8.5. Салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру
бағдарламалары. Салауатты өмір сүру салты дəрігерлер
абыройын қалыптастырудағы ұйымдастырушылық
шара ретінде
Салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру қызметі Қазақстан Ре-
спубликасы денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бір саласына айнал-
ды. Бұл саланың денсаулық сақтау жүйесін оңтайлауда атқаратын рөлін
денсаулықты сақтау, денсаулықты күшейту денсаулықты одан ары
дамыту бағыттарынан байқауға болады. Салауатты өмір сүру салтын
қалыптастырудағы ұлттық саясат «Қазақстан 2030» атты стратегиялық
бағдарламада, «Иод тапшылығының профилактикасы туралы»,
«Денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Тұрғындардың денсаулығын
қорғау туралы» заңдарда, «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау
жүйесі туралы» Қазақстан Респуликасының Кодексінде анықталған.
Жер беті тұрғындарының аурушаңдығын, мүгедектік пен өлім
оқиғаларын төмендетуге жəне өмір сүру ұзақтығын арттыруға де-
ген қызығушылығын ескере келе Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымы осы бағытта стратегиялық құжаттар қабылдады. Оның ішінде,
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес кон-
венциясы (2003 жыл), балалардың денсаулығы мен өмір сүру жағдайын
жақсарту туралы Хельсинки декларациясы мен жоспары (2004), алко-
гольге қарсы Европаның 2000-2005 жылдарға арналған күрес жоспары,
денсаулық, физикалық белсенділік, тамақтану саласындағы жаhандық
стратегия (2004), 2005 жылы қабылданған жаһандану жағдайындағы
денсаулықты күшейту туралы Бангкок декларациясы, Европаның
бейэпидемиялық ауруларға қарсы күрес жəне профилактика стратегия-
сы (2006 жыл) бар. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының осы бағдарламаларына қосыла отырып, мемлекеттің
салауатты өмір салтын қалыптастыру мəселесіне арналған нормативтік-
құқықтық құжаттарын қайта қарады.
Қазіргі күні біздің елімізде салауатты өмір сүру салтын
қалыптастыру қызметінің құрылымы анықталып, 14 облыста, 9 қалада,
10 аудан орталықтарында салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру
ұйымдары жəне 252 денсаулықты күшейту орталықтары құрылды.
252
Олар қажетті материалдық-техникалық базамен жəне білікті маман-
дармен қамтамасыз етілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру
саласындағы мемлекеттік саясатты салауатты өмір сүру салтын
қалыптастыру мəселелерінің Ұлттық орталығы жоспарлайды жəне
жүзеге асырады. Бұл орталық «Қазақстан 2030» стратегиясын іске асы-
ру мақсатында 1997 жылы 3 желтоқсанда Үкіметтің №1678 шешімімен
ұйымдастырылды.
Салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру жұмысы төмендегідей
бағыттарда іске асырылады: физикалық белсенділікті арттыру, салау-
атту тамақтану, темекі шегу профилактикасы, алкоголизм профилакти-
касы, наркотиктер қабылдау профилактикасы, туберкулез профилакти-
касы, инфекциялық аурулар профилактикасы, жұқтырылған иммундық
тапшылық синдромының (ЖИТС) профилактикасы, репродуктивтік
денсаулықты күшейту, алғашқы медициналы-санитарлық көмек
деңгейінде денсаулықты күшейту жəне аурулардың профилактикасын
арттыру шаралары бар.
Соңғы жылдары осы Ұлттық орталықтың ұсынысымен «Темекі
шегуді шектеу жəне оның профилактикасы туралы» заң қабылдады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесе отырып темекі
шегудің профилактикасына арналған Ұлттық жұмыс жоспары жа-
салды. Еліміздің қалаларында «Біздің қала темекі түтінінен тəуелсіз
қала», «Темкіні таста да, ұтып ал» деген бағдарламалар белсенді жүзеге
асырылуда.
Қазақстан Республикасында алкогольдік ішімдікті қолдануға
шектеу қою саясатын жүзеге асыруға арналған бағдарлама жасалып,
еліміздің барлық аймақтарында белсенді жүзеге асырылуда.
Мемлекетімізде наркотикті қабылдауды шектеу жəне оның про-
филактикасы, жастардың репродуктивтік денсаулығын қорғау, тубер-
кулездің алдын алу, түсік тастау жəне қажетсіз жүктілік мəселелері
бойынша профилактикалық бағдарламалар кеңінен іске асырылуда.
Республикада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының профи-
лактикалық бағдарламалары ендірілуде. Осылайша, 1999 жылы «Са-
лауатты қалалар» жобасы белсенді түрде жүзеге асырылды. Осының
нəтижесінде Қазақстан 2002 жылы Еуропаның «Салауатты қалалар»
желісіне мүше болды. Бұл жобаны Республиканың 12 қаласы
қолдады.
1998 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
«Денсаулықты күшейтуді қолдайтын мектептер» бағдарламасы
Республиканың 750 мектебіне ендірілді. Осындай мектептердің алдына
қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін оларға əдістемелік, ақпараттық,
материалдық қолдау жүргізілді.
2000 жылдан бері дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Са-
лауатты Университеттер» атты бағдарламасы Қазақстанның 47 жоғары
оқу орындары мен 11 орта арнайы оқу ұйымдарында ендірілді. Осының
253
нəтижесінде студенттер арасында Халықаралық, Республикалық,
аймақтық семинарлар, ғылыми-тəжірибелік конференциялар, фести-
вальдар ұйымдастырылып, студент жəне оқушы жастар арасында са-
лауатты өмір сүру салтын қалыптастыру мəселелері, аурулар мен оған
алып келетін зиянды əдеттердің профилактикасын жүзеге асыру жол-
дары үйретілді.
2001 жылдан бастап дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
«Денсаулықты күшейтуді қолдайтын ауруханалар» атты профи-
лактикалық бағдарламасы емдеу-профилактикалық жəне санитарлық-
профилактикалық ұйымдарда ендіріле бастады. Бұл бағдарламаның
негізгі мақсаты барлық ауруханалардың дəрігерлері мен қызметкерле-
рін аурулардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларға за-
манауи ақпаратты жеткізу, өздерінің əдеттілігі мен ауруларды салауатты
өмір сүру салтына тəрбиелеу. Осы жобаның тиімді жүзеге асыруына бай-
ланысты Қазақстан Республикасы Еуропалық «Денсаулықты күшейтуді
қолдайтын ауруханалар» желісіне мүше болып қабылданды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында «Салауатты жұмыс
орындары», «Салауатты ауылдар» атты дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының профилактикалық бағдарламалары да 2003 жылы қолға
алынып, жақсы нəтижелермен жүзеге асырылды.
Осы бағдарламалардың тиімділігі Ұлттық орталықтың басшы-
лығымен жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарында дəлелденді.
Айта кететін жағдай, салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру
мəселелерінің Ұлттық орталығы 1998 жылдан бері халықаралық
«Маңызды бейэпидемиялық аурулардың бірыңғай профилактикасы»
атты СИНДИ – Қазақстан бағдарламасын орындаушы ұйым болып
есептелінеді. Бұл бағдарламаның орындалуына Астана мен Семей
мемлекеттік медицина университетінің, Оңтүстік Қазақтан мемлекет-
тік фармацевтикалық академиясының оқытушылары мен профессор-
лары да белсенді ат салысты.
Социологиялық жəне əлеуметтік-медициналық зерттеу жұмыс-
тарының нəтижелері салауатты өмір сүру салтын тұрғындар арасында
белсенді қалыптастыруға азаматтардың медициналық мəдениеті мен
гигиеналық білімдерінің төмендігі кері əсерін тигізуде. Сондықтан бұл
жұмысты балабақша мен мектеп қабырғасынан бастау қажет. Ал жал-
пы тұрғындар арасында жүргізілетін салауатты өмір сүру салтын наси-
хаттау жəне гигиеналық тəрбие беру жұмыстарында зиянды əдеттердің
денсаулыққа тигізетін кері əсерін дəлелді материалдарды қолдана оты-
рып көрсетудің тиімділігі айтпаса да түсінікті деп ойлаймын.
Бұл жұмыстарды жүзеге асыратын дəрігерлердің өздері салауатты
өмір сүруі қажет. Тек осындай жағдайда медицина қызметкерлерінің
жүргізетін үгіт-насихаты мен медициналық-гигиеналық тəрбие
жұмысы барынша тиімді, ал олардың білікті маман ретіндегі абыройы
жоғары болады.
254
Достарыңызбен бөлісу: |