Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения


ауыл шаРуашылығы техникасын ҚҰРастыРу, кӨлік



Pdf көрінісі
бет3/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

ауыл шаРуашылығы техникасын ҚҰРастыРу, кӨлік 
Жəне логистика
землеДелие и РастениевоДство


4
Тәжірибелік танаптың топырағы ауырқұмбалшықты кәдімгі қара топырақ.
Топырақтың жыртылатын қабатында гумустың мөлшері 4,01%, нитратты азот – 17,9 мг/
кг (қамтамасыз етілу дәрежесі - орташа), жылжымалы фосфор - 8,6 мг/кг (төмен), ал-
маспалы калий – 350 мг/кг (жоғары) құрайды. Зерттеу танабында топырақтың жалпы 
тығыздығы 1,19 г/см3. 
Ақмола облысының шоқылы-жазық аймағының климаты күрт континентальды, 
оның сипаты қысы ұзақ, суық және салыстырмалы қысқа жаз болып табылады. Ақмола 
облысының шоқылы-жазығындағы метеорологиялық жағдайлар жаздық бидайдың да-
муы мен өсуінде маңызды рөл атқарады. Негізгі көрсеткіштер – жауын-шашын мен 
температуралық режим жаздық бидай өсімдіктерінің өсуі мен дамуы үшін жағдай 
қанағаттанарлық екенін көрсетеді.
1 -сурет -Метеорологиялық жағдайлардың салыстырмалы сипаттамасы, 
2018-2019 жж.
Мамыр айында ауаның орташа айлық температурасы +9,5 оС құрады, бұл орта-
ша көпжылдық деректер деңгейінен 2,2 оС төмен, ал мамырда жауын-шашын 27,9 мм 
құрады, бұл орташа көпжылдық нормадан 22,7% төмен.
Атмосфералық жауын-шашынның аздығына қарамастан, жаздық бидайдың сорттары 
егіннің орташа деңгейін қалыптастырды (1- сурет).
Алғашқы тұқым шаруашылығы көшеттіктерінде 100 га танапта Тәуелсіздік 20 және 
Асыл Сапа бидай сорттары көбейтілді. Тәжірибе қою алдында көктемде тәжірибелік та-
напта топырақтың метрлік қабатындағы өнімді ылғал 96,5 мм құрады. 
Себу мерзімі 22 мамырда жүргізілді, фенологиялық бақылау нәтижелері бойын-
ша себілгеннен кейін бидайдың көгі 7 күні, яғни 29 мамырда шықса, 10 тәулікте толық 
көктеді (1-кесте).
1-кесте – Жаздық бидайдың фенологиялық даму фазасы, 2018-2019 жж.
Сорт
Даму фазасы
Вегетация 
кезеңінің 
ұзақтығы
көктеу
түптену
масақтану
пісуі
басы
толық
басы
толық
басы
толық
басы
толық
2018 жыл
Тәуелсіздік 20
27.05
31.05
06.06
12.06
17.07
25.07
06.08
03.09
99
Асыл Сапа
27.05
31.05
06.06
12.06
17.07
25.07
08.08
05.09
101
2019 жыл
Тәуелсіздік 20
29.05
01.06
10.06
14.06
15.07
20.07
04.08
30.08
92
Асыл Сапа
29.05
01.06
10.06
14.06
13.07
18.07
01.08
27.08
89


5
2018-2019 жж. зерттеліп отырған жаздық бидайдың сорттары көктеу фазасынан 
масақтану фазасына дейін 50-52 күнді құрап, баяу дамуымен сипатталады. Бірақ одан 
әрі атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің аздығына және ауаның жоғары температу-
расына байланысты вегетацияның екінші жартысында жаздық бидайдың фенологиялық 
фазалары жылдам өтті. Асыл Сапа сортының пісу кезеңі Тәуелсіздік 20 сортымен 
салыстырғанда 3 күн бұрын басталған және вегетациялық кезеңнің ұзақтығы есепті 
жылы сорттар бойынша 89-дан 92 күнге дейін жетті, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 
7-11-ге қысқарды (кесте 1).
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі жылдың климаттық жағдайлары, 
егістіктің ылғалмен қамтамасыз етілуі, топырақтың минералды қоректену деңгейі 
арасындағы өзара байланыстың арқасында қалыптасады.
Жазғы кезеңнің ауа-райының қиын жағдайларына қарамастан, есепті жылы жаздық 
бидайдың сорттары өнімнің орташа деңгейін қалыптастырды. Тәуелсіздік 20 сортының 
өнімділігі 14,9 ц/га құрады, бұл Асыл Сапа сортынан 2,9 ц/га артық болды (2 - кесте).
2-кесте – Жаздық бидайдың өнімділігі мен сапалық көрсеткіштері, 2018-2019 жж.
Сорт
1000 
тұқымның 
салмағы, гр.
Дәннің 
көлемдік 
салмағы, г/л
Дән уызы 
(клейковина), 
%
Өнімділік, 
ц/га
Бақылаудан 
ауытқуы
± ц/га
2018 2019 2018 2019 2018 2019 2018 2019 2018 2019
Тәуелсіздік 20
39,2
38,0
797
779
23,0
23,5
16,6
14,9
+4,5
+2,9
Асыл Сапа
34,3 33,1
763
758
24,3
25,9 12,1 12,0
-
-
Орташа көпжылдық нормамен салыстырғанда 1,5-1,9 0С асатын температуралық ре-
жим бойынша 2019 жылғы ауа райы жаздық бидай астығының сапалық көрсеткіштеріне 
оң әсер етті. Селекциялық тұрғыдан алғанда 1000 дәннің салмағы, орта жағдайының 
әсерінен өзгерісі төмен және ол өнімділікке іріктеу кезінде сенімді индикаторлық 
көрсеткіш болып табылады [6].
Тәуелсіздік 20 сортының 1000 тұқымның салмағы 38,0 г, көлемдік салмағы 779 г/л, 
бірақ шикі дән уызы құрамы бойынша Асыл Сапа сорты 2,4%- ға жоғары болып, 25,9 % 
- ды құрады (2- кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет