Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет46/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

Құдай үлкен

Құдай 
жалғыз,
тіркестері неше ғасыр бұрын қалыптасса да, күні бүгінге 
дейін қолданыста, себебі адам көңілінің түбіндегі құдайға деген 
сенімін еш жоғалтқан жоқ. Біреуге шын көңілден рахмет
айту, риза
-
шылық білдіру, алғыс айту кезінде жиі қолданылатын сөздердің 
бірқатары Алла атымен тікелей байланысты. Мысалы, риза болғанда 
жиі айтылатын 
Құдай тілеуіңді берсін!
 
алғысы. 
Имансыз, дінсіз, 
құдайсыз
тілдік бірліктері жағымсыз эмоцияны білдіретін ең ауыр 
сөздер болып табылады.
Көңіл, көңіл
-
күй мәселелері таза лингвистикалық зерттеулермен 
шектеліп қалмауы тиіс, олардың табиғаты философия, психология 
ғылымдарының қағидаларын қатар алып жүргенде ғана ашылады. 
Өкінішке орай, кеңес дәуірі тұсында ұлттық философияны, ұлттық 
психологияны
зерттеуге, зерделеуге толық мүмкіндік болмады. 
Философия пәні бойынша өткізілетін сабақтар мен жүргізілетін 
зерттеу жұмыстарында негізінен қоғам заңдылықтары, болмыс мәсе
-
лелері айтылатындықтан қалың көпшілік үшін
«философия –
түсінік
-
сіз, күрделі нәрсе немесе бос сөз», –
деген ұғым қалыптасқан. Сондық
-
тан қарапайым адам философия менің проблемаларымды шешуге 
көмектеседі деп тіпті де ойламайды. Оның үстіне адам табиғатына тән 
нәрсе күнделікті тұрмыс илеуінде жүрген кезде әркім өзінің көңілі 
туралы ойламайды да. Бар уақытын тұрмыстық, экономикалық, әлеу
-
меттік мәселелерін шешуге жұмсайды. Өзінің тек дене мүшелерінен 
ғана тұрмайтынын, ішкі жан
-
дүниесінің бар екендігін қатты қиналған 


60 
кезде ғана есіне алады. «Осылай болмас үшін не істеу керек? Адам өз 
көңілін билей ала ма?» деген сұрақтар туындайды. Адам күнделікті 
өзін
-
өзі бақылап, өзінің ішкі жан
-
дүниесіне үңілуге тырысып, көңілге 
жайлылық беретін білімдер жүйесін игерсе, өз ұлтының философия
-
лық ой
-
пікірлеріне терең үңілсе өз көңілін билеуге, таза ұстауға
болады. Көңіл тазалығы –
адам өмірінің бағытын анықтап, ниет, пейіл 
және ой тазалығы мен адам бойындағы қызғаншақтық, ашушаңдық, 
көре алмаушылық, кекшілдік сияқты нашар сезімдерді тежеп, 
төзімділік және түсінік сияқты қасиеттерді қалыптастыратын рухани 
күш. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет