–
Былжырамай құрықты
бер!
Өңшең қатын! –
дедім (І.
Жансүгіров).
Топырламай,
шығыңдар!
–
деді
(Ж. Аймауытов).
–
Шешіңдер
қолдарын! –
деп жекіді Бұлыш жігіттерге. Өзі Асан
бәлшебектің байлауын шешіп жатыр (С. Елубаев).
Мұны үйдегінің бір үлкені естіп келіп, мынау саяқтарына қабағын
түйіп қайырып әкетті:
–
Өліп пе едің? Берекесін кетірмей
тыныш отырыңдар.
Бәріңе
әдемілеп жасап беремін, –
деп жалпақ сары тапал қолды жуып,
Ысқақтың жанына отырды (І. Жансүгіров).
Бұйрық райдың
-
сын,
-
сін
формалары арқылы келетін үшінші жағы
сөйлеуші өз сөзін, көзқарасын, түрткі салу ниетін жағымды я болмаса
жағымсыз эмоциясын тыңдаушыға емес бөгде жаққа қарата білдірген
кезде қолданылады. Бұйрық райдың
-
сын,
-
сін
формасы қомсыну,
жақтырпау реңкін беру үшін де қызмет етеді. Мысалы,
Бәйбіше марқұмға салыстырғанда:
–
Қайдағы... Басқан ізінен
садаға кетсін,
–
десті (Ж. Аймауытов).
«Мә» дедім мен оған... әкең...
жалтыратып көрсін!
(С.
Мұратбеков).
Райға қатысты жазылған еңбектер мен айтылған пікірлерде қазақ
тіліндегі бұйрық рай формаларының
-
шы,
-
ші
қосымшаларының қосы
-
луы арқылы қолданылуы, олардың түрлі мағыналық реңк тудырудағы
қызметі туралы да сөз болады. Л. Дүйсембекова бұйрық райға қатысты
жазған еңбегінде бұйрық рай формаларының барлығы да (үш жақта)
-
шы,
-
ші
қосымшаларының қосылуы арқылы да қолданылатындығын,
ол қосымшалар бұйрық райға қосылған кезде бұйрық мәнінің солғын
-
дап, жұмсара түсетіндігін жазады. Еңбекте аталған қосымшаның
өтініш, тілек, ниет, сұрану, жалыну, жалбарыну т.б. да реңктерді біл
-
діру мақсатында жұмсалуы турасындағы тілдік деректер мен
талдаулар беріледі [92
, 37].
Бұйрық райдың бірінші, екінші жақ тұлғаларына
-
шы,
-
ші
қосым
-
шаларының қосылуы арқылы қолданылған төмендегі тілдік бірлік
-
терде таза бұйрық мәннен гөрі тілек, өтініш мәні басым екендігі байқа
-
лады. Коммуниканттар арасындағы жағымды, сыпайы қарым
-
қатынас
-
ты да білдіреді.
164
–
Үйге
Достарыңызбен бөлісу: |