207
З. Ерназарова
қазақ тіліндегі сөйлемдердің коммуникативтік
-
прагматикалық функциясына тоқтала отырып: «Тілдің прагматикалық
аспектісі сөйлеу жағдаятының мүмкін болатын түрлерінің бәрін
қамтитындай тілдік құрылымдарды қалыптастырады. Онсыз тіл өзінің
негізгі қызметі –
қатысым құралы қызметін іске асыра алмас еді.
Прагматиканың жеке нысанына сөйлеушілердің әлеуметтік мәртебесі,
сөйлеу жағдаяттары, тілдің ұлттық ерекшелігі кіреді», –
деп жазады
[99, 145].
Басты назарда болатын нәрсе эмоцияны сипаттау үшін де, эмоция
-
ны білдіру үшін де тек эмоционалды лексиканың ғана қолданылуы
шарт емес. Жеке тұрғанда ешқандай эмоционалды реңкі жоқ тілдік
бірліктер контекс ішінде эмоциялық реңкке ие болуы мүмкін.
«Қартқожаның шешесі де бір түрлі момын, біртоға жан.
Күйбеңдеп шаруасын істеп, балаларының үсті
-
басын бүтіндеп, ана
-
ған да, мынаған да: «Қарағым, шырағым!» дегеннен басқа, бар дәмін
кісіге бергеннен басқа бөтен мінезі жоқ. Кей қатын аузы сүйреңдеп
өсек айтады; енді біреулер ауылды басына көтеріп, шаңқылдап
баласын, байын қарғап жатады. Ондайдың бірімен ісі болар ма екен?!
Қайта ондайды естігенде:
«Беу, осы байғұстың тілінің жаманы
-
ай!»
–
деп тыжырынып, жаратпайтын еді»
(Ж. Аймауытов,
Қартқожа).
Келтірілген үзіндідегі төл сөз ретінде берілген Қартқожаның
шешесінің жаратпаған ниетін білдіріп тұрған:
Достарыңызбен бөлісу: