133
сонау жақтан шығады» деп кеткен ақын еді», –
деп жазады [75, 206
-
209]. Қазір мыңдаған, миллиондаған адамдар қадір тұтатын Абайдың
басындағы жалғыздық өзінің күңірене отырып жазған:
Моласындай бақсының,
Жалғыз
қалдым тап шыным, –
деген өлең жолдарынан да көрінеді.
Жалғыз
сөзі көркем әдебиетте кейіпкердің
басындағы ауыр көңіл
күйді суреттеу үшін де қолданылады. Яғни қолданылған сөздің
оқушыға әсері басты назарда болады. Автор аталған тілдік бірлікті
белгілі бір мақсат үшін қолданады да, оқушыға өзіндік ықпал етіп,
белгілі бір реакция тудыруды көздейді. Мысалы,
Ертеңіне Аянның әжесі жерленді. Жұрт ат қойып зираттан
қайтқанда, Аян әжесінің қабірінің басында елдің ең соңынан шошайып
жалғыз
қалды
(С. Мұратбеков).
С. Мұратбековтың «Жусан исі» атты повестіндегі Аян әке
-
шешесі
жоқ, ағасы соғысқа кеткен, әжесінің қолында тәрбиеленіп жүрген бала.
Автор әжесі қайтыс болғаннан кейінгі Аянның мола басында жалғыз
отырған сәтін суреттегенде
жалғыз
сөзін қолдану арқылы оның сол
сәттегі ауыр көңіл күйін ғана емес, жалпы өмірдегі жалғыздығын,
жетімдігін, енді әжесі өлгеннен кейін тіпті жалғыз қалған жағдайын
оқушыға өн бойында стилистикалық амал
-
тәсілдер бірге жүретін
тілдік таңба арқылы беріп отыр.
Заттың саналу ретін, орын тәртібін білдіріп,
нешінші?
деген сұрақ
-
қа жауап беретін, стильдік бояуы әлсіз, стилистикалық тұрғыдан
қарағанда белсенді топқа жатпайтын сан есімдердің бірі –
реттік сан
есімдер. Бірақ реттік сан есімдердің өзі қолданысына қарай сөйлемге
түрлі эмоциялық реңк бере алатындығын байқауға болады. Мысалы,
Аян екеуміз бір партаға отырғанбыз.
Достарыңызбен бөлісу: