Қазақ тіліндегі эмоционалды


  Эмосемалы фразеологизмдердің қызметі



Pdf көрінісі
бет83/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

2.5 
Эмосемалы фразеологизмдердің қызметі 
 
Қазақ тіл білімінде фразеологияны ғылыми
-
зерттеу жұмыстары
-
ның негізгі нысаны ретінде алған ғалымдар І. Кеңесбаев, Ө. Айтбаев,


108 
С.К. Сатенова, Г. Смағұлова, А. Нұрмаханов, Ж. Қоңыратбаева,
Г. 
Сырлыбаева, Б. Нағасбекова, Қ. Қалыбаева, Б. Жұбатова т.б. өз зерттеу 
нысанына қатысты кейбірінде шолу, кейбірінде жанама түрде болса да 
фразеологизмдердің эмоционалды мәніне назар аударады. Аталған 
авторлардың, атап айтқанда, І. Кеңесбаев,
А. Нұрмаханов, Б. 
Нағасбекова, Қ. Қалыбаева, Б. Жұбатованың
фразеологизмдерді түрлі 
аспектіде қарастырған зерттеу жұмыстарындағы эмоционалды реңкті 
тұрақты тіркестерге қатысты мәселелерді қозғаған тұстарына тоқтала 
отырып, айтылған пікірлер мен жасалған талдауларға қатысты 
қысқаша шолу жасап, өз ой
-
тұжырымдарымызды білдірмекпіз.
Қазақ тіл білімінде омонимия мен полисемия құбылыстары 
көбінесе жеке лексикалық бірліктерге қатысты қарастырылады. Егер 
тілдегі бір сөз алғашында тек бір ұғымды білдіру үшін қолданылған 
болса, кейіннен адам баласының өмірді тануы, білуі, сезінуі нәти
-
жесінде ол сөздің мағына жағынан дамуы, бірнеше ұғымды білдіру 
үшін қолданылу құбылысы пайда болады. Әрине, ол сөздің мағына 
жағынан дамуына оның алғашқы, негізгі мағынасы тірек болады. 
Сөздің негізгі мағынасынан келіп, қосымша басқа да мағыналардың 
тууы адамның ойлау қабілетімен және уақыт факторымен тікелей 
байланысты екендігі даусыз. Тілдегі жеке сөздер сияқты фразеоло
-
гизмдердің де кейбіреуі көпмағыналы болып келеді. Мысалы, Адам
-
ның жағымсыз эмоциясының басылуын 
ашуы басылды 
деген мағы
-
наны білдіретін 
зәрі қайтты
фразеологизмімен бейнелеп жеткіземіз. 
Бұл фразеологизм, сонымен қатар, бойдағы удың таралуын немесе 
қайтуын білдіру мағынасымен қоса, 
Күннің зәрі қайтты
контексінде 
табиғат құбылысына қатысты 
жыли бастады
деген мағынада да 
қолданылады. 
І. Кеңесбаев жеке лексикалық бірліктер мен фразеологизмдердің 
көпмағыналылығы турасында: «...полисемия мен омонимия құбылыс
-
тары әдетте жеке сөздердің төңірегінде көзге айқын байқалады. Ал, 
фразеологизмдерге келгенде бұл құбылыстар өзгеше реңкке түседі. 
Полисемия құбылысы әредік фразеологиялық тіркестер арасында 
байқалып қалады. Фразеологиялық түйдектерге келсек, олар омонимия 
құбылыстарын мүлдем бойына дарытпайды, тіпті полисемия құбылыс
-
тарының өзі де фразеологиялық түйдектер аясында кездесіп жарымай
-
ды», –
деп жазады [5
7
, 592]. Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиевтің 
пікірінше: «Омонимия мен көп мағыналық (полисемия) құбылыстары 
негізінен жеке сөздердің арасында жиі ұшырасады. Ал фразеологизм
-
дерге бұл құбылыс онша тән емес. Дегенмен, бұлардың арасында да 
ара
-
тұра кездесіп қалады. Әсіресе, омонимия құбылысы фразеоло
-
гизмдерден сирек байқалады», –
деп жазады [11, 202].


109 
Тіл білімінде омонимия құбылысына қатысты түрлі көзқарастар 
бар. Зерттеушілердің көпшілігі мағына алшақтығын негізге алады. І. 
Кеңесбаев омонимия мен көпмағыналылықты ажыратуға қатысты өз 
ойын: «Біздің ойымызша, омоним болу үшін тек айтылуы бірдей 
келген тұлғалар ғана емес, жеке сөздердің де, фраземалардың да түп 
төркіні бөлек болуы қажет. Мәселен, 
аузын ашты
тіркесінің «сөйлей 
бастады», «таң қалды» деген мағыналарынан басқа, ораза күні «кешкі 
астың алдынан дәм татты» деген діни мағынасы да бар. Ол алғашқы 
мағыналардан алшақ, кереғар жатыр. Осы тұрғыдан қарасақ, фразео
-
логиялық тіркестер ішінде омоним табылмайды емес. Көптеген автор
-
лардың омонимия ретінде қарастыратын құбылысының өзі осындай 
жарыса туған екі мағынаның ең алшақ типі. Бірақ, жоғарыда айтқан
-
дай, бұл тіркестердің түп төркіні біреу
-
ақ. Сондықтан осы типтес 
жақындықты омонимия деп қарамай, полисемия деп білген жөн 
тәрізді. Әйтсе де мұның өзі әлі де ойлана, зерттей түсуді қажет ететін 
мәселе», –
деп тұжырымдайды
 
[57
,592 б]. І. Кеңесбаевтың пікірінше 
белгілі бір фразаға тән көпмағыналылық екі түрлі жолмен, жарыса 
және жалғаса жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет