Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет42/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

 
1
.5 Адам эмоциясы –
 
пәнаралық зерттеулер нысаны
 
Адам, оның ішкі дүниесі мен эмоциялық жағдайы шығыс филосо
-
фиясында ерте заманнан бері қарастырылып келеді. Зерттеу нысаны
эмоцияның лингвистикалық қыры болғандықтан олардың еңбектеріне 
қысқаша шолу жасалады. Біздің дәуірімізге дейінгі мыңдаған жылдар 
бұрын Мысыр мен Үндістанда, Қытайда т.б. елдерде ұлы ойшылдар 
адам баласының ақыл
-
ойы мен іс
-
әрекетінің, ішкі дүниесі мен мінез
-
құлқының құпия сырларын ашуға ұмтылған. Осы заманғы ғылыми 
білімнің алғашқы іргетасы сол замандарда
-
ақ қалана бастаған. Ертедегі 
Шығыс елдерінде адам тіршілігінің негізі –
қан айналысына ерекше 
мән берілді. Б.з.д. ХІІІ ғасырдағы Қытай медицинасы адам денесін 
басқарушы жүрек, ол адамның физиологиялық тіршілігімен бірге 
психикалық қызметтерін де реттеп, сөйлеу қабілетін оятады, ойын 
дамытады деген тұжырым жасады. Адамның ойын жүрегі билесе, 
сезімдік қызметтерін бауыр басқарады деп түсіндірілді. Ежелгі Үнді 
медицинасы да адамның психикалық әрекетінің негізгі органы –
жүрек, оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады деген 
тұжырым жасады.
Ерте дәуірдегі Қытай елінде кеңінен таралған 
философиялық
-
діни ой
-
пікір Конфуцийдің есімімен байланысты (б.з.д. 
551-
479 жж.). 
Ежелгі грек ойшылдары Гераклит (б.з.д. VI ғ.)
пен Демокрит (б.з.д. 
V ғ.) психиканы оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санап, 
психиканы адам тәнінің қызметі деген материалистік көзқарасты 
тудырды. Платон (б.з.д. 427
-
347 жж.) жан мәңгілік, ол өлмейді деген 
қорытынды жасады. Энциклопедист ғалым Аристотель (б.з.д. 384
-322 
жж.) психологиялық ой
-
пікірді биология, медицина салаларына 
бағыттады. 
VIII-
XII ғасырларда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық 
ой
-
пікірлер өркен жайып, ғылыми
-
зерттеулер жанданып жаңа сипатқа 
ие болды. Араб тілді Шығыс елдеріндегі мәдениет пен ғылымның орта 
ғасырларда Еуропа және басқа да елдерге кең тарауы жалпыадам
-
заттық мәдениеттің өркендеуіне үлкен әсер етті. VII ғасырда Халифат 
құрылып, араб тілі мемлекеттік тілге айналды. Ислам дінінің таралуы, 
Халифат астанасы Бағдат пен өзге қалалардың өркендеуі Халифатты 
дүниежүзілік мәдениеттің орталығына айналдырды. Платонның, 
Аристотельдің, Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды. Әл
-
Фараби адам жан дүниесінің қыр
-
сырын ашып көрсететін бірнеше 


54 
еңбек жазды. Ғалымның «Ізгі қала тұрғындары», «Азаматтық саясат», 
«Мемлекеттік қайраткерлердің өнегелі сөздері» т.б. шығармаларында 
адамның жан дүниесін психология, метафизика, әлеуметтану т.б. да 
ғылым жетістіктерін пайдалана отырып кеңінен талдайды. Ол өзінің 
«Екінші ұстаздың сөз (ақыл
-
ой) мағынасы туралы ой толғамдары» 
атты еңбегінде психикалық процестердің барлығына жуығын адамның 
белгілі мүшелерінің қатысуымен жасалатын материалдық құбылыс деп 
анықтап, адам жанының ақыл
-
ойға байланысты болатындығын атап 
көрсетеді. Әл
-
Фараби адам жанының шынайы болмысын ғылыми 
тұрғыда қарастырады. Орта ғасырда жан туралы ілімді одан әрі қарай 
дамытқан ойшылдардың бірі Ибн Сина (Авиценна) (965
-
1039 жж.) 
болды. Ибн Синаның «Медицина қағидасы» деп аталатын еңбегі бес 
жүз жыл бойы дүние жүзіне кеңінен таралып, медициналық мектеп
-
тердегі бірден
-
бір құрал болды. Ибн Сина пікірлерінің түйіні –
өткен 
замандағы беделді ғалымдардың пікірлерін дәріптей бермей, шығыс 
медицинасының табыстарына, тәжірибеге, одан шыққан қорытын
-
дыларға сүйену керек. Ибн Сина зерттеулерінде психиканың адам 
көңіл күйіне қатысты, оның сезімі мен эмоциясының және аффекттің 
табиғи негіздері қарастырылып, оларға қатысты тұжырымдар жасалды.
Адамның жан дүниесін тану туралы ғылым дамуында XVII ғасыр
-
дың алатын орны ерекше. Бұл кезеңде Еуропа елдерінің дамуында 
елеулі өзгерістер болып, адамның жаны мен тәні туралы жаңа ғылыми 
көзқарастар қалыптаса бастады. Адамның құмарлығы мен аффектіні, 
мінез құлқын, жақсы, жаман істерге бой ұруын, денесінің қуатын, 
жүйке жүйесінің қызметін анықтауға үлкен мән берілді. Ф. Бэкон 
(1561-
1626 жж.), Т. Гоббс (1588
-
1679 жж.),
Б. Спиноза (1632
-1677 
жж.), Г. Лейбниц (1646
-
1716 жж.), Дж. Локк (1632
-
1704 жж.) сияқты 
ғалымдардың тәжірибелік зерттеулерге сүйенген еңбектері жарық 
көрді. Физик И. Ньютон мен физиолог А. Галлердің жүргізген зерттеу
-
лері мен ашқан
жаңалықтарының негізінде XVIII ғасырда адамның 
жан дүниесін тануға байланысты ғылыми зерттеулерде айтарлықтай 
өрлеу болды. Жүйке жүйесі мен бұлшық ет қызметінің физиологиясы 
ағза тіршілігінің негізі туралы ілімді жетілдіруге әсер етіп, оның мәнін 
арттырды. Психофизикалық, психофизиологиялық зерттеулер жүргі
-
зілді.
Адамның жан
-
дүниесі туралы мәселелер батыста С. Къеркегор
-
дың,
З. Фрейдтің, М. Прустың, Ф. Кафканың, Х.Л. Борхерстің шығар
-
маларында әр қырынан ашылады. XIX
ғасырда ерте заманда үнді, грек 
ойшылдары қарастырған рефлекторлық теорияға негізделген ассоциа
-
циялық бұрынғы концепция жанданып, нығая түсті. Ассоциация
-
лардың жасалу барысы биология мен жүйке физиологиясын зерттеу 


55 
нәтижелерімен анықталады. Г. Гельмгольц ассоциацияның жасалуын 
сезім мүшелерінің қызметі деп санаса, Ч. Дарвин ассоциацияны 
эмоция арқылы түсіндірді.
В.Г. Белинский, А.И. Герцен,
Н.А. 
Добролюбов, Н.Г. Чернышевский адамның ішкі жан дүниесіне 
қатысты мәселелерді бірыңғай материалистік негізде, гуманистік 
жолмен зерттеді. Адам психикасының қыр
-
сырын табиғи тұрғыдан 
қарастырды. Адамның ішкі жан
-
дүниесі туралы ғылыми ой
-
пікірлер 
мен тұжырымдар физика мен химия, физиология мен биология, 
рефлекс туралы ілім мен сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен 
психофизикасы туралы зерттеулердің нәтижесінде қалыптасты.
Адамның жан дүниесі жөніндегі пайымдаулар мен ой
-
пікірлер 
қазақ билерінің шешендік сөздері мен ақын
-
жыраулардың өлең
-
толғауларында, халық нақылдарында, ойшылдар мен ағартушы
-
демократтардың туындыларында айтарлықтай көрініс береді. Мәселен, 
Ш. Уәлиханов шығармаларында халықтың рухы оның таным
-
наным 
түсініктерімен тығыз ұштастырылады. Ы. Алтынсарин еңбектері 
этникалық және балалар психологиясының қыр
-
сырына толы деуге 
болады. Абай туындыларында қазақ халқының жан дүниесіне тән 
қарапайым сезімдерден бастап кемеңгерлік ақыл
-
ой шыңына дейінгі 
мәселелер егжей
-
тегжейлі талданады. С. Торайғыров жан мен тән 
үнемі бірлікте, байланыста болады, адамның тәнімен бірге оның жаны 
да ақыл
-
ойы да жетіліп отырады, олардың негізі –
тәнде, адам өлген
-
нен кейін онда қимыл да, сезім де, жек көру мен махаббат та, өмір де 
жоқ деген қорытынды жасайды. Ж. Аймауытовтың «Психология» 
оқулығы мен «Жан жүйесі және өнер таңдау» деген туындысы –
психология пәні бойынша қазақ тілінде жазылған алғашқы еңбек. 
1920-
1930 жылдары А. Байтұрсынов,
М. Жұмабаев, М. Дулатовтардың 
оқу
-
ағарту, тәрбие мәселелерімен ұштастыра қарастырылған ұлттық 
сипаттағы психологиялық ой
-
пікірлерге толы терең мазмұнды еңбек
-
тері жарық көрді. Адамның жан дүниесі С. Балаубаев, Т. Тәжібаев, М. 
Мұқанов, А. Темірбеков, Ә. Ситдықов, Е. Суфиев, Ә. Алдамұратов, Қ. 
Жарықбаев, Н. Итбаев сынды психолог мамандардың еңбектерінде 
қарастырылады.
Адам мәселесі қазіргі кезеңде көптеген ғылымдардың зерттеу 
аясында қарастырылып, пәнаралық зерттеулердің негізі мен зерттеу 
пәнін құрап отыр. Соңғы жылдары тіл біліміндегі антропологиялық 
парадигмаға көшу үрдісі «адам
-
тіл
-
мәдениет», «адам
-
тіл
-
ойлау» негі
-
зіндегі зерттеулердің пәнаралық байланысын күшейтіп отыр. Кейбір 
тілдік бірліктер мен тілдік құбылыстарды зерттеу тек лингвистиканың 
аясында ғана шектеліп қалмай, мәселені басқа да ғылым салаларының 
жетістіктерін, зерттеу әдістерін пайдалана отырып қарастыруды талап 


56 
етеді. Н.В.
Кириченко
: «
В рамках лингвистики эмоциональность 
традиционно рассматривалась как некое периферическое явление, и до 
настоящего времени лингвистика не располагает достаточным коли
-
чеством фундаментальных исследований эмоциональности. В ряду 
причин можно учитывать тот факт, что лингвистика основывалась на 
исследовании письменного текста, и анализу подвергалась только 
эмоционально окрашенная лексика. Объединение сегодняшних наук 
способствует тому, что лингвистика пользуется данными исследования 
эмоциональности, полученными в смежных областях (в психологии и 
нейролингвистике)
», 

деп жазады 
[35, 11]. 
Сондай мәселенің бірі –
зерттеу нысаны ретінде алынып отырған 
адам эмоциясының тілдегі бейнесі. Эмоционалдылық –
адамның жан
-
дүниесімен, іс
-
әрекетімен тікелей байланысты құбылыс. Адам эмоция
-
сы тек тіл білімінің ғана емес, бірқатар жаратылыстану және гумани
-
тарлық ғылымдардың да, атап айтқанда, әдебиеттану, философия, 
психология, педагогика, физиология, медицина, биохимия, әлеумет
-
тану, этика ғылымдарының да зерттеу нысаны.
Соңғы жылдары тіл білімі мен басқа ғылымдардың тоғысуы 
нәтижесінде лингвистиканың жаңа салалары дүниеге келді. Тіл білімі 
мен әдебиеттану ғылымының тоғысуынан стилистика, тіл білімі мен 
әлеуметтану ғылымының тоғысуынан
әлеуметтік тіл білімі, тіл білімі 
мен психология ғылымының тоғысуынан 
психолингвистика, тіл білімі 
мен мәдениеттану ғылымының тоғысуынан
лингвомәдениет
-
тану, тіл 
білімі мен этнографияның тоғысуынан
этнолингвистика ғылымы 
пайда болды.
Сондай
-
ақ, нейролингвистика, паралингвистика, лингво
-
семиотика тағы басқалары соңғы жылдардағы пәнаралық зерттеулер 
нәтижесінде пайда болған жаңа ғылым салалары.
 
Эмоционалдық процестер объективті шындықтың бейнелену, 
танылу және бағалану формаларының бірі екендігі философия, психо
-
логия ғылымдарында қарастырылып келеді. Эмоционалдық құбылыс
-
тар лингвистикалық тұрғыда аталған ғылымдармен салыстырғанда 
кеш зерттеле бастады. Эмоционалдық процестердің философиялық, 
психологиялық тұрғыда белгілі бір деңгейде зерттелгендігіне қарамас
-
тан әлі күнге дейін эмоцияның біртұтас психологиялық теориясын 
жасау мәселесі шешілмеген. Сондықтан лингвистер үшін эмоцияның 
тіл арқылы бейнелену мәселесін шешу едәуір қиындық тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет