Шығармалары:
Начальное руководство к обучениюкиргизов русскому языку,
Оренбург,1879;
Қазақ хрестоматиясы, Орынбор, 1906;
Мәктубат, Қазан, 1896, 1899;
Киргизская хрестоматия, Оренбург,1879, 1906;
Таңд. шығ. 3 томдық, А., 1943, 1953;
Собрание сочинений в 3-х т. Т.1–3, А.А., 1975, 1978;
Әңгімелер, А., 1980.
Өлеңдер
Азған елдің хандары
Балғожа бидің баласына жазған хаты
Жаз
Кел,балалар,оқылық
Қарлығаш
Қарға мен түлкі
Әй, достарым
Әй, жігіттер
Өзен
Өнер - білім бар жұрттар
Өсиет өлеңдер
Әңгімелер
Ізбасты
Айуанның естесі көп бірақ адамдай толық ақылы жоқ
Алтын -айдыр
Алтын шеттеуік
Асыл шөп
Ақымақ дос
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.
18.
19.
20.
21.
22.
23.
24.
25.
26.
Ұлттың ғылым-білімге көзін ашқан данасы, рухани тұлға тұтып ұлықтайтын ұстазы – Ыбырай
Алтынсарин.
Көне сөзде ең сауапты іс – кісіге хат таныту болып саналған. Сондықтан да «Бір әріп
үйреткенге қырық күн сәлем бер» деген. Ал, Ыбырай – әріп қана емес, ғылым-білімнің, оқу–
тәрбиеміздің негіздерін жасап, қабырғаларын қалап берген.
Бұл істе Ыбырай Алтынсарин – алғашқы ізашар тұлға. «Өнер білім бар жұрттар» бір ғасырлық
уақытқа ұзап кеткен шақта, жүрегі ұлтым деп соққан Ыбырайдың
алдында қараңғы қазақты
жалқаулықтан, мамыражайлықтан айырып, білімге көзін ашып, жаңаша білім күнкөрістің кілті
екенін ұғындырып, соған баулу мәселесі тұрды.Оның қолында туған тілде оқыту тәжірибесі де,
оқу-құралдар да, дайын мұғалімдер де, тіпті мектептің өзі де жоқ еді. Өз мақсатына жету жолда
ол оқу-ағартушылы, ұйымдастырушылық, бойында бар өнерін, қабілетін оңтайлы пайдалана
білген адам. Осы жолды таңдағандықтан Ы.Алтынсарин біреуден жәрдем күтіп отырмай,
алдындағы санаулы оқушыларға арнап біршама еңбектер, оқулықтар жазған.
Мақсатқа жету үшін ғалым қазақ тілінде тұңғыш әдеби хрестоматия жазуға бел буады. Бұған
дейін ешбір ғалымның 1879 жылы жарыққа шыққан «Қырғыз хрестоматиясының»
кіріспесінде жазылғандай ақын-жазушылар жалпы білім беретін кітаптарға арналған өлеңдер,
мысалдар, қысқа әңгімелер жазбаған еді. Ағартушы бұл еңбегіне тек мектеп жасындағы
балаларға ғана емес, қалалық, орыс және батыс елдерінің өмірінен мүлде бейхабар қазақ
оқырмандарына да түсінікті, жатық тілде жазылған шығармаларын енгізді. Ғалым-ағартушы
қазақ балаларының санасына жететін әдеби жанрды, шығармаларды таңдауда өте тиянақты
болады, мысалдарды оқу әрі тәрбиелік материал ретінде қолданды.
Оның бірбеткейлігі, идеологиялық көзқарасы, ұлтжандылығы шығармаларында айқын
көрінеді. Ол өзінің ағартушылық ойлары мен жазушылық шеберлігін тиімді ұштастыра білген.
Жастарды өкіметтің озбыр іс-әрекеттеріне қарсы шақыра отырып,
қарапайым халықтық
көзқарастарды насихаттаған.
Ыбырай Алтынсарин қазақ жастарының ғылым мен білімге оқыса, оны меңгеріп, жетістікке
жететініне сенім білдірген.
Ер балалармен қатар қазақ қыздарын білімге шақырып, олардың да қоғамға араластыру
жайында біршама жұмыстар атқарғаны белгілі.
«Егер пайдалы істі бастамасаң, ешқашан да ештеңе болмақ емес» деп 1864 жылдың қаңтарында ойға алған ісін
тұңғыш рет Торғай қаласында іске асырады. Білімге жанашыр адамдардан көмек алып, жиған –тергенін бәрін
салған, төрт жылға созылған мектептің құрылысы аяқталып, білім ошағы өз жұмысын бастайды. Сол кездегі
қазақ балаларының қуанышын көз алдыға елестеті қиын емес. Себебі, қазіргі кезде мектепке жаңа ғимарат
беріліп жатса, оқушылар жаңа мектепте оқығандарына риза болып, кеуделерін мақтаныш билейді.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! –
деп өзінің өміршең халықтық көзқарасымен бүлдіршіндерді білім ордасына шақыра бермек. Бұл өлең жас
ұрпаққа тәрбие беруде маңызды оң әсер етті. Ол қазақ даласына кеңінен тарап, қазақ балаларының мектепке
баруына ықпал етті.
Ыбырай Алтынсарин
тек білім-ғылымға емес, тәрбиеге көп мән берген ұстаз. Бұған дәлел оның «Асыл шөп»,
«Бай баласы мен жарлы баласы», «Мейірімді бала», аударма әңгімелері «Бір уыс мақта», «Әке мен бала», «Өнер-
білім бар жұрттар», «Өсиет өлеңдер», «Әй, достарым!» т.б шығармалары.
Олар: жас ұрпақты адал еңбекке, еліне адалдыққа, шын достыққа, мейірімділікке, ата-ананы қадірлеуге,
кішіпейілділікке тәрбиелеу, мансапқорлық пен дүниеқорлық сияқты жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға
шақыру сипатта жазылған.
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын,-
деп ақын да, хакім де, батыр да анадан туады демееші ағартушы-ақын әр адам баласы үшін өмірдегі асыл жан
ана туралы жырлаған өлеңін толғандырмай қоймайды.
Ірі тұлғаның жүрегінің нәзіктігі мен жанының тазалығын «Жаз», «Өзен» сияқты табиғат тақырыбына арнаған
өлеңдерінен көреміз.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріпжарқыраған,
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған, -
деп табиғаттың сұлу суретін шебер де әсерлі сипаттаған.
«Жаз» өлеңінде табиғат құбылыстары мен әсемдігімен қатар, қазақ жұртының тыныс-тіршілігін, тұрмыс-салтын
шебер суреттеп жеткізген. Оның өлеңдері іс-қимылға, әрекетке толы.
Мен «Әке мен бала» әңгімесін оқығанда әңгіменің тәрбиелік мәні зор шығарма екенін түсіндім. Әкесінің
баласына айтқан «Егер жалқау болсаң, бір рет еңкеюге ерінсең, он рет еңкеюге тура келеді» деген сөзі маған да
айтылған өсиет сияқты мәңгіге жадымда қалды