26
калық жүйеде көрініс беретіні анықталды. Десек те, олардың ішінде
негізінен
мимеоинтракинесемизмдер
мен
экстракинесемизмдер
арқылы ғана көрініс табады;
-
сондай
-
ақ, бұл құбылыстың қалған
қалдықтарын семантикалық жолмен жасалған толық мағыналы
эмоционалды сөздердің бойынан да байқауға болады. Біз қазіргі тілде
дыбыс пен форманың (мағынаның) байланысы толықтай сақталған
деуден аулақпыз. Бұл құбылыс арқылы тілдің пайда болуында дыбыс
пен формаға байланысты, уәждік сипатқа ие
болған деп шамалаймыз.
Бірақ қазіргі тілде олар еліктеуіш сөздерде 60
-
70 пайызға дейін
сақталса, толық мағыналы сөздерде 50 пайызға да жетпейді. Кейбір
сөздерде тек шарттылыққа құрылған, уәжсіз сипатқа ие» [22, 111].
Адам эмоциясының тілдегі көрінісін беретін құралдардың ішінде
фразеологизмдердің алатын орны ерекше. К.С. Сарышованың зерттеу
жұмысында жеке тұрып адамның эмоциясын сипаттайтын, эмоцияны
бейнелейтін фразеологизмдер зерттеу нысаны ретінде алынып, өз
алдына жеке семантикалық топ ретінде қарастырылады. Эмоционал
-
дылық мәселесі фразеологизмдерге қатысты бұған дейінгі жазылған
зерттеу жұмыстарында әр түрлі деңгейде айтылып жүргенімен бөлек
топтастырылып, жеке зерттелмеген болатын. Бұл зерттеу жұмысында
эмоцияны бейнелейтін фразеологизмдер қазақ тіл білімінде алғаш рет
кандидаттық диссертация деңгейінде, соңғы жылдары қалыптасқан
лингвистика ғылымындағы жаңа қолданыстар негізінде ғылыми
тұрғыда талданады.
Автор зерттеу жұмысында өзіне дейінгі жазылған еңбектердегі
ғалымдардың пікірлері мен тілдік фактілерге ден қоя отырып, фразео
-
логизмдердегі эмоциялық мағына үш түрлі негізге сүйенеді деп
түйіндейді. Бұлардың біріншісі жөнінде зерттеуші қазақ тілі фразео
-
логизмдерінің құрамындағы
Достарыңызбен бөлісу: