Қазақ тіліндегі эмоционалды


Үстеулердің эмоционалды



Pdf көрінісі
бет134/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

3.3.
Үстеулердің эмоционалды
 
қызметі
 
Эмоцияның сындық сипаты, мөлшерлік, мақсаттық, себептік 
ерекшеліктері үстеулер арқылы беріледі. Яғни үстеулер эмоциялық 
процесті жан
-
жақты сипаттай алады. Олардың бірқатары эмоциялық 
проецестің жүзеге асу уақытын, мезгіл, мерзімін білдіріп 
қашан? 
қашаннан?
деген сұрақтарға жауап берсе, енді бірқатары эмоциялық 
процестің болу мақсатын білдіріп, 
не мақсатпен?
деген сұраққа жауап 
береді. Сондай
-
ақ эмоциялық процестің себебін, салдарын, нәтижесін 
білдіретін үстеулер де бар, олар 
неге? не себепті?
деген сұрақтарға 
жауап береді. Үстеулер эмоциялық процестің сынын, бейнесін, жасалу 
амал
-
тәсілін де білдіре алады, сонымен қатар эмоцияны күшейтіп не 
солғындатып көрсету қызметтерін де атқара алады.
А. Байтұрсынұлы: 
«Үстеу дейміз –
сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді 
толықтыру, күшейту үшін айтылған сөздерді. Мәселен, «тым жақсы», 
«он есе», «тап өзі», «әрең келдім» уа ғайри сондай. «Қалай?» –
«тым 
жақсы», «қанша?» –
«он есе», «қайсысы?» –
«тап өзі», «қайттің?» –
«әрең келдім» [77, 256]. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер «Қазақ 
грамматикасында»: «Үстеудің сөз табы ретіндегі басты белгісі –
оның 
семантикалық сипаты болып табылады. Соған сәйкес сөйлемде белгілі 
қызмет атқарады, ол –
пысықтауыш және етістікпен тіркесіп жұмса
-
лады, ал морфологиялық жағынан түрленбейді. Ол қимыл, іс
-
әрекеттің 
әр түрлі мекендік, мөлшерлік, сындық сипаттары мен мақсат себеп
-
терін білдіреді»,
 

деп сипатталып, олардың төмендегідей мағыналық 
топтары көрсетіледі: мезгіл үстеулері, мекен үстеулері, мөлшер 
үстеулері, сын
-
қимыл (бейне)
үстеулері, күшейтпелі үстеулер, мақсат 
үстеулері, себеп
-
салдар және топтау үстеулері. Осындай мағыналық 
ерекшеліктеріне байланысты үстеулердің 8 тобы беріледі.
[9]. 
А. 
Байтұрсынұлының топтауы бойынша үстеулер мағыналарына қарай 5 
топқа бөлінеді. Олар: нықтаулық үстеу, сынаулық үстеу, өлшеулік 
үстеу, мезгілдік үстеу, мекендік үстеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет