Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет208/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Бұндай түйіндердің қойнаулары тар, ал қыртыстық заты кең, бірыңғай қабат түзеді. К/М 
индексі 1,4 пен 4-ке дейінгі аралықта. 
3-
түрі. Аралық лимфа түйіндері: 1-ші және 2-ші түрлермен салыстырғанда аралық 
түйіндер жиірек кездеседі және де олардың тасымалдау қызметтері тұрақсыз. 
Қойнаулар (синустар) 
 
Қойнаулар деп қабырғалары жалпақ эндотелийтәрізді жасушалардан тұратын, ал 
іші қан жасушалары орналасуы мүмкін талшықтық тін торымен толған түйін затындағы 
тар кеңістікті атаймыз. Қойнаулардың қабырғаларын астарлайтын жасушаларды 
ретотелийлік деп атайды, олардың өзінің екі түрі бар: 
1)
Литоральдық жасушалар – қойнаулардың қабырғаларын астарлайтын. 
2)
Меншікті ретотелийлік – қақпа іші арқылы өтетін. 
Қойнаулардың құрылымы олардың қызметіне байланысты өзгеріп отырады. Шеткі 
қойнауға қарағанда аралық қойнаудың құрылысы күрделілеу. Шеткі қойнаудың қабықтық 
бетінен үш қабаттан тұратын жақсы жетілген базальдық жарғақты байқауға болады, ал 
шеткі және аралық қойнаулардың ішкі беттерінде базальдық жарғақтар болмайды, олар 
коллагендік талшықтардан тұратын, жіңішке жіпшелермен қоршалған ретотелийлік 
жасушалармен астарланған. 
Анатомиялық лимфаның түйін арқылы екі өту жолын айырады: 
1)
Лимфа, әкелуші тамырлар арқылы алдымен шеткі қойнауға құйылады, әрі қарай 
қыртыстық және милық заттардың аралық қойнаулары арқылы өтіп қақпақтық қойнауға 
жетіп әкетуші тамырлар арқылы түйіннен шығады. Бұл жолды «қисық» деп атайды және 
ол зат алмасу үрдісіне тиімділеу. 
2)
«Түзу» жол, қысқа, әкелуші тамырлармен лимфа әуелі шеткі қойнауға құйып әрі қарай 
түйіннің заттары арқылы өтпей тікелей қақпақтық қойнауға жетіп әкетуші тамырлар 
арқылы түйіннен шығады. 
Лимфа түйіндерінің қанмен қамтамасыздануы 
 
Орташа көлемді лимфа түйініне 2-ден 10-ға дейін артериолдар түйіннің дөңес, не 
болмаса қақпа жақтарынан енеді. Артериалдық тамырлар түйін қапшығын тесіп өтіп 
қалқалардың бойымен барлық затына таралады. Жолында көптеген тармақтар бере 


250 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет