Асқорыту бұзылысын түзету:
• ферментті препараттар: жоғары белсенді микрокапсулданған панкреатикалық ферменттер 1000– 2000 ХБ /кг/тәу в 3– 4 тамақтану кезінде қабылдау.
Дисбиотикалық бұзылысты түзету:
• пробиотиктер, құрамында
–лактобактерия (L.acidophilus, L. rhamnosus, L. bulgaricus, L. Reuteri, L.casei), Bifidobacterium spp 2-4 апта;
–патогенді емес ашытқылар Saccharomyces boulardii: 1- 3 жас 1 капсула 2 рет/тәулігіне, 3 жас 1– 2 капсуладан 2 рет/тәулігіне 5–7 күн;
• пребиотик, құрамында ішек микрофлорасының сулы субстраты бар: 2 жасқа дейін 15– 30 тамшы, 2-12 жас 20–40 тамшы. Жағдайы жақсарса мөлшерді 2 есе төмендету, курс ұзақтығы 2-4 апта.
Микроэлемент тапшылығын түзету:
Кальций препараттары:
• 10% кальций глюконаты ерітіндісі т/і (құрысу дайындығында, остеопороз) 6 айға дейін 0,1-1 мл, 6-12 ай 1-1,5 мл, 1-3 жас 1,5-2 мл, 4-6жас 2-2, 5 мл, 7 – 14 жас 1 рет тәулігіне 3 – 5 мл .
• Кальцийдің құрамдастырылған препараттары
Магний препараттары:
• 25% магний сульфаты ерітіндісі т/і 0,5 мл/кг (гипомагниемия фонындағы тырыспа);
• пиридоксинмен магний препараттары пероральды: 1 жас 1–4 ампула ерітінді/тәулігіне 3 рет, 6 жас таблетка 10–30 мг/кг/тәулігіне 3рет.
Темір препараты:
• темір гидроксид кешенді (III) полиизомальтоза пероральды, парентеральды 3–4 мг темір/кг/тәулігіне.
Гиповитаминозды түзету:
• аскорбин қышқылы 5% ерітінді парентеральды 14 жас 1– 2 мл/тәулігіне;
• пиридоксин (В1) парентеральды 0,02 г/тәулігіне ;
• тиамин (В6) парентеральды 12,5 мг /тәулігіне;
• цианокобаламин (В12) парентеральды;
• Д3 дәруменінің сулы ерітіндісі рахиттің ауырлығына байланысты (2000-4000 ХБ) қандағы және несептегі кальций, фосфор,сілітілі фосфатазаны бақылай отырып беру. Курс 4–6 апта, сосын профилактикалық мөлшерге көшу;
• Е дәрумені 0,005– 0.01 г 1 рет тәулігіне 1– 3 апта;
• дәруменді – жасына байланысты минеральді кешенді мөлшерде.
Достарыңызбен бөлісу: |