128
тұрғандығын байқауға болады. Бұл жерде субстантивтенген эмосе
-
малы сын есімдердің мағыналары кеңейіп, олардың сындық мағына
-
ларының үстіне заттық мағына үстеліп тұр. Егер бұл мысалдардағы
субстантивтеніп тұрған эмосемалы сын есімдердің қасына анықта
-
лушы сөздерді қоятын болсақ (
адам
немесе
қызметкер
)
олар қайтадан
сындық сипатқа ие болып, анықтауыштық қызмет атқара алады.
Сын есімдердің сөйлеу стиліндегі қолданысын сөз ете отырып
Д. Әлкебаева: «Сын есімдердің сөйлеу стиліндегі қарапайым формасы
да кездеседі. Мысалы,
сұлу
–
көркемдік бейнемен айтылады, ал
сұлусымақ
деген кекесінді түрде айтылады.
Сұлу
–
сөзі сын есім, ол өзі
анықтайтын сөзбен тіркесіп
сұлу қыз, сұлу жігіт
деп нақты адамның
кескін
-
кейпін анықтайтын сөз ретінде алынады, бір қарағанда
сұлу
қыз, сұлу жігіт
сын есімдері эмоционалдық қызметімен жігіт пен
қыздың бейнесін ажарландырып тұр. Ал осы сөз таза стильдік айшық
-
қа
айналып эстетикалық бейнелілікке көтеріле алады, онда
сұлу
сөзі
стилистикалық басқа мағыналық тіркеске еніп стилистикалық образға
айналады», –
деп жазады [69, 150].
Достарыңызбен бөлісу: