Аурудың жіт іағымындағы диета терапиясы [2, 5, 16]: • алғашқы 2–3 күн 2 жасқа дейін қоспа түрінде қабылданатын астың 1/3–1/2 бөлігін (ОТТ негізінде); 4-күні күріштен ботқа, екі рет тартылған сиыр етінен фарш, қайнатылған алма сусыны қосылады; Сүт және сөт өнімдерінен жасалған асты қабылдауға болмайды;
• АГД №1 (ақуыз мөлшері қалыпты, майды 15%-ке, көмірсуды 25%-ке азайту) аурудың 10-14-күндері тағайындалады. Ас езілген түрде беріледі, көкөніс, қант, жеміс, шырын, сүт қолданылмайды. Ұзақтығы – 1 апта;
• АГД №2 мәзірге сүзбе, айран, ет, жұмыртқа қосу есебінен ақуыз 10-15% көбееді. Сүт 6 айға дейін шектелген. Құрамында лактозасы жоқ не аз, казеин гидролизаты немесе сарысулық ақуызы бар қоспалар беріледі. Ұзақтығы 2-6 ай;
• АГД №3 ақуыз көлемі клиникалық қалпына келтіру болғанда, 15-25% көбейген, көмірсу мен май қалыпты мөлшерде тағайындалады. Ас ұсақталмайды және көкөністер, шырын, сүт өнімдері қосылады.
Дәрі-дәрмекті терапия. Құрамында бидай ұны бар дәрілерді қабылдауға болмайды.
Гипопротеинемияны түзету: • онкотикалық қысымды сақтау үшін плазмоза алмастырғыш препараттар:
10% альбумин ерітіндісі 10 мл/кг артық емес;
• парентеральды тамақтануға арналған: аминқышқылды ерітінділер 2-5 жастағы балаларға 15 мл/кг/тәулігіне, 6-14 жас–10 мл/кг/тәулігіне;
• метаболизмді жақсартатын, қандағы ақуызды қалпына келтіретін препараттар: калий оротаты таблеткалары 10-20 мг/тәулігіне 3 рет 3-5 апта; левокарнитин ерітіндісі 1-3 жас – 75 мг, 3-6 жас– 100 мг, 6-12 жас – 200-300 мг тәулігіне 2-3 рет 1 ай бойы;
• анаболикалық стероидты препараттар (көрсетімдер бойынша): нандролон деканоаты 0,4 мг/кг әр 4 апта сайын.