Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет138/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

 
әрі
 
өкіріп жылады (С. Мұратбеков).
Тілдік бірліктердің жұмсалым үстіндегі әсер етушілік қасиеті 
тілдік коммуникация, стилистика, психолингвистика, этнолингвисти
-
ка, әлеуметтік лингвистика т.б. тығыз бірлікте қарастырылады. 
Академик Ә. Қайдар «Қазақ тілінің өзекті мәселелері» еңбегінде: 
«Этнолингвист
-
ғалымға қойылатын басты талап –
жалпы тіл табиға
-
тын білумен қатар оның әрбір сөзінің мағына астарында жатқан 
этнолигвистикалық деректі тамыршыдай тап басып, тани білу және 
таныта білу. Ал, бұл міндетті орындау кез келген адамның, тіпті тілдің 
структуралық (грамматика, фонетика, лексика т.б.) проблемаларымен 
ғана шұғылданушы мамандардың да қолынан келе бермейді десек, 
артық айтқандық емес. Өйткені бұл салада лексикалық байлықтың тек 
тіл факторы, сөздердің жиынтығы ретінде ғана емес, этностың тілдегі 
болмысы, бейнесі көрінісі, негізі ретінде қаралатындығы», –
деп 
жазып, тіл мен адам арасындағы табиғи тұтастыққа бүгінгі тіл білімін
-
дегі талап деңгейінде ғылыми тұжырым жасау оңай емес екендігін 
атап көрсетеді [9
8, 21].
Үстеудің эмоциялық түрлі реңкі бірқатар тұрақты тіркестердің 
құрамында да қолданылады. Мысалы, 
Аяғын әріге салды

мерзімді соза түсіп уақыт ұтты, өз пайдасын 
сезе біліп ойындағысын жүзеге асыра бастады.
Әрі ойлап, бері ойлап
 

 
ойланып
-
толғанып.
Кет әрі емес

жек көрмейді.
Тілдік бірліктердің жүйелілігі, олардың бір
-
бірімен байланысы тек 
тілге ғана тән функционалдық
-
мағыналық қарым
-
қатынас нәтижесінен 
туындайды. Тіл бірліктерінің жүйелілігі, олардың функционалдық
-
мағыналық қатынасының өзара байланыс желісі, сыртқы құрылымы
-
ның ішкі мазмұны мен функционалдық қызметінің бірлігі мен 
диалектикасы, тілдің өзіндік мән
-
маңызы тіл мен оны қабылдаушы 


172 
арасындағы байланыстан, қарым
-
қатынастан көрінетіндігі жайлы 
қағидалардың маңызы зор. Тілді зерттеудің құрылымдық парадигма
-
сында оның қолданылу саласына жете
көңіл бөлінген жоқ. Тілдік 
бірліктердің қызметі тілдің өз жүйесінің көлемінде ғана қарастырылып 
келді. Құрылымдық зерттеулерде тілдің жұмсалымдық аспектісі көп 
жағдайда назардан тыс қалады. Тіл білімінің қазіргі жай
-
күйі қарым
-
қатынастың түрлі жағдайындағы тілдік бірліктердің қызметін талдауға 
ерекше мән берілуімен сипатталады. Қарым
-
қатынастың түрлі жағда
-
йында тіл қалай қолданылады, қандай құралдар жұмсалады деген 
мәселені анықтау қазіргі қазақ тіл біліміндегі ең өзекті мәселелердің 
бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет