Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


ІІ БӨЛІМ Медициналық (биологиялық) статистика жəне оның



Pdf көрінісі
бет17/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

ІІ БӨЛІМ
Медициналық (биологиялық) статистика жəне оның 
денсаулықты бағалаудағы рөлі
Статистиканың ең маңызды бір тармағы медициналық статисти-
ка болып табылады. Ол медицинадағы көптеп кездесетін көріністер 
мен үдерістерді зерттейді. Медициналық статистиканың құрамында 
санитарлық статистика деген саласы бар. Бұл сала қоғамдық денсаулық 
пен денсаулықты сақтау туралы ғылымның құрамдық бөлімі. Денсау-
лық статистикасы жалпы қоғамның оның жеке топтарының денсаулы-
ғын зерттейді жəне денсаулықтың əлеуметтік орта себептерімен бай-
ланысын анықтайды. Денсаулық сақтау статистикасы медициналық 
жəне санитарлық мекемелердің таралуы, қызметі мен мамандары 
туралы деректерді талдайды. Аурулардың профилактикасы мен ем-
деу шараларын ұйымдастыру тиімділігін бағалайды. Статистика мен
статистикалық əдістер медицина ғылымында жəне денсаулық сақтау 
тəжірибесінде кеңінен қолданылады.
2-тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ СТАТИСТИКАНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Денсаулықты сақтауды ұйымдастыру жұмысы ерте заман-
да, алғашқы қауымның мүшелері бір-бірінің денсаулығына жауап-
ты қарай бастағанда пайда болды. Содан бері үкімет пен медици-
на қызметкерлерінің ең негізгі міндеті – денсаулыққа əсер ететін 
инфекциялық жəне эпидемиялық аурулардың, ал кейінгі кезде созыл-
малы бейэпидемиялық аурулардың алдын алу, санитарлық жағдайды 
бақылау болып келеді.
Кеңестер Одағында қоғамдық бұрмалау, жоғарыдан түскен 
бұйрыққа сүйеніп басқару, жеке адамдарды қудалау, мемлекеттік 
меншікке негізделген жəне əлеуметтік бағыттан аластаған, қажетті 
көлемде қаржыландырылмайтын денсаулықты сақтау жүйесін құруға 
алып келеді.
Қазіргі кезеңде бар күшті денсаулықты сақтау жұмысын жетіл-
діруге бағыттап, қоғамдық денсулықты күшейту, медициналық көмек-
ті арттыру жəне мемлекеттік жүйеден-денсаулықты сақтаудың қоғам-
дық жүйесіне көшуге жұмылдыру керек. Осындай келелі мəселелерді 
шешу үшін əлеуметтік медицина мен денсаулықты сақтау жұмысы 
статистикалық əдісті қолданады. Оның көмегімен өзгерістердің 
саны мен сапасын зерттеп заңдылықтарын анықтайды. Қазіргі кезде 
медициналық статистиканы қолданбайтын бірде-бір медицинаның 
саласы жоқ. Статистиканың əдістерін білу жəне оны қолданып, 
медицинаның мəселелерін шешу бүгінгі күннің талабы. Сондықтан 
медициналық оқу орыны студенттері, ғылыми қызметкерлер, 


56
дəрігерлер, емхана мен ауруханалардың басшылары статистиканың 
негіздерін терең білу керек. Статистиканы үйрену жəне қолдана білу 
студенттердің ойлау қасиетін арттырады жəне барлық өзгерістерге 
сын көзімен қарауға, ал болашақта өз қызметін дұрыс ұйымдастыруға 
көмектеседі.
Статистикалық көрсеткіштерді түсіне білу диагностикалық, емдік 
жəне болжамдық шешімдерді қабылдауға, лабораториялық жəне 
медициналық аспаптармен зерттеудің қорытындысын шығаруға, оған 
клиникалық баға беруге көмектеседі. 
Статистиканың негізін білу жоспарлауға, өзгерістерді сараптауға 
жəне бағалауға арналған зерттеулерді жүргізуге, тұрғындардың ден-
саулығындағы жəне денсаулықты сақтау жұмысындағы өзгерістердің 
бағытын анықтауға, ғылыми-зерттеулерді жүргізуге қажет.
Көптеген биологиялық жəне медициналық зерттеулерде 
статистикалық əдістер дұрыс қолданылмайды. Сондықтан зерттеу 
нəтижелері зерттелген мəселелер бойынша дұрыс қорытынды жасауға 
жəне тəжірибелік ұсыныстардың тиімділігін қамтамасыз етуге кері 
əсерін тигізеді. Көптеген қателіктер Стьюдент көрсеткішін шамадан 
тыс қолданудан жəне өзге статистикалық əдістердің бар екендігін 
білмеуден туындайды. Себебі барлық медициналық жəне биологиялық 
статистикаға арналған оқу кітаптарының алғашқы бөлімі көбінесе 
Стьюдент көрсеткішіне арналған. Керісінше, дисперсиялық сараптау 
əдісі оқулықтың соңғы бөлімінде келтірілген жəне оны дұрыс түсінуге 
студенттердің уақыты жетіспейді. 
Сонымен қатар, медициналық еңбектерде бірнеше əлеуметтік 
топтарды зерттеу барысында алынған нəтижелерді салыстыру дұрыс 
жүзеге асырылмайды. 
Жоғары оқу орындарындағы көп жылдық тəжірибеге қарағанда, 
студенттер математикалық статистика курсын тыңдағаннан кейін 
статистикалық əдістер мен медициналық міндеттер арасындағы бай-
ланысты ажырата алмайды. Сондықтан кез келген медициналық 
статистикаға арналған оқу құралында гипотезаны дəлелдеуге жəне ем-
деу тиімділігін бағалауға баса көңіл бөлуі қажет. 
Ғылыми еңбектерді жарыққа шығаратын журналдарда статис-
тикалық қателіктері көп жұмыстар жиі жарияланады. Оның 
негізгі себебі, ғылыми еңбектің авторлары мен журналдардың 
редакторларының статистика туралы түсінігі аса жоғары емес. Со-
нымен қатар, журналдарды шығаруға бөлінетін қаржы жетіспейді. 
Сондықтан қаржылық мəселелерді шешудің бір жолы ретінде жур-
налға жіберілген мақалаларды жариялау жəне осыған арналып 
аударылған қаржыны пайдалану болып табылады. 
Медицина ғылымы мен тəжірибесі жаңа ХХI ғасырға аяқ басты. 
Жаңа дəрілер мен медициналық диагностикалық технологиялар ауру-
ды емдеу технологиясын мүлдем өзгертті. Ертеде емделмейді деген ау-
руларды жазып, адамдардың еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру 


57
оқиғалары күнделікті көрініске айналды. Осының барлығы ғылымның 
құдіретті күшін айқындайтын дəлел ретінде қарастырылуына жəне 
зерттеу жұмыстарын одан ары кеңейтуге жол ашты. Қазақстан Респу-
бликасында ғылыми бағдарламаларды қаржыландыруға миллиардтаған 
ақша бағытталуда. Соңғы кезеңде дəрігер-зерттеушілер өз қолына 
ешқандай мақсаты жоқ қорларды жинақтады. Ал ауруларға сапалы 
медициналық көмек беру денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қызметтік 
көрсеткішіне айнала қойған жоқ. Сондықтан да еліміздің əрбір облы-
сынан денсаулық сақтау жүйесі мекемелері мен дəрігерлерінің сапа-
сыз жəне тұрғындардың денсаулығына зиянды жұмыстары туралы 
деректер ақпараттық құралдар арқылы жиі таратылып отырады. Со-
нымен қатар, емдеудің ең озық жəне тиімді əдістері туралы нақты 
бағалау деректері жоқ. Қазіргі медицина саласында ауруларға өте 
күшті дəрілерді қолдану жəне негізгі хирургиялық операцияларды жа-
сау, аурулардың денсаулығына өте үлкен қауіп тудырып, кеселдерінің 
одан ары асқынуына алып келуде. Алайда медицина саласына 
бағытталатын есепсіз қаржы көздері белгілі бір кезеңде тоқтайтыны 
анық. Сол кезде медицина қызметкерлерінен қызмет сапасын арттыруға 
жұмсалған қыруар қаржының тиімділігі мен нақты нəтижелері тура-
лы сұрақ сұралатындығы белгілі. Медициналық диагностика мен ем-
деу тиімділігі туралы қатаң дəлелдер қажет болды. Осы жерде емдеу 
шарасы тиімді ме, ол емделген аурулардың қаншасына жəне қандай 
дəрежеде көмектесті деген сұраққа жауап беруді талап етеді. Ал бұл 
сұрақтарға медициналық статистикасыз жауап берудің ешқандай 
да мүмкіндігі жоқ. Табиғи биологиялық өзгергіш психотерапевтік 
тиімділік, бағалаудың субъективтігі емдеу шараларының тікелей жəне 
нақты тиімділігі туралы сөз қозғауға мұрша бермейді. 
Сонымен клиникалық сынақты сандық бағаға аудару қазіргі 
таңдағы медициналық статистиканың негізгі міндеті болып табылады. 
Статистикалық сараптауға тек жаңа емдеу əдісі ғана ұшырамайды, со-
нымен бірге дəрігер жұмысының тиімділігі де алынады. 
Жаңа диагностикалық əдістер мен емдеу тəсілдерінің көптігі, 
олардың ішінен нақты ауруға арналғанын таңдап алуды қажет етеді. 
Осы жерде стандарттау əдісін қолдана отырып, ұсынылған əдістердің 
ең тиімдісін таңдап алуға негіз бар. Ал бұл əдісті қолдану медициналық 
статистика əдістерінің негізін жақсы меңгеруді қажет етеді. Осы күнге 
дейін медицина қызметкерлері статистикалық сұрақтарды талдауға аса 
белсенді араласа қойған жоқ. Алайда берілген қорларды пайдалануға 
қойылатын талаптардың қаталдануына байланысты, дəрігерлердің 
өздері қолданып жүрген əдістерінің тиімділігін дəлелдеу үшін жəне 
қорлардың дұрыс бөлінуін талап ету мақсатында статистикалық 
əдістерді меңгеріп жəне оның көмегімен сұраныстарының дұрыстығын 
негіздеуді үйренуі қажет. 


58


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет