ӘОЖ: 547.915.5+66.098
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ЛИПИДТЕРДІҢ АСҚЫН
ТОТЫҒУ ҮРДІСТЕРІН ТҮЗЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Құмаров
Ә., Қонысбек А., Хошут Ж., Мукушова С., Қыдырмолдаева К.
Ғылыми
жетекші: м.ғ.к., Смаилова Ж.К.
«Семей медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы
Өзектілігі.
Қоршаған
ортаның қолайсыз жағдайларына адам ағзасының
бейімділігін арттыру
–
қазіргі кезде медицинадағы маңызды және өзекті
мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қолайсыз экологиялық факторлар ағзада
көптеген патологиялық жағдайлардың дамуына, атап айтқанда жасушалық
мембраналардың физикалық
-
химиялық сипаттамаларының, әсіресе оттегінің
токсикалық радикалдарының зиянды әсеріне мембрана липидтерінің
тұрақтылығының өзгеруіне, жасушалық мембраналардың модификациясына әкеледі.
Мембрана липидтерінің құрамындағы қанықпаған май қышқылдары асқын тотығу
қосылыстарына айналады да, көптеген аурулардың (қабыну, өкпе, жүрек
-
қан
тамырлары және т.б.) дамуының биохимиялық және патогенетикалық негізі болып
табылады. Сондықтан да, патологиялық жағдайларда липидтердің асқын тотығу
үрдісін түзету әдістерін табу
–
медицинадағы заманауи және өзекті мәселелердің
бірі, өйткені табиғи биологиялық белсенді заттардың токсикалығы төмен, биоқол
жетіміділігі жоғары, реттеуші әсерінің ауқымы кең.
Жұмыс мақсаты.
Жедел гипоксия кезіндегі бос радикалды процестердің
биохимиялық механизмдерін зерттеу және түзету әдістерін табу.
Зерттеу материалдары мен әдістері.
Жоспарланған ғылыми жоба аясында
жедел гипоксиялық жағдайдың қалыптасуының биохимиялық механизмдерін және
түзету әдістерін зерттеу бойынша ғылыми әдебиеттерге талдау жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |