Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет211/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

дендрит 
және 
аксон 
деп аталатын екі түрі болады. Дендриттер


252 
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
нервтік импульсті тек нейроннің денесіне қарай өткізсе, ал аксон импульсті нейронның 
денесінен тек ары қарай (басқа нейронға немесе ағзаға) өткізеді. Нервтік импульс бір 
нейроннан екінші нейронға – нейронаралық синапс арқылы беріледі.
Қызметіне байланысты нейрондардың: сезімтал, аралық (ендірме) және қозғалтқыш 
деп үш түрі ажыратылады.
1.
 
Сезімтал 
(афференттік, рецепторлық) 
нейрон. 
Бұл нейрондардың ерекшеліктері – 
олардың денелері орталық нерв жүйесінен тыс орналасқан және дендриттері аксонына 
қарағанда ұзын болады. Сезімтал нейрондардың өсінділері әдетте дендрит және аксон деп 
аталмайды, дендриті – шеткі өсіндісі, аксоны – орталық өсіндісі деп аталады. Сезімтал 
нейронның шеткі өсіндісі рецептордан басталып, орталық өсіндісі жұлында немесе мида 
аяқталады. Рецепторлар сыртқы немесе ішкі ортада әсер ететін тітіркендіргіштерді ( 
ақпаратты ) нервтік импульске айналдырады. Орналасқан жеріне байланысты 
рецепторлардың үш түрін ажыратады.
1.
 
Экстероцепторлар 
сыртқы орта тітіркендіргіштерін қабылдайды. Олар теріде 
және ауыз, мұрын қуыстарының шырышты қабықтарында, сезім ағзаларында орналасып - 
жанасу, температуралық және ауырсыну сезімдерін қабылдайды.
2.
 
Интероцепторлар 
ішкі ағзаларда орналасқан. Олар ішкі ортаның химиялық және 
механикалық әсерлерін қабылдайды.
3.
 
Проприоцепторлар 
тірек-қимыл мүшелерінде (бұлшықеттерде, сіңірлерде, 
шандырларда, байламдарда сүйекқапта және буын қапшықтарында) орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет