59
сипаттағанда:
«Онда ми жоқ», «Мисыз»
деп айтпайды,
«Онда жүрек
жоқ», «Тас жүрек»
тіркестерін қолданады. Қазақ тілінде
«Жүректен
шыққан сөз», «Жүректен шықпаса, жүрекке жетпейді»
түріндегі
қолданыстар бар, бірақ
«Мидан шыққан сөз», «Мидан шықпаса, миға
жетпейді»
деген қолданыстар жоқ. Бұл қолданыстар қазақ халқының
адамның психофизикалық ерекшеліктері туралы түсінігінің, білімінің
терең екендігін көрсетеді.
Тіл –
рухани күш десек, адам кез келген құбылысты қабылдап,
оған баға беріп өз көзқарасы мен ойын, тілегі мен ниетін тіл арқылы
білдіре алады. Тіл адамнан, қоршаған орта мен болмыстан тыс болуы
мүмкін емес. Адам көңіліне байланысты дүниетанымның ерекше бір
көрінісін тілдегі Алла атымен байланысты қолданылатын, қалыптасқан
тілдік бірліктерден де көруге болады. Қазақ халқының неше ғасыр
бойы ұстанып келе жатқан діні ислам болса, сенетін, сүйенетін, жалба
-
рынатын жалғызы ол –
Алла. Адам басынан өтетін түрлі эмоциялық
жағдайда, қайғыда да, қуанышта да, қысылғанда да, ренжігенде де
аузына Алла түседі. Аллаға сыйынады, Алладан көмек сұрайды,
Аллаға ризашылық білдіреді. Қазақ тіліндегі
Достарыңызбен бөлісу: