Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет207/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Лимфа түйіндері 
 
Лимфа түйіндерінің топографиялық бөлінуі 
 
 
Лимфа түйіндері 
Ағзаішілік 
Аймақтық 
(1-ші кезеңдік түйіндер) 
Ағза қақпасы жанындағы 
(3-ші кезеңдік 
(2-ші кезеңдік түйіндер) 
түйіндер) 
Лимфа түйіндері 
сомалық 
қуыстық 
париетальді 
висцеральді 
Лимфа түйіндері 
беткей 
терең 
Ағзалардан шығатын лимфа кем дегенде бір лимфа түйіні арқылы өтсе, асқазан мен 
ішектен шығатын лимфа 6-10 лимфа түйіндері арқылы өтеді. Адамда 1000-ға тарта лимфа 
түйіндері болады, жіңішке ішек шажырқайында 66-дан 404-ке дейін түйін кездеседі. Тек 
өңеш, бауыр, қалқанша без, жүрек, ұйқы безінің аздаған жеке тамырларының лимфа 
түйіндері арқылы өтпей, тікелей кеуде түтігіне құйылатыны ғылыми әдебиетте жазылған. 
Мұндай кезде рак жасушалары тез жайылады (метастаз). 
Лимфа тамырларының көлемі 0,5 мм-ден 30-50 мм-ге дейін. Лимфа түйіні 
құрылысы гистология курсында беріледі, сондықтан біз жалпы шолу жасаймыз: сыртында 
дәнекертінді қапшығы (капсула) бар, ішкі жағында дәнекертінді негіз (стромасы) және 


248 
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
лимфоидты ұлпа (паренхима), қойнаулар орналасқан. 4-6 әкелетін лимфа тамырлары – 
дөңес жағынан, 2-3 әкететін тамырлар қақпа қойнауынан шығады (олардың диаметрі 2 есе 
үлкен). Қойнаулар ішінде ретикулярлық талшықтар мен жасушалардан тұратын ұсақ, 
қуысты тор орналасқан. 
Лимфа тамырлары дөңгелек, сопақша, ірі бұршақ тәрізді сегменттелген, 
жіңішкеріп, таспа тәрізденген пішіндері де кездеседі. 
Лимфа 
түйіндерінің 
құрылыстарының 
ерекшеліктеріне 
сүйене 
отырып 
Л.С.Беспалова оларды үш түрге топтастырды: қойрықпақталған (топталған), аралас 
(аралық) және шашыраңқы. Топтарға бөлу негізіне олардың құйылыстарының саны, 
көлемі, үлкендігі ескерілген. 
Қойрықпақталған түрге тән нәрсе ол көлемді аймақтардан, немесе бірнеше 
ағзалардан шығатын лимфа тамырларды біріктіретін дараланған аймақтық түйіндерден 
тұрады. 
Ал аралас түрі біршама үлкен аймақтан лимфа тамырларын жинайтын және де 
әрқайсысы кішілеу аймақтардан, не болмаса бір-екі ағзалардан лимфа жинайтын 
дараланған немесе көптеген түйіндерден тұратын жекеленген топтардан тұруымен 
ерекшеленеді. 
Шашыраңқы түрі әрқайсысы бір ағзадан лимфаны алып шығатын кішілеу аймақпен 
байланысқан көптеген кішігірім лимфа түйіндерінен құралған. 
Гистологиялық құрылысы бойынша лимфа түйіндерін Ю.И.Бородинде үш түрге 
бөлді: 
1-
түрі. Бөлшектелінген лимфа түйіндері. Бұларда қалқалық (трабекула) аппарат жақсы 
жетілген. Кең қойнаулары бар, қыртыстық заты жекеленген сегменттерге бөлінген, 
әрқайсысында 1-3 лимфа фолликулдары орналасқан. К/М индексі (кесіндідегі қыртыстық 
және милық заттар көлемдерінің ара қатынасы құрылымдық бірлігі деп қабылданған) 1,0 
шамасына тең. Бұндай түйіндердің лимфаны тасымалдау қуаты өте жоғары. 
2-
түрі. Тығыздалған лимфа түйіндері: олар ең көп қалқалардан тұрады. Кесіндісінде, түйін 
қабығынан шығатын қалқалармен қақпа маңындағы дәнекертіндік қалыңдықтың 
арасындағы байланыстарды байқауға болады. 


249 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет