217
4.5 Эмоцияны білдіретін паралингвистикалық тәсілдердің
мәтіндегі көрінісі
Тіл білімінде коммуникативтік акт вербалды және бейвербалды
компоненттердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Коммуникация
-
ның бейвербалды амалдарын зерттеумен тіл білімінің паралингвистика
деп аталатын саласы айналысады. «Паралингвистика –
(грек.
para
–
маңы және лингвистика) –
1) әр алуан хабарды вербальды (сөзбен,
сөйлеу арқылы) тәсілмен қоса вербальды емес (тілден тысқары) амал
-
дармен жеткізетін тіл білімінің бір саласы; 2) сөйлеу коммуника
-
циясына қатысатын вербальды емес (сөйлеу тілінен тысқары) тәсіл
-
дердің жиынтығы»
[7
, 317]. Зерттеушілер паралингвистикалық тәсіл
-
дердің үш түрін атап көрсетеді. Олар: фонациялық, кинесикалық және
графикалық. Фонациялық тәсілге сөйлеген сөздің айтылу қарқыны
(темпі),
ашықтығы мен қаттылығы, үнділігі, үзіліс аралығындағы
естілетін үн (
е
-
е, ымм, ә
-
ә
т.б) жатады. Кинесикалық тәсілге сөйлеу
кезіндегі адамның тұрысы мен кейпі, жасаған түрлі ым
-
ишараты мен
бет қимылы, дене қозғалысы т.б. жатады. Графикалық тәсілге адамның
жазуы, сондай
-
ақ түрлі таңбалар (
%, ?, №,
) мен әріпті алмастыратын
белгілер жатады. Әр адамның сөйлеу мәнеріне сәйкес паралингвис
-
тикалық тәсілдің көрінісі де әр түрлі болады. Паралингвистикалық
тәсіл тіл арқылы жеткізілетін
мәліметке қосымша мағына, реңк
үстеумен қатар айтушының мінез
-
құлқы, білімі, жасы, әдеті, көңіл
-
күйі, тіпті кей кезде әлеуметтік жағдайы мен ұлты туралы да мәлімет
бере алады. Бейвербалды амал
-
тәсілдердің жалпы адамзатқа ортақ
тәсілдерімен қатар, әрбір ұлтқа тән
өзіндік ерекшелігі де болады.
«Осындай ерекшеліктеріне байланысты бейвербалды амалдар жалпы
-
лама маркерленген және этномаркерленген ым
-
ишаралар деп бөлінеді»
[122
, 15]. Мысалы,
басын шайқау, желкесін қасу, басынан сипау, қол
алысу
ым
-
ишаралары жалпыадамзаттық болып саналады. Ал
бетін
шымшу, көрісіп жоқтасу, бата беріп, бет сипау
қазақ халқына тән
ым
-
ишаралар болып есептеледі.
Паралингвистикалық тәсілдің жеке түрлері ХХ ғасырдың 30 жыл
-
дарынан бастап зерттеле бастады. Қазақ тілі мен әдебиеті теория
-
сының түрлі мәселелеріне қатысты жазылған зерттеу жұмыстарынан
паралингвистикалық тәсілдер туралы фрагментарлы түрде айтылған
ой
-
пікірлерді кездестіруге болады. М. Балақаевтың, Р. Сыздықованың,
Н. Уәлиевтің тіл мәдениетіне қатысты жазылған зерттеу жұмыс
-
тарында паралингвистикалық амалдар
сөйлеу мәдениетіне қатысты
сөз болады. А. Сейсенованың «Лингвистикалық мәдениеттану: этикет
формаларына салыстырмалы талдау» тақырыбындағы кандидаттық
диссертациясында (1998) орыс және қазақ тілдеріндегі сөйлеу
218
этикетіне қатысты бейвербалды амалдар –
лингвистикалық мәдениет
-
тану
нысаны ретінде қарастырылады. Зерттеуші: «Ым мен дене
қимылдары коммуникативтік мақсатқа жету кезінде әлеуметтік моти
-
вацияға ие. Бұл ерекшеліктеріне байланысты кинемаларды ұлттық
-
мәдени нышаны бар
құбылыстар деп анықтауға болады. Кез келген
лингвомәдени қауымдастық өзге социумдардан кинесикалық жүйе
-
сінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарына
байланысты сараланып
отырады», –
деп жазады [1
23, 91].
Қарым
-
қатынастың бейвербалды амал
-
тәсілдеріне байланысты
қазақ тілінде жазылған Б. Момынова мен С. Бейсембаеваның «Қазақ
тіліндегі ым мен ишараттың қазақша
-
орысша түсіндірме сөздігі»
болашақ паралингвистикалық бағыттағы зерттеу жұмыстары үшін
пайдалы материал бола алатын еңбек. Еңбек авторлары: «Сөйлеу тілі –
ақпарат берудің, ақпарат жеткізудің сан түрін, атап айтқанда, тілдік
және тілдік емес, тілден тыс өзге де каналдарын, олардың әрқайсысына
тән өзіндік ольфакторлық, тактильдік,
көзбен көруге болатын, құлақ
-
пен еститін, т.б. амалдары мен тәсілдерін іс жүзінде пайдалануға бола
-
тындығымен ерекшеленетін күрделі құбылыс», –
деп атап көрсетеді
[124
, 3]. Авторлар соңғы жылдары шетелдік ғалымдар жасаған
зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып адамдар арасындағы қарым
-
қатынастың 7 пайызы вербалды, 33 пайызы вокалды (интонация,
дауыс ырғағы, дауыс немесе дыбыс әуезділігі, екпіні мен қарқыны,
т.б.) және 55 пайызы бейвербалды амалдар арқылы жүзеге асатын
-
дығын жазады [1
24
, 4]. Ал А.П. Садохин «Теория и
практика
межкультурной коммуникации» атты еңбегінде: «Хотя язык является
самым эффективным и продуктивным инструментом человеческого
общения
,
все же это не единственное средство коммуникации
.
Установлено что с помощью языка люди передают не более 40
%
информации своим собеседникам. Остальная информация передается с
помощью несловесных средств, которые получили название невер
-
бальных» деп тіл арқылы ақпараттың 40 пайызы берілетіндігін, қалған
ақпаратты адамдар паралингвистикалық амалдар арқылы алатындығын
айтады
[125, 123].
Коммуникативтік акт кезінде белгілі бір мазмұны бар ақпаратты
тіл арқылы алмасу үдерісі іске асады. Қарым
-
қатынас барысында
тілдік
бірліктер
жалаң түрде емес, тілдік қарым
-
қатынастың өту
жағдайы мен орны, коммуниканттардың дене қалыптары мен қимыл
-
қозғалысы т.б. да компоненттердің қатар қызмет етуі арқылы да
қолданылады. Мысалы,
Жуантық келген тығыншықтай Ждақай анадайдан барысша
атылып, секіріп мінді арбаға. Көзі шырадай жанып, шашы тікірейіп
219
алыпты. Жұдырығы түюлі
(С. Елубаев).
Эмоция құбылысы лингвистикалық тұрғыдан қарастырылған кезде
аталған бейвербалды компоненттердің де қызметі мен маңызы еске
-
рілуі қажет. Тілдік қарым
-
қатынас кезінде мұндай бейвербалды амал
-
тәсілдер айтушы қолданып отырған тілдік бірліктерге
мағыналық реңк
берумен қатар, адамның түрлі көңіл
-
күй жағдайын, эмоциясын, ой
-
пікірін жеткізуде
тілдік құралдармен бірдей қызмет етеді. Жымию,
сүйісу, құшақтасу сияқты элементтер де адамдар арасындағы эмоция
-
лық жағдайларды және туыстық сезім мен жолдастық қарым
-
қатынасты көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: