Қазақ тіліндегі эмоционалды


 Адам эмоциясы және әлеуметтану ғылымы



Pdf көрінісі
бет56/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

1.5.5 Адам эмоциясы және әлеуметтану ғылымы 
 
Эмоцияны зерттеу нысаны ретінде қарастыратын ғылымның бірі –
әлеуметтану. Әлеуметтану адамдағы әлеуметтік
-
типтік ерекшеліктерді 
айқындайды. Әлеуметтану өзінің назарын «адам
-
қоғам» мәселесіне 
аударады. Оның негізгі нысаны адамдағы қоғам емес, керісінше қоғам
-
дағы адам, оның қоғамда алатын орны
мен атқаратын қызметі болып 
табылады.
Яғни әлеуметтану адамның тұлға ретіндегі әлеуметтік 
сапаларын ғана емес, оның қоғаммен институционалдық тұрғыдан 
байланысын зерттеуге басты назар аударады. Адам қоғамға әлеуметтік 
жіктер мен топтар арқылы ене отырып, әлеуметтік жүйелердің 
элементі ретінде күрделі жүйені және құрылымды бейнелейді. Қоғам 
мен тұлғаның дамуы –
өзара байланысты процесс. Қоғамның даму 


72 
деңгейі өскен сайын тұлғаның да қажеттіліктерінің табиғаты өзгеріп, 
эгоистік сипаттан жалпыадамзаттық, гуманистік үлгілерге ұмтылады. 
Бұл –
адамзат қоғамының өркениеттілікке қадам басуының негізгі 
көрінісі. Қоғамдағы өзгерістердің сипаты қандай? Ол адамдардың 
қалыптасуына, олардың қажеттіліктерінің өтелуіне, алға қойған 
мақсаттарының орындалуына, мінез
-
құлықтарына, психологиясына 
қалай әсер етіп жатыр? Осы және осы тектес сұрақтардың барлығына 
әлеуметтану жауап береді. Әлеуметтану ғылымы адам эмоциясын 
қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістермен байланысты қарастырады, 
адам және оның тағдыры, қазіргі түсініксіз және
қиын әлемге реакция 
жасауға байланысты туындайтын көптеген мәселелерді қамтиды. 
Мәселен, К. Ясперстің пікірінше, адамның өмір сүруінің екі түрлі 
тәсілі бар: «Бірінші тәсіл –
«әлемде өмір сүру» немесе тобырдағы өмір, 
жалпы деңгейде қабылданған құндылықтар мен стандарттарды басшы
-
лыққа алып, көпшілікке ортақ модамен жүру. Мұндай өмір сүру 
тәсілінен адам күшті эмоционалдық күйзеліс күйіне түспейінше шыға 
алмайды. Осыған байланысты К. Ясперс шекаралық ситуациялар 
ілімін ұсынады. Шекаралық ситуациялар –
бұл адамның өте күшті 
эмоционалдық күйзелісті бастан кешіруі арқылы тобырдағы өмірден 
шығуға әрекет жасауы. Тобырдан тыс өмір сүру адам табиғатының 
мүмкін болар тәсілі. Бірінші шекаралық ситуация –
бұл тұлғаның өз 
өмірінде кездейсоқтықтың рөлін сезінуі және өз өмірінің өзіне тиесілі 
емес екендігін байқауы. Екіншісі –
бұл өмір үшін күресте басқаларды 
шынтақпен итеру қажеттілігіне байланысты күйзеліс. Оларға жанын 
айқара ашудың орнына осындай қылық көрсеткеніне қынжылу. 
Тобырдың ішінде барлығы сияқты өмір сүру мен тобырдан тыс өмір 
сүріп, басқаларды шынтақпен итеру –
бұл халықтың көпшілігінің өмір 
сүру тәсілі» 
[46, 31]. 
Әлеуметтану ғылымында қарастырылатын мәселенің бірі –
мінез. 
Себебі мінездің жекелеген қасиеттері адамзаттың сыртқы ортамен 
және өзге адамдармен қарым
-
қатынасынан байқалады. Адамның 
азаматтық қарым
-
қатынастары қоғамдық қатынастар негізінде қалып
-
тасады. Адамның өз материалдық мұқтаждықтарын қамтамасыз етуі 
немесе қамтамасыз ете алмауы, жақсы қызметі немесе жұмыссыздығы, 
болашаққа деген сенімі немесе сенімсіздігі, әлеуметтік тұрғыда 
жағдайының жасалуы немесе әлеуметтік теңсіздік –
мұның бәрі адам 
мінезінде терең із қалдырады. «Мінез –
әрбір адамның жеке басына 
тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктер жиынтығы» 
[25, 102]. «Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеу
-
меттік ортамен (мектеп, балалар мекемелері, оқу, өндіріс ұжымы, 
қоғамдық ұйымдар т.б.) тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің 


73 
дамуы үшін шешуші рөл атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет 
емес, ол өмірде қалыптасады» [31,
304].
 
Мінездің өзіндік ерекшелік
-
тері отбасында қалыптасады. Отбасы –
өте ертеден келе жатқан әлеу
-
меттік институт. Отбасының өмірі материалдық және рухани процес
-
термен сипатталады. Отбасының түрі және қызметтері тұтасымен 
қоғамдық қатынастарға және қоғамның мәдени деңгейіне байланысты 
болады. Отбасында жиі болатын ұрыс
-
керіс, дау
-
дамай балалардың 
мінез
-
құлықтарының қалыптасуына кері әсер етеді. Кейбір отбасының 
үлкен адамдары барлық жауапкешілікті өз мойындарына алып, үй 
шаруасындағы міндеттердің барлығын өздері орындап, балаларды 
тәрбиелеумен емес, оларға қызметші болумен айналысады.
Мұндай 
отбасында ерке, қоғамға бейімделе алмайтын, инфантильді, эгоист, тек 
қана өзіне көңіл бөлуді талап ететін балалар қалыптасады. Тәрбие 
процесі бала бақшаның, мектептің
міндеті, ата
-
ананың міндеті ақша 
табу деп есептейтін отбасыларда бала мен ата
-
ана арасында байланыс, 
жылы сезім болмайды. Ондай отбасында тәрбиеленген балалар адам
-
дармен араласу, диалогтық байланыс жасау дағдыларынан тыс қалып, 
әлеуметтік байланыстарда көп қиыншылықтарға ұшырайды.
Адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып 
саналатын этностың, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік 
жағдайының тұтастығы арқылы ұлттық мінез қалыптасады. Әрбір 
халық пен ұлттың, этностың өзіндік мінез құлықтарының еркшеліктері 
болатындығы тарихи шындық. Ы. Алтынсарин өз еңбектерінде қазақ 
халқының мінез
-
құлқына тән бірқатар сипат, қасиеттерді көрсеткен. 
Мәселен, қарапайымдылық, кішіпейілділік, ашық
-
жарқын көңіл мен 
кеңпейілділік, қонақжайлық және балажандық т.б.
«Қазіргі уақытта адамның жаңа нарықтық инновациялық және 
рационалдық құндылықтарға бағдар алуы Қазақстанда тұлғаның жаңа 
үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақ халқының ұлттық 
мәдениетінің толеранттылық, эмоционалдық ашықтық, конақжайлық, 
үлкен кісілерді сыйлау, оларға қол ұшын беру сияқты құндылықтары –
тұлғаның социологиялық үлгісін қалыптастырудың алғы шарттары 
бола алады» [43, 149].
Адамзатты қоршаған дүниенің, құбылыстың бәрі халық тілінен 
көрініс табады. Бұл тілдің танымдық сипатын, білім берудің құралы 
қызметін атқаратындығын ғана көрсетпейді, тіл өз бойына философия
-
лық, физиологиялық, психологиялық т.б. ғылым нәтижелерін де
жинақтайтын қор екендігін көрсетеді. Адам эмоциясына қатысты 
ғылыми көзқарастар, түрлі болжамдар мен түйіндер тілдің басқа ғы
-
лым салаларымен де шектес, шекаралас екендігін дәлелдейді. Эмоция
-
ға қатысты лингвистикалық зерттеу жұмысындағы семантикалық, 


74 
типологиялық, когнитивтік мәселелердің бірқатарының аталған 
құбылысты өзге ғылымдармен байланыстыра қарастырған кезде ғана 
дұрыс шешімін табатындығына көз жеткізуге болады. Адамға тән 
жақсы көру, жек көру, жеру, жирену, күйіну, сүйсіну т.б. да сезім, 
көңіл
-
күйлеріне қатысты тілдік бірліктерге лингвистикалық талдау 
жасағанда оларға тек тілдік тұрғыдан ғана емес, философиялық, 
психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, физиологиялық тұрғыдан 
да келу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет