«Беу, осы байғұстың тілінің жаманы - ай!» деген сөйлем арқылы берілген ой кейіпкер
эмоциясын білдірудің ұтымды құралы. Төл сөзді автор сөзімен байла
-
ныстыру үшін қолданылған
де етістігі өзінен кейін келетін автор
сөзімен синтаксистік қатынасқа түсіп, ой автор сөзі арқылы жалғасып,
«тыжырынып, жаратпайтын еді» тілдік бірліктері арқылы Қарт
-
қожаның шешесінің эмоциясын бейнелеу қызметін атқарып тұр.
Мұндағы кейіпкер сөзі эмоцияны білдірудің құралы болса, автор сөзі
эмоцияны бейнелеудің құралы.
Жарат етістігі ұнату, жақтыру мағыналарын береді
. «Ол бір жұмысшының қимылсыз тұрғанын жаратпайды (Қ. Нұрмаханов). Тергеуші капитан қарсы алдына оны отырғызып, жаратпған ниет - пен шұқшия қарады (М. Қосшығұлов). Ол көп сөйлеуді
жаратпайды (Қ. Қамбаров)» [112
, 681]. Қазақ тілінің он томды түсіндірме
сөздігінде жарату, жаратпау етістіктерінің мағынасын түсіндіру үшін
берілген сөйлемдердің біріншісі мен үшіншісінде бір кейіпкердің іс
-
әрекетіне, мінез
-
құлқына деген екінші кейіпкердің бағалауыштық
көзқарасы, ниеті, ішкі эмоциясы автор тарапынан баяндау түрінде
берілсе. Екінші сөйлемде
«қарсы алдында оны отырғызып, ж а р а
208
т п а ғ а н ниетпен шұқшия қарады» құрылымы арқылы
бейвербалды амалмен білдірілген тергеуші эмоциясы автор тарапынан
сипатталып тұр.
«Жұман қатынымен қатты ұрысқанда: «Қақ басқа салып