130
Құдысты, Әдісті аралатқан еді. Енді осының барлығы бүгін расхот
болып есептелетін болса –
мұғалімнің шашы шақ келмейтін еді. Оның
үстіне қажылар берілген қарыз ақшасына
процент дауласа –
мұғалімнің халі харап еді. Екі жылдан бергі жылына кескен
900
сомнан
ақшасын қажы есептеп жіберсе, қайта сыпырып алатын еді.
Оның үстіне қажылар кезінде берген шай, қант, кездеме, дәптер
қарындашына шейін шектен тыс бағалап, қымбаттатуға өз еркі еді.
Осымен мұғалімнің тынысы тарылды (І. Жансүгіров).
Есептік сан есімдердің ішінде бір сан есімінің қолданыс ерекшелігі
сан алуан, адам эмоциясын білдірудегі қызметі де ерекше. Мысалы,
–
Менің сізден
бір тілегім
бар, соны беретін болсаңыз... (І.
Жансүгіров).
Бір
сан есімі етістіктің алдында
келген
кезде оның сандық мағы
-
насы көмескіленіп, күшейткіш мағынаға ие
болады да сөйлемнің
эмоциялық бояуын беруде маңызды қызмет атқарады. Мысалы,
Ойымнан: жарғақ сары тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол
аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген арық, ақсақ қара
бала
Достарыңызбен бөлісу: