1.5.4 Адам эмоциясы және педагогика ғылымы
Адам эмоциясына, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер
эмоциясына
ғылыми тұрғыда қарап, басты назар аударатын ғылым
салаларының бірі –
педагогика. Адам эмоциясының типтік ерекшелік
-
тері, эмоцияның адамның жасы және жынысына байланысты өзіндік
көріністері т.б. мәселелерді терең зерттеудің тәрбие саласы үшін
маңызы зор. Дидактиканың өзі мұғалімнің сабақты жылы жүзбен,
69
мейіріммен бастауын міндеттейді. Студент үшін де, мектеп оқушысы
үшін де оқытушы тарапынан өзіне деген жылылықты, жағымды
эмоцияны сезінудің маңызы зор. Оқытушының жылы сөзі оқушының
өзіне деген сенімін арттыратыны, оқуға деген құлшынысын оятатыны
белгілі. Абай өзінің 33 қара сөзінде алдына мақсат қоятын талапты
адам мен талапсыз, ынжық, жігерсіз адамды мысалға ала отырып,
алдына мақсат қоятын адам да, жігерсіз адам да өз ісін басқалардың
бағалағанын, мақтағанын қалайтынын айтады. Адам табиғаты мақтау
-
ды, мадақтауды сүйеді. Бұл жөнінде
Қ. Жарықбаев былай деп жазады:
«Шәкірт тәрбиесінде кісінің қол жеткен табыстарын уақытында көре
біліп, оны ретімен мадақтап отырудың да маңызы зор. Мұның ең
қарапайым түрі –
мақұлдау. Егер шәкірттің іс
-
әрекеті әркез мақұл
-
данып отырса, ол еңбек етуге онан сайын ынталана түседі. Мәселен,
«бәрекелді», «дұрыс», «жақсы», «тамаша», «мынауыңнан нәтиже
шығады» т.б. осы секілді сөздер оның жігеріне жігер қосып, үлкен
демеу болады. Оқушының әрбір ісіне әділ баға беріп отыру ұстаздың
беделін онан сайын арттыра түседі. Шәкірттерді айқай
-
ұйқаймен
басқарғысы келетін мұғалімдер көп сөйлейді, кісіні ығыр қылатын
сөзді шәкірт жарапайды, ол «ұстазының» қай сөзін тыңдарын білмей,
басы қатады» [31,
356]
Өткен ғасырдың сексенінші жылдары «дәрігерлік емес психо
-
терапия» деген ұғым төңірегінде
түрлі пікірлер пайда болды. Бұл
ұғымның мәні –
психологиялық қиындықтардан шығуға көмектесу.
В.Н. Мясищев «Личность и неврозы» атты еңбегінде бірінші болып
оқытудың психотерапиялық қызметі жайлы мәселе көтеріп, адамды
жылы сөзбен де емдеуге болатындығы жайлы ғылыми пікірлер айтты.
Оқыту процесінде адам эмоциясына басты назар аударудың қажеттігін
ғылыми еңбектерінің негізі ретінде ұстанатын
Н.В. Жутикова «Учи
-
телью
о практике психологической помощи» атты еңбегінде: «Адам
-
ның әрбір әрекеті мен әр сөзі не жақсылыққа, не жамандыққа әкеледі,
әрекетсіздік пен іссіздік те өзінің ықпалын тигізбей қоймайды» ,–
деп
жазады [42, 123]. Педагогтық психотерапияның мақсаты –
оқушының,
студенттің стресс жағдайына түспеуін қадағалау.
Г.О. Әбдікерова жақсы, жағымды эмоцияның тұлғаның қалып
-
тасуына әсеріне: «Тұлғаны оқыту және тәрбиелеу процесінде іскерлік,
рөлдік ойындар, имитиациялық жаттығулар, ойындық жобалау сияқты
альтернативті варианттарды біліктілікпен таңдау арқылы индивидтің
міндеттерді шешу қабілетін қалыптастыратын ойындық технология
-
ларды қолдануға болады. Ойынға барлық уақытта жақсы көңіл
-
күй
мен күлкінің қатарласа жүруі дискомфорттық, стрестік ситуацияларды
жеңуге көмектесіп, тұлғаның өзін сезінуін жақсартады. Бұл өмірдегі
70
қиындықтарды жеңудің өзіндік профилактикасы болып табылады», –
деген баға береді [43, 20].
Қ. Жарықбаев «Жантану негіздері» атты еңбегінде мектеп оқушы
-
ларының эмоциялары мен сезімдерінің қалыптасуы және дамуы
туралы: «Төменгі сынып оқушылары (әсіресе бірінші, екінші сынып
-
тағылар) аса сезімтал, эмоциялы келеді, сабақ үстінде бірқалыпты
отыра алмайды. Өйткені өзіне ие бола алмай, сезімнің жетегіне еріп
кетеді. Мәселен, бірінші сынып оқушыларының арасынан
сабақ
үстінде қатты дауыспен күлетін, не жылап жіберетін оқушыларды
кездестіруге болады. ...Сыныбы жоғарылап, есейген сайын оқушы
мұндай қылықтарынан арыла бастайды. Мұғалімнің ерік
-
жігер тәрбие
-
сін қосарластыра жүргізуі оқушыларға көп көмек көрсетеді. Осы
жастағыларда бірінің істегенін екіншісі істегісі келетін бір қасиет бар.
Мәселен, біреу күлсе, оған қосылып қалғандары да күледі, біреу
сөйлесе, қалғандары да оған қосылады», –
деп жазады [31, 257].
Халық даналығы тән сұлулығы мен жан сұлулығының ішкі
байланыстылығын интуитивті түрде аңғара білген:
«Түсі жылыдан
түңілме»
деген қазақтың нақыл сөзі осыны білдіреді.
У. Джемс әлеуметтік, тәндік тұлғалармен қатар физикалық (тәндік)
тұлғалардың да маңыздылығына ерекше тоқталады. У. Джемстің
пікірінше: «Физикалық тұлға үшін ең маңыздысы
ол адамның дене
бітімі, оның функционалдығы және денсаулығы, әсемдігі мен тартым
-
дылығы болып табылады. Тәннен кейін киім тұрады және киім тән
ерекшеліктеріне сай киіледі. Балалар ала
-
құла киінген әдемі тәні бар
адамнан гөрі, тән сұрықсыздығын әсем киіммен жасыра білген адамды
жоғары бағалайды» [44, 65].
Ала
-
құла киінген оқытушы балаларда
жағымсыз эмоция тудырса, дене бітімі әдемі болмаса да тартымды
киінген оқытушы жағымды эмоция тудырады. Сондықтан педагогика
ғылымы оқытушылардың ғана емес, ата
-
аналардың да күнделікті түзде
ғана емес, үйде де киім киісіне де мән беру керек деп есептейді. Себебі
күнделікті қайталанатын жағымсыз эмоцияның баланың қалыптасуына
кері әсер етері сөзсіз.
Адам эмоциясын балалардың жас ерекшелігіне байланысты педа
-
гогикалық тұрғыдан зерттеудің маңызы өте зор. Бұл мәселе әркез күн
тәртібінен түспейтін, ғылыми
-
зерттеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп,
ол зерттеудің нәтижелері педагогикалық практикаға енгізіліп отыруы
тиіс. Қ. Жарықбаев «Жантану негіздері» атты еңбегінде: «Екі жасар
балаға бөтен біреу сөз қатса, ол төмен қарайды, не анасының артына
тығылады, әрине, мұны шын мәніндегі ұялу деуге болмайды. Бұл
баланың танымайтын адамды тосырқауы, немесе осы жастағы балаға
тән жасқаншақтықтың бір көрінісі. Егер осындай жағдайларда бала
71
тәрбиесіне дұрыс бағыт беріп отырмаса, оның жаңағы әдеті бірте
-
бірте
сүйегіне сіңіп, ынжықтық, құр босқа ұялшақтық, не керісінше
көкіректік, басқаны сыйлауды білмейтін паңдық қасиеттердің де
қалыптасып кетуіне себепші болады», –
деп
жазады [31, 259].
Эмоционалдылық мәселесін зерттеудің өзектілігі жөнінде зерттеу
-
ші
В.Г. Пинигин былай деп жазады: «Актуальность исследования
эмоциональных процессов и, в частности, их устойчивых характерис
-
тик обусловлена как теоретическими, так и практическими запросами.
С одной стороны, одной из главных задач психологии является изуче
-
ние природных основ личности и исследование психофизиологических
основ индивидуальных различий, в том числе и в эмоциональной
сфере; с другой стороны, в углубленном знании
типических особен
-
ностей проявления эмоций остро нуждаются ряд областей обществен
-
ной практики и одна из самых важных среди них –
область воспи
-
тания»
[45, 4]
Адам эмоциясына қатысты зерттеу жұмыстары ғылымның әр
саласында, оның ішінде педагогика саласында да азды
-
көпті жасалып
жатқандығына қарамастан Ресей ғалымдары эмоционалдылықтың
мазмұны, көрінісі, сапалық ерекшеліктері, динамикасы т.б. да мәселе
-
лері мектеп жасына дейінгі балалардың, орта мектеп оқушылары мен
жоғары оқу орны студенттерінің жас, жыныс ерекшеліктері мен
әлеуметтік т.б. да жағдайларымен байланысты жеткіліксіз зерттеліп
отырғандығы жайлы мәселе көтеріп отыр. Педагогика саласы бойынша
балалар мен жасөспірімдер және студент
-
жастар эмоциясына қатысты
жасалатын зерттеу жұмыстары қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып
отырған балалардың психологиялық қиындықтарға, стресс жағдайына
түспеуіне байланысты көптеген мәселелердің дұрыс шешілуіне игі
әсер етері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |