127
ауыр қайғы, ауыр хабар, ауыр іс, ауыр ой, ауыр жаза
т.б.
Қазақ
тіліндегі мол, қыруар мағынасын беретін
көп
сын есімі сөй
-
лемде эмотивтермен қатар қолданылып, эмоцияның ұзаққа созылған
-
дығын білдіреді.
Ақбілек бұл қайғысын тірі жанға сездірмей
көп
жүрді,
көп
күтті,
көп
дәмеленді
(Ж. Аймауытов).
Сөйлемде қайталау амалының қолданылуы арқылы бірнеше
коммуникативтік мақсат жүзеге асырылып тұр.
Көп
сөзін бірнеше рет
қайталау арқылы айтушы тыңдаушының назарын Ақбілектің ішкі жан
-
дүниесіндегі құбылысқа аудартып отыр,
сөйлемге ырғақ беріліп,
ерекше экспрессивтілік туып отыр. Мұндай сөйлемдер ерекше интона
-
циямен айтылатындықтан,
көп
сөзіне екпін түсіріліп, Ақбілектің
қайғысын сездірмей
көп жүргені, көп күткені,
көп дәмеденгені
құлақ
-
қа ажырап, анық естіледі.
Қатты, ауыр, жаман, шексіз, көп
сын есімдері эмоцияның күшті
-
лігін білдірсе,
сәл
сын есімі азғана, сәл, болмашы мағыналарында
қолданылып эмоцияның әлсіздігін білдіреді. Мысалы,
Мені
сәл
таңдандырған –
отын бұтап жүрген адам болды.
Әдетте мұндай шаруаны ең жақын туыс
-
туғаның атқаруы тиіс, ал
біздің үйдің отынын Тоқтар жарып жүр
(С. Мұратбеков).
Кез келген нәрсенің ішіндегі заттың кемеріне келіп тұрғанын,
лықылдап тұрғанын білдіретін
толы
сын есімі де эмоцияға, оның
деңгейіне қатысты қолданылады. Мысалы,
Өмірдің
өшуінің өзінде
мұңға
толы,
мәңгі жасар поэзия бар ғой (М. Мағауин).
Сөз таптары арасында бір
-
біріне алмасу процесі болып тұрады.
Сондай процестердің бірі сындық белгіні білдіретін эмосемалы сын
есімдердің заттық ұғымда қолданылуы. «Сын есімнің көптеліп, сеп
-
теліп, тәуелденіп келіп, зат есімге ауысып, заттанып қолданылуы –
субстантивтену процесі деп аталады»
[9, 467].
Сын есімнің негізгі
қызметі заттың сынын, сипатын, сапасын, белгісін білдіру болған
-
дықтан, ол жеке қолданылмай, әдетте өзі анықтап тұратын зат есіммен
тіркесе жұмсалады. Ал сын есімдер субстантивтенген кезде зат есім
түсіріледі де сын есім сол түсірілген зат есімнің қызметін де қоса
атқарады. Мысалы,
Жұмыс аяғы тақаған сайын жұрт сағатына қарағыштай береді.
Достарыңызбен бөлісу: