Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет139/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

 
Қорыта келгенде,
 
эмоцияның сындық сипаты, мөлшерлік, мақсат
-
тық, себептік ерекшеліктері үстеулер арқылы беріледі. Олардың 
бірқатары эмоциялық процестің жүзеге асу уақытын, мезгіл, мерзімін, 
енді бірқатары эмоциялық процестің болу мақсатын, себебін, салда
-
рын, нәтижесін
білдіреді. Үстеулер эмоциялық процестің сынын, 
бейнесін, жасалу амал
-
тәсілін де білдіре алады, сонымен қатар эмоция
-
ны күшейтіп

не солғындатып көрсету қызметтерін де атқара алады. 
Эмоциялық процеске қатысты қолданылатын 
әлі 
үстеуі осы уақытқа 
дейін мағынасын білдіріп, сөйлемде қолданылғанда эмоциялық 
процестің қазірге дейін болып жатқандығын, аяқталмағандығын 
көрсетеді. Бұл үстеу жұмсалу үстінде басқа да мағыналық реңкке ие 
болады. Жоғарыда келтірілген мағынасынан басқа тағы да деген 
мағынада қолданылып, мұндай эмоцияның айтушы адамның өзі 
тарапынан немесе тыңдаушы, не бөгде жақ тарапынан бұдан кейін де 
қайталанатындығын білдіреді. Эмоциялық процестің дәрежесін білдіру 
мақсатында жұмсалатын 
осынша, осыншама, сонша, соншама, 
соншалық 
үстеулері тіптен, кереметтей мағыналарын, айтылып 
отырған эмоцияның өте күштілігін ғана емес, сонымен қатар 
айтушының өте жағымсыз немесе аса жағымды бағасын да білдіреді. 
Эмоциялық процестің сынын, бейнесін білдіретін 
ерекше
үстеуі 
айтушыға, тыңдаушыға немесе бөгде жаққа қатысты эмоцияның 
субъектіге қатысы әдеттегіден өзгеше екендігін бөліп көрсету 
қызметін де атқарады. Эмоцияның күштілігін білдіру қызметінде 
белсенді түрде қолданылатын үстеулердің қатарына 
ең, тым, өте, аса, 
орасан, зор, әдбен, мүлде
сияқты күшейт
-
пелі үстеулерді жатқызуға 
болады. Аталған үстеулер сөйлемде негізінен етістіктің алдында келіп 
эмоцияның сапасын күшейту немесе мүлде солғындатып көрсету 
қызметін атқарады. Күшейткіш үстеулер сын есіммен тіркесіп 
қолданылғанда күшейтпелі шырай түрін жасайды да, адамның көңіл 
күйіне қатысты қолданылатын сындық сипаттағы сөздердің де реңкін 


173 
күшейтіп, көңіл күйдің, сезімдік жағдайдың адамға қатысты сындық 
белгісінің жоғары дәрежесін көрсетеді. Үстеулер мағыналық топтарға 
жіктелгенімен қолданыста ол мағыналық топтың шеңберінен шығып 
кететін, әр түрлі мағыналық реңкке ие болады. Яғни тіл жүйесінде 
толып жаптқан аспектіде жұмсала алады. Белгілі бір тұстан әрмен 
қарай
мағынасында қолданылатын 
әрі
үстеуі эмоциялық процеске 
қатысты қолданылғанда эмоцияның одан әрмен үдей түскендігін, 
күшейе түскендігін білдіреді. Яғни үстеулер эмоциялық процесті жан
-
жақты сипаттай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет