Қазақ тіліндегі эмоционалды


«Ол ашулы күйде үйден шығып



Pdf көрінісі
бет49/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

«Ол ашулы күйде үйден шығып 
кетті»
десек, бұл жерде 
ашулы күй 
деп
 
ол адамның эмоциясы туралы 
айтылып тұр. 
«Өсекші, улы тілді әйел оның жек көрініш сезімін 
тудырды»
деген сөйлемдегі 
жек көрініш сезімі 
қолданысы әйелдің 
қылығына байланысты туған жағымсыз эмоцияны білдіріп тұр. Адам 
эмоциясы туралы айтылғанда 
сезім
сөзі қолданылғанымен ол сөздің 
эмоцияның барлық түріне қатысты қолданыла бермейтіндігін де 
байқауға болады. Мәселен, тілімізде
 
жылау, кею, сасқалақтау
т.б. да 
эмоцияларға қатысты 
жылау сезімі, кею сезімі, сасқалақтау сезімі
деген қолданыстар жоқ. 
Патриоттық сезім, адамгершілік сезім, дос
-
тық сезім 
т.б. да тілдік бірліктер сезімнің эмоцияға қарағанда кең 
ұғым екендігін де көрсетеді. Адам эмоциясы негізінен сезім арқылы 
туады, бірақ, керісінше, жиі қайталанатын жағымды эмоциялардың 
әсерінен жақсы көру, махаббат сезімдерінің, ал жиі қайталанатын 
жағымсыз эмоциялардың әсерінен жек көрініш, өшпенділік сезімдері
-
нің пайда болатындығын да жоққа шығаруға болмайды. Яғни, эмоция 
сезім арқылы туады деген тұжырымның бар екендігіне қарамастан, 
сезімнің эмоция арқылы туатын жағдайлары бар екен. Эмоцияның 
сезімге қарағанда қысқа мерзімді психикалық процесс екендігі белгілі. 
Бұған кейбір эмоциялардың көп жағдайда жалт етіп көрініп, ұзақ 
уақытқа созылмай жойылатындығы да дәлел бола алады. Бірақ бұл 
құбылыс эмоцияның барлық түрлеріне тән емес, эмоцияның барлығы 
қысқа мерзімді деген тұжырым жасауға болмайды. Мәселен, адам 
ұзақ уақыт бойы бір нәрсеге мазасызданып жүруі, ұзақ уақыт ішін 
жегідей жеген қайғыдан арыла алмай жүруі мүмкін. Ұзаққа созылған 
жағымсыз эмоция, мәселен, қатты уайымдау, қайғыру, қорлану т.б. 
адамның жүйкесін де, дене күшін де титықтатып, психологияда стресс 
деп аталатын жағдайды тудыруы мүмкін. Бұл айтылғандардан сезім 
мен эмоцияның өзіндік ерекшеліктері болғанымен кейбір тұстарда ара
-
жігі ашылмай, бір
-
біріне ұласып кететін, лингвистикалық тұрғыдан 
алғанда бірінің орнына бірі синоним ретінде жұмсалатын жағдайлары 
да бар деген тұжырым жасауға болады.
Қайғы, мұң, қуаныш, сүю т.б. –
адам баласы жаратылғалы бері 
оның жан
-
дүниесінде бар сезімдер. Ал осы сезімдік процестердің 
жанды көрінісі –
эмоция, демек тілде сезім бар. Сезім мен эмоцияны 
тіл арқылы белгілеу, бейнелеу процесі тым күрделі. Аталған мәселені 
жан
-
жақты, әлі де терең зерттей түсу − болашақтың еншісіндегі іс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет