Целиакия (глютенді ауру, глютенді энтеропатия, тропикалық емес спру, Ги–Гертер–Гейбнер ауруы) – глютенді көтере алмаушылық себебінен, жіңішке ішектің шырышты қабатының атрофиясымен, айқын мальабсорбция синдромымен көрінетін созылмалы генетико-детерминатты ауру [2,3].
Жіктемесі
Клиникалық жіктелуі: Целиакия жіктелуі, балалар гастроэнтерологтары XI съезінде қабылданған (Мәскеу, 2004) [2,16, 19]:
Түрлері: • типті;
• атипиялыі (аз симптомды);
• жасырын (латентті).
Кезеңдері: • белсенді (клиникалық манифестация);
• ремиссиялар;
Негізгі диагностикалық шаралар
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер: [16]: • бағалау кестесі бойынша қауіп-қатер тобындағы балаларды таңдау;
• қарау (антропометрия, іш айналымы, 10 жастан асқан балаларда жыныстық жетілуін бағалау);
• ЖҚТ;
• қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, глюкоза, сарысулық темір, калий, натрий, кальций, фосфор);
• нәжісті зерттеу (копрограмма);
• иммунохроматографиялық әдіс арқылы капиллярлық қанды целиакияға зерттейтін экспресс-диагностика [13].
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер: • нәжісті дисбактериозға бактериологиялық зерттеу;
• іш қуысы ағзаларының УДЗ.
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерудің минимальды тізімі: • ЖҚТ;
• патогенді және шартты-патогенді микрофлораға бактериологиялық зерттеу;
• перианальды қырындыны зерттеу.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер (шұғыл госпитальдау кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген диагностикалық зерттеулер жүргізіледі):
• ЖҚТ;
• ЖЗТ;
• ИФТ әдісімен қан сарысуындағы Ig A (жалпы) анықтау;
• ИФТ әдісімен қан сарысуындағы Ig A (жалпы) целиакияға анықтау;
• ИФТ әдісімен қан сарысуындағы Ig G (жалпы) целиакияға анықтау;
• ЖІШҚ ФЭГДС биоптат алумен ( 3 фрагменттен кем емес);
• Электронды микроскопия әдісімен гистологиялық материалды зерттеу.