Сәрсенжан,
шырағым, сабыр қыл (М. Жұмабаев).
121
–
Ақбілекжан,
қонақтарыңды аттандыр!
(Ж. Аймауытов).
–
Е,
жеңешетайым!
–
Е, бауырым
-
ай! –
десіп, қуанғаннан көздерінен жас ыршып,
құшақтасып, қайта
-
қайта сүйісіп жатыр (Ж. Аймауытов).
–
Қайырлы болсын,
ағатай,
хат салып тұрасыңдар ғой? (Ж.
Аймауытов).
Мұндай есімдердің эмоциялы
-
экспрессивті мәнінің айқындала
түсуі олардың контексте қалай қолданылуына байланысты. Бұл
жұрнақтар қолданылу жағдайына қарай кейде жалыныш мәнін де
білдіреді. Мысалы,
–
Ораз
-
ау!..
ағажан
-
ау!..
Өлтірді
-
ау!.. Келсейші!
(Ж. Аймауытов).
–
Ағатайлар...
бірдеме қылыңыздар... Нашар, жетім едім... Оқуға
ынтық едім... –
деп Қартқожа жалына бастады
(Ж. Аймауытов).
–
Жаным,
ағатай!
Өзім барайын... Қай жерге, қай жерге, –
деп,
елбектеп ере берді (Ж. Аймауытов).
Қазақ тіліндегі
-
й
жұрнағының да сыйлау, құрмет көрсету, ілтипат
білдіру, ізет көрсету реңктері бар. Бұл жұрнақ қарым
-
қатынастың
сипаты, коммуниканттардың жас ерекшелігіне байланысты кейде
үлкен тұту, құрметтеу мағынасын да береді.
-
тай
және
-
жан
жұрнақ
-
тарымен салыстырғанда
-
й
жұрнағының қолданыс аясы кең. Себебі
-
жан
және
-
тай
жұрнақтары көбінесе туыстық, достық т.б. жақындығы
бар адамдар арасында қолданылса,
-
й
жұрнағы қарым
-
қатынастың
сипатына қарамастан қолданыла береді. Мысалы,
–
Жүріңіз,
ағай,
бүгінше бізбен бірге болып, қонақ болып кетіңіз.
Жас отаумыз
(С. Мұратбеков).
-
Күлзейне жеңгей
, осы сізді, құданың құдіреті, жақсы көріп
жүргенім... –
дедім (І. Жансүгіров).
Қарым
-
қатынас кезінде
апай, ағай
тілдік бірліктерін қолдану адам
-
дар арасындағы байланысты жұмсартып, екі жақты жақындастыруға
ықпал етеді.
Еркелету, жақсы көру реңктерін
-
қан,
-
қай
және
–ш
жұрнақтары
білдіреді. Аталған жұрнақтар қолданылу жағдайына қарай аталған
реңктермен бірге кішірейту реңкін де береді. Мысалы,
–
Дәл таптың,
балақан,
–
деді профессор риза болып (М.
Мағауин).
Ақбілек жүруге жарамайтынын білдірді.
–
Ә,
балақайым,
көзің мөлдіреп, табаның үлдіреп... шаршап қал
-
дың ба? А, балақайымды арқалап алайын. Кел, міне ғой! –
деп арқасын
тосты
(Ж. Аймауытов).
–
Мұқаш,
мен не мініп барайын?
122
–
Тор байталды ұстап мін. Қинамай бар. Барған соң
демін
алдырып, жылқыға жібер, –
деді Көрпебай
(Ж. Аймауытов).
Бұл жұрнақтардың қолданылу аясы бірдей емес,
-
қан
жұрнағына
қарағанда
-
ш
жұрнағы жиі қолданылады.
-
ш
жұрнағы туыстық атау
-
ларға да, адам есімдеріне де жалғанады. Туыстық атауларға жалғанған
-
ш
жұрнағы тәуелденген тұлғада қолданылады. Мысалы,
анашым,
көкешім
т.б.
-
шақ,
-
шек
жұрнақтары кішірейту, еркелету, жақсы көру, өзімсіну
реңктерін береді. Мысалы,
құлыншақ, інішек
т.б.
Тек Оралбаев кеп
«інішек»
деп арқамнан қаққаннан кейін ғана
қойдым. Аудан адамы ғой... (С. Мұратбеков).
-
ек,
-
бай,
-
сымақ,
-
шығаш,
-
шігеш
жұрнақтары кекету, мұқату,
кемсіну, қомсыну, менсінбеу реңктерін береді Мысалы,
жетімек,
сөлпекбай, салпақбай, желпекбай, күйеусымақ, батырсымақ, байшы
-
геш, ершігеш
т.б.
Өзің тілемсектеніп келгенсің, нағыз жарымаған,
жетімек!
Қара
мұны!.. (С. Мұратбеков).
Қорыта келгенде, зат есімнің эмоциялы реңк беруші жұрнақтары
тек екінші жақта жағымды эмоция тудыру немесе өзінің жағымды
эмоциясын білдіру үшін ғана емес, сондай
-
ақ жағымсыз эмоцияны
білдіретін кекету, мұқату, кемсіту, қомсыну, мазақ қылу мағыналарын
білдіру үшін де қолданылады. Аталған жұрнақтардың ішінде өнім
-
ділері де, санаулы сөздерде ғана қолданылатын өнімсіздері де бар.
Қазақ тіліндегі
-
й,
-
тай
-
жан
жұрнақтарының сыйлау, құрмет көрсету,
ілтипат білдіру, ізет көрсету реңктері бар. Бұл жұрнақ қарым
-
қатынастың сипаты, коммуниканттардың жас ерекшелігіне байла
-
нысты кейде үлкен тұту, құрметтеу мағынасын да береді.
-
тай
және
-
жан
жұрнақтарымен салыстырғанда
-
й
жұрнағының қолданыс аясы
кең.
Зат есімнің реңк мәнін тудырушы
-
й
жұрнағы арқылы жасалған
басқа есімдерден
апай, ағай
тілдік бірліктерінің қолданысында
еркшелік бар. Ол бұл зат есімдердің ресми қарым
-
қатынас кезінде де
қолданылатындығы.
-
қан,
-
шақ,
-
шек
жұрнақтарының жағымды
эмоция білдіру, тудыру мағыналарынан басқа кішрейту мағынасын да
бере алатын қабілеті бар.
3.1.
Достарыңызбен бөлісу: |