86
әжуа, үрей, үміт, уайым, кек, қызғаныш, наз, сес, мақтаныш
т.б.
Біздің пікірімізше бұл сөздердің барлығы эмоционалды лексикаға
жатады, себебі адамның психологиялық жағдайын, нақтылап айтсақ,
эмоциясын атап көрсетіп, лингвистикалық белгілермен таңбалап тұр.
Мысалы,
қорқыныш
сөзі
қорқу
эмоциясын атап, лингвистикалық
белгілермен таңбалап тұр.
Қуаныш
–
өмірдегі түрлі жағдайлар, сыртқы
факторлар адамды қанағаттандырған, оның көңілінен шыққан
сәтте
болатын жағымды эмоцияның атауы. Бұл аталған сөздердің барлығы
сөз табы тұрғысынан қарастырғанда зат есім сөздер болып табылады.
Ал бірқатар сөздер эмоциялық күйдің, эмоциялық жағдайдың, бір
сөзбен айтқанда, эмоциялық процестің атауы ретінде қолданылады.
Мысалы,
қауіптену, қуану, қорқу, қоқилану, қысылу, қынжылу, елегізу,
таңдану, сүйсіну, мазасыздану, мақтану, масаттану, менсінбеу, налу
т.б. Бұл аталған сөздер семантикалық сипаты жағынан зат есімге
жақын болғанымен сөз табы тұрғысынан етістіктерге жатады. Етістік
-
тің грамматикалық категориясын жасай алмағанымен кейбір еңбек
-
терде тұйық етістік, кейбір еңбектерде қимыл атауы терминімен
беріліп жүрген топты құрайды.
Қорқу
тілдік бірлігі эмоцияның про
-
цесс ретіндегі көрінісін білдіреді.
Қуану
–
қуаныш
деп аталатын эмо
-
цияның процесс ретіндегі көрінісінің тілдік белгілермен таңбалануы,
объективті шындықтың көрінісі.
Бұл екі топқа топтастырылған сөздер
-
дің негізгі екі ерекшелігін немесе тілдік бірлік ретіндегі екі негізгі
қызметін атап көрсетуге болады. Біріншісі –
атауыштық қызмет.
Бірінші топтағы сөздер эмоциялық құбылыстың атын білдірсе, екінші
топтағы сөздер эмоциялық процестің атын білдіріп тұр. Екінші ерек
-
шелігі бұл сөздердің барлығы басқа сөздермен қарым
-
қатынасқа
түспей
-
ақ эмотивті семаны иеленіп,
жеке тұрып
-
ақ эмоциялық мән
беріп тұр. Осы негізгі ерекшеліктеріне байланысты осындай сипаттағы
сөздерді эмоционалды лексиканың құрамында қарастырып номинатив
эмотивтер деп топтастыруға болады.
Бірақ кез келген тілдегі эмотивті лексиканың өзі бір мәндес
немесе бір типтес деп айтуға болмайды. Мысалы,
сүйінші
–
қазақтың
ұлттық дәстүрі бойынша жақсы жаңалықты, қуанышты хабарды
жеткізуші адамға берілетін сыйлықтың тілдік таңбасы.
Достарыңызбен бөлісу: