«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
339
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН
«ҚОРШАҒАН ОРТА ХИМИЯСЫ ЖӘНЕ ЖАСЫЛ
ХИМИЯ» ЭЛЕКТИВТІ КУРСЫНЫҢ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ҚҰРАСТЫРУ
Нұржанқызы Т.
Ғылыми жетекшісі: Назаркулова Ш.Н.
Әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
tomiris_010204@mail.ru
Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі
өз жолдауында экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлу
қажеттігін атап көрсетіп, бұл мәселеде білім берудің рөліне көңіл аударды.
Жоғары оқу орнында болашақ мамандарға ғаламдық, оның ішінде, экологиялық,
адамзат денсаулығы және биосфераны сақтау мәселелері мен оларды зерттеу туралы
берілетін білім маңызды. Сондықтан, қоршаған ортадағы химиялық мәселелерді ғана оқытып
қоймай, оны шешудегі қазіргі маңызды бағыт «Жасыл химияның» жетістіктерімен
толықтырылған Жоғары оқу орнына арналған «Қоршаған орта химиясы және Жасыл химия»
элективті курсының тиімді оқу-әдістемелік кешенін құру мәселесі туындап отыр. Сол
себепті, қарастырылып отырған тақырып аясында, осы уақытқа дейінгі мәселелері мен жай-
күйі сарапталып, әдебиеттерге шолу жасалып, теориялық тұрғыдан негізделді.
Пәнді оқытудың мақсаты: білім алушыларға қоршаған орта химиясы туралы білімдерін
толықтыру және экологиялық мәселелерді жасыл химия жетістіктерімен шешу жолдарымен
таныстыру. Осы таңдау курсын жаңа тұрғыдан қарастыру барысында, отандық және
шетелдік тәжірибелер мен әдебиеттерге сүйене отырып, оқу-әдістемелік кешенінің жалпы
құрылымы, бөлімдері (нормативтік, теориялық, практикалық, әдістемелік, бақылау),
қызметтері зерттеліп, көрсетілген әр блокқа сай «Қоршаған орта химиясы және жасыл
химия» элективті курсы бойынша материалдар жинақталды. Элективті курстың оқу-
әдістемелік кешенін құрастыру барысында дәріс және практикалық сабақтардың
тақырыптарына сараптама жасалып, білім алушыларға катализ, қауіпсіз химиялық заттар
мен қоршаған ортаға зиянсыз еріткіштерді пайдалану және жаңартылатын шикізатты дамыту
сияқты бірнеше негізгі зерттеу салаларында жасыл химияның 12 принципіне сүйене отырып
тақырыптар талданды.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
340
Достарыңызбен бөлісу: |