақ соңғы екі жылда орын алған жаһандық мәселелер 
химия пәні бойынша практикалық жұмыстарды толық қамтуға кедергі болды. Білім 
алушылар арасында жүргізілген сауалнама бойынша жоғарыда аталған мәселенің өзектілігі 
айқындалды. Бейорганикалық қосылыстарды сапалық талдау бөлімін онлайн форматта да 
тиімді ету жолдары анықталды. Біріншіден, курс кез келген қолданушыға қолжетімді. Яғни, 
курс: оқушылар, дарынды оқушылар, студенттер, мұғалімдер және қызығушылардың 
барлығы әлемнің кез келген түкпірінде, кез келген уақытта қайталап қарай алады. Екіншіден, 
уақыт үнемділігі. Үшінші себеп ақпараттың бір жерге шоғырлануы. Сабақтар YouTube 
каналына бейнематериалдар түрінде жүктелген. Олар қысқа әрі нақты ақпараттармен 
қамтылған және әр сабақтан соң өзіндік тапсырмаларға сілтемелер қойылған. Төртінші себеп 
материалдық тұрғыдан шығын көлемінің аз болуы. Бесінші себеп ұстазбен қашықтықтан 
ешқандай кедергісіз байланыс орнату болып табылады. Аталған себептер курсқа 
қатысушыларға пайдалы әрі тиімді екенін растайды. 
Факультативті сабақ оқушылардың практикалық құзіреттілігін, интелектуалдық 
дамуын арттыру болып табылады. Оны арттыру үшін «Бірінші аналитикалық топтың және 
сандық талдау бойынша аскорбин қышқылын анықтау» тақырыптары алынды.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді алға қойып отырмыз: 
- Оқушылардың химиялық рекция теңдеулерін дұрыс жазуға, және олардың 
қосылыстардың қасиеттерін білуге үйрету;
- Әр түрлі сарамандық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың қызығушылығы мен 
икемділігін жетілдіру;
- Қосымша мәліметтер арқылы оқушылардың осы саладағы алған білімдерін тиянақтап, ой 
- өрісін кеңейтуге мүмкіндік туғызу; 
Бұны жүзеге асыру үшін мынандай жоспар құрылды: 
-
Химия пәніне қызығушылығы бар оқушыларды іріктеу; 
-
Тақырып бойынша жасалған онлайн сабақтармен жұмыс жасау; 
-
Сандық және сапалық реакциялар бойынша зертханалық жұмыс жасауға үйрету; 
-
Жасалған жұмыстар бойынша тест тапсырмаларын алу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет