Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет212/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

2.
 
Аралық 
(ендірме, ассоциативтік) 
нейрон 
нервтік импульсті сезімтал нейроннан 
қозғалтқыш нейронға жеткізеді.
3.
 
Қозғалтқыш 
(эфферентті, эффекторлы) 
нейрон. 
Бұл нейронның аксондары нерв- 
тердің құрамында ағзаларға барады.
Нерв жүйесінің қызметі рефлекстер арқылы іске асады. 
Рефлекс 
- организмнің 
сыртқы және ішкі ақпараттарға (тітіркендіргіштерге) жауабы. Рефлекстер шартсыз және 
шартты болып екіге бөлінеді.
Туа біткен, тұқым қуалаушы рефлекстер 
шартсыз рефлекстер 
деп аталады. Олар 
жұлын және ми сабауы арқылы іске асады ( төменгі нервтік қызмет).
Жеке өмір сүру барысында организмнің қоршаған ортамен уақытша байланыстар 
түріндегі арақатынасы 
шартты рефлекстер 
арқылы іске асады. Шартты рефлекстер, 
жоғары нервтік қызметті қамтамасыз ететін үлкен ми қыртысының қатынасуымен жүреді. 
Бұл рефлекстер арқылы организм өте күрделі қызметтер атқарады.
Рефлекс өтетін жол 
рефлекстік доға 
деп аталады. Рефлекстік доғаның құрамына 
сезімтал, аралық және қозғалтқыш нейрондар енеді. Рефлекстік доға қарапайым және 
күрделі деп екіге бөлінеді. Қарапайым рефлекстік доғалар арқылы шартсыз, күрделі 
рефлекстік доғалар арқылы шартты рефлекстер іске асады.
Әдетте, қарапайым рефлекстік доға үш нейроннан тұрады. Жұлын арқылы өтетін 
қарапайым рефлекстік доғаның бірінші жалғануниполярлы 
сезімтал нейрондары 
жұлын 
түйінінде орналасқан.Олардың рецепторлардан (терідегі, бұлшықеттердегі және т.б.) 
басталатын шеткі өсінділері жұлын нервтерінің құрамында өтеді.
Рецепторлар арқылы қабылданатын импульс шеткі өсінді арқылы жүріп, нейронның 
денесінде өтеді де, оның орталық өсіндісі арқылы жұлынның артқы мүйізінде орналасқан 
екінші, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет