Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Статистикалық зерттеуді ұйымдастыру жəне



Pdf көрінісі
бет19/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

2.2. Статистикалық зерттеуді ұйымдастыру жəне 
зерттеу кезеңдері. Статитсикалық бақылау əдістері жəне 
түрлері. Статистикалық жинақ жəне статистикалық-кестелер. 
Статистикалық зерттеу нəтижелерін сараптау жəне дайындау
Дəрігердің күнделікті жұмысына медициналық көмекті жақсартуға 
бағытталған шараларды жасау үшін статистикалық зерттеулер жүргізіп, 
керекті деректер жинау қажет. Мысалы, ауруханадағы жататын төсек 
орынының тиімділігін арттыру үшін, аурулардың жынысына, жасына, 
ауруына, жату мерзіміне қарай ауруханада емделу ұзақтығын зерттеу 
қажет. 
Тағы да бір мысал, балаларды егу бөлмесінің жұмысын арттыру 
шараларын жасау үшін жұқпалы ауруларға қарсы егілетін балалардың 
жасына, физикалық дамуына жəне басқа жағдайларына қарай не 
себепті уақтылы вакцинация мен ревакцинацияға келмегендігін зерттеу 
керек. Аты аталған жəне басқа сұрақтар статистикалық зерттеулердің 
кезеңдерін, мағынасын білуді, зерттеудің міндеті мен мақсатын 
анықтауды, бақылаудың бірлігін дұрыс белгілеуді, статистикалық 


67
зерттеудің таблицаларын жасай алуды, бақыланатын көріністің керекті 
санын белгілей білуді, таңбалауды, топтауды, жинақтауды жəне сарап-
тауды қажет етеді.
Статистикалық зерттеудің 5 кезеңі бар: 
I кезең – зерттеудің жоспары мен бағдарламасын жасау.
II кезең – статистикалық есепке алу (материалдарды жинау). 
III кезең – материалды талдау жəне жинақтау.
IV кезең – алынған деректерді сараптау.
V кезең – зерттеу қорытындысын тəжірибелік жұмысқа енгізу. 
Жоспар мен бағдарламаны жасау зерттеудің гипотезасын 
құрастырудан немесе зерттеудің негізгі идеялық жобасын анықтаудан 
басталады. Ол зерттелу барысында қандай мəселені дəлелдеу неме-
се жоққа шығару керектігін көрсетеді. Жұмыс гипотезасы зерттеудің 
мақсаты мен міндеттерін анықтауға көмектеседі. Зерттеудің мақсаты 
мынадай сұраққа жауап беруі керек: бұл зерттеу не үшін өткізілмекші? 
Зерттеудің мақсатын көрсету барысында зерттеуші мақсатқа жету 
үшін қандай кезекті қимылдар жасау керектігін белгілейді. Зерттелетін 
орта бас немесе таңдаулы статистикалық жиынтық болуы мүмкін. 
Зерттелетін орта ретінде таңдамалы статистикалық жиынтықты 
алғанда, оның репрезентативті (бас жиынтықтың қасиеттерін толық 
ашатын көлемде) болуын қамтамасыз ету керек. 
Таңдамалы статистикалық жиынтықтың репрезентативті болуын 
қамтамасыз ету үшін алдын ала таңдалатын жиынтықтың көлемін 
есептейді жəне бақыланатын бірлікті (белгіні) таңдап алуға арнайы 
əдістемелер қолданылады. Егер зерттеудің соңғы қорытындысында 
деректер орта шамамен көрсетілуі керек болса, онда таңдамалы 
жиынтықтың көлемі мынадай формуламен анықталады: 
2 2
2
=
t d
n
D
Бұл жерде, n – бақылау саны; t – сенімділік коэффициенті. Ол қатесіз 
болжам (Р) жасаудың 95% мүмкіндігінде 2-ге, ал р=99% болғанда 
3-ке тең келеді; δ-орта квадраттық ауытқу. Ол осындай зерттеулердің 
қорытындысы шығарылған деректерден алынады немесе аз санды 
бақылауды жүргізу барысында есептеп шығарады. 
D – ең жоғары дəрежеде жіберілетін қателік. Ол зерттеушінің алды-
на қойған мақсаты мен міндетіне жəне өлшенетін белгінің ерекшелігіне 
байланысты алынады. Егер зерттеудің қорытындысын көрсеткіштермен 
беру керек болса (мысалы, пайызбен), онда таңдамалы жиынтықтың 
көлемі мына формуламен есептеледі. 
2
=
t q
n
D
Бұл жерде, n – бақылау саны; t – сенімділік коэффициенті. Ол қатесіз 
болжам жасаудың (Р) 95% мүмкіндігінде 2-ге, ал р=99% мүмкіндігінде 
3-ке тең.


68
Р – пайызбен берілген көрсеткіштер. Олар алдыңғы осылайша 
жүргізілетін зерттеулердің жарық көрген деректерінен алынады неме-
се Р мен q көбейтіндісі барынша көп болуы үшін есептелініп алынады. 
Ондай жағдай Рq=50% жəне q=100%- Р% болғанда шығады.
D – ең жоғары дəрежеде жіберілетін қателік. Ол зерттелетін 
көріністің ерекшелігіне, зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай 
беріледі. Көбінесе (D) көлемі 15% аспайды.
Таңдамалы статистикалық жиынтықты құрастыру үшін бас 
жиынтықтың құрамынан бақыланатын бірлікті (белгіні) əртүрлі 
əдістермен таңдап алу арқылы жүргізіледі.
Бағдарламаны жасау барысында талқыланатын сұрақтарды анық-
тап, оны сұрыптау жəне сараптау бағытын белгілеу керек. Бағдарлама-
ның мəліметтерді жинау бағдарламасы, мəліметтерді өңдеу бағ-
дарламасы жəне алынған деректерді сараптау бағдарламасы деген 
түрлері бар.
Мəліметтерді жинау бағдарламасы дегеніміз – зерттеу барысында 
есепке алынатын (сұрақтардың) белгілерінің тізбесі. Ол карта, перфо-
карта, кесте, журнал немесе бланк түрінде болуы мүмкін. Есепке алы-
ну бланкісінің мысалы ретінде мемлекеттік статистикалық құжаттарды 
қарастыруға болады (еңбекке жарамсыздық туралы қағаз, анықталған 
диагноздарды есепке алу статистикалық талоны). Бұл құжаттар 
тұрғындардың аурушаңдығы туралы мəліметтерді жинаудың ресми 
бағдарламасы болып табылады.
Клиникалық-статистикалық зерттеулерде мəліметтерді жи-
нау бағдарламасы арнайы карта түрінде жасалады. Ол медицина 
мекемелерінің жұмыс құжаттарынан алынатын мəліметтерді жинауға 
бейімделген болуы тиіс.
Əлеуметтік-гигиеналық зерттеулерде есепке алу құжаттар ретінде 
анкеталар, сұрақ-жауап анкеталары, отбасын зерттеу картасы, 
медициналық құжаттардан мəліметтерді жинауға арналған арнайы 
карталар қолданылады. Есепке алу құжатын (есепке алу бланкасы) 
құрастырғанда мынадай ережелерді қатаң сақтау қажет:
1. Құжаттың анық атауы болып, онда бақылау бірлігі көрсетілуі керек.
2. Сұрақтары (есепке алынатын белгілері) қысқа, анық болып, 
зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы тиіс.
3. Əрбір сұраққа зерттелетін белгілердің топтарына сай жауапта-
рын құрастыру керек.
Есепке алынатын құжаттарды құрастыру барысында жəне оны элек-
тронды есептеу машинасында өңдеуде математик-бағдарламашының 
кеңесіне жүгіну қажет. Ол есептеу құжатындағы деректерге арнайы 
таңбалар қоюға септігін тигізеді. Егер деректерді өңдеуде перфо-
карталар қолданса, онда есептеу құжатындағы деректерді өңдеу 
бағдарламасы дегеніміз статистикалық-кестелердің жинағы болып та-
былады.


69
Статистикалық-кестелер мынадай негізгі бөлшектерден тұрады:
1. Кестенің атауы болуы тиіс. Ол кестенің мағынасын толық көрсетуі 
керек. (Оның құрамына кіретін белгілерді ретімен көрсетіп, деректердің 
көлемін абсолюттік сандар, пайыз жəне т.б. түрде анықтайды).
2. Статистикалық бастауыш – кестеде сарапталатын негізгі есептеу 
белгісі. 
Белгінің анықтамасы бірінші графаның жоғары жолында, ал оның 
топтастырылуы – сол графаның келесі жолдарында көрсетіледі.
3. Статистикалық баяндауыш (бір немесе бірнеше) – бастауышты 
толықтыратын жəне ашатын есептеу белгісі. Ол зерттелетін жиынтықты 
толық жəне терең сипаттауға көмектеседі. Баяндауышты топтастыру 
жəне айқындау графаның бірінші қатарында жүзеге асырылады.
4. Кестенің негізгі бөлімі қорытындысы болып табылады. Ол 
кестенің дұрыс толтырылуын қажет етеді жəне көрсеткіштерді есептеу 
үшін қажет.
Статистикалық-кестенің үш түрі бар:
1. Жай статистикалық-кесте – бір статистикалық бастауыш-
тан тұрады. Ол мəліметтерді бір белгі бойынша қорытындылауға 
көмектеседі. Мысалы: 
А
ауруханасында холециститтен емделген аурулардың емделу 
қорытындысы бойынша бөлінуі (абсолюттік саны). (1-кесте)
1-кесте. А ауруханасындағы холециститпен ауырған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет