«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
73
ЕМЕН ҚАБЫҒЫНЫҢ
(CORTEX QUERCUS)
ҚОЮ ЭКСТРАКТІСІНЕН ШЫРЫН АЛУ
ЖОЛЫН ҰСЫНУ
Қалдыбек А.E.
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Бурашева Г.Ш.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
ibbkaldybek@mail.ru
Емен — шамшат тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын мәңгі жасыл ағаш.
Медицинада және фармацевтикада еменнің қабығы қолданылады.
Емен қабығын
(Quercus cortex )
халықтық медицинада орта ғасырлардан бастап
диареяны, стоматитті, фарингитті және терінің қабынуын емдеу үшін пайдаланып келеді.
Емен қабығы ерте көктемде, жапырақтары пайда болғанға дейін, қабығы ағаштан оңай
бөлінген кезде жиналады. Емен ағашының қабығын медицина мен косметологияда қолдану
оның тиімділігіне ғана емес, қол жетімділігіне де байланысты.
Зерттеу
нысаны
:
Алматы облысы, Талғар тауларында 2022 жылы наурыз айында
жиналған емен қабығы.
Зерттеу
нәтижелері
:
Өсімдік шикізатының сапалылығын анықтау үшін ҚР МФ I-
басылымындағы әдістеме бойынша келесі көрсеткіштер анықталды: шикізаттың
ылғалдылығы, күлділігі, экстрактивті заттар. Емен қабығының ылғалдылығы – 6,26%;
күлділігі – 9,05%; экстрактивті заттар 50%-ды этанолда – 26,57%, 70%-ды этанолда –
34,92%. Емен қабығы құрамындағы органикалық қышқылдар 3,28%-ды құрады. Ал, тері
илегіш заттардың мөлшері 8,07%-ды құраса, кверцетин негізіндегі флавоноидтар 1,49%
болды. Емен қабығындағы көмірсулар мөлшері 2,07%, ал кумариндер 0,35%-ға тең екендігі
анықталды. Емен қабығы органикалық заттармен қоса минералды заттарға да бай. Емен
қабығының құрамындағы минералды заттар мөлшері: натрий – 20,850 мкг/мл, калий –
168,640 мкг/мл, кальций – 960,250 мкг/мл, магний – 280,980 мкг/мл, темір – 5,7875 мкг/мл,
мыс – 0,4697 мкг/мл, мырыш – 4,1821 мкг/мл, марганец – 25,8775 мкг/мл, никель – 0,4336
мкг/мл, қорғасын – 0,3094 мкг/мл, кадмий – 0,0651 мкг/мл.
Экстрактивті заттарды анықтау үшін 50%-ды этанолды қолданған кезде, ерітіндіге
өткен биологиялық белсенді заттардың мөлшері артты. Бұл емен қабығынан биологиялық
белсенді заттарды бөліп алу үшін 50%-ды этанол еріткішінің тиімді екенін көрсетті.
Сондықтан сапалық және сандық сараптауларда 50%- дық сулы-спиртті ерітінді
қолданылды. Зерттеу барысында 50%-ды сулы-спиртті ерітіндімен шикізат:экстрагент - 1:10
қатынасында, 3 тәуліктен (72 сағат) 3 рет экстракция жүргізілді. Экстракция нәтижесінде
жалпы көлемі 2755 мл экстракт алынып, 8-10 сағатта 45°С-та 490 мл-ге дейін роторда
қоюланды, осы қою экстракттың концентрациясы 28,9% екендігі анықталды. Мәлімделген
қою экстракт алу әдісі өте қарапайым, күрделі қондырғыларды қажет етпейді және өнімді
тұрақты құрамда алуға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмыстары жалғасуда.
Достарыңызбен бөлісу: