Жолда жүру ережелері 3-сынып жолда жүру ережелерінің оқу бағдарламасы



Дата25.08.2017
өлшемі202,94 Kb.
Жолда жүру ережелері 3-СЫНЫП Жолда жүру ережелерінің оқу БАҒДАРЛАМАСЫ Жол қозғалысы ережелері бойынша 3-ші сыныпта жол қозғалысы қауіпсіздігі және медициналық көмек көрсету тақырыптарын қоса отрып, айына екі рет қана жүргізіледі, жылына барлығы 18 сағат. Жол қозғалысы ережелерін оқыту сабағы жалпы мектептің бастауыш сыныптары мұғалімдерімен асырылады. Журналда жеке бет толтырылады, онда дәріс тақырыптары жазылады, сабақта болулары туралы белгі қойылады және оқушылар білімінің сабақ бойынша бағалары тіркеледі. Бағалар өлшемі гуманитарлық пәндер бойынша баға қоюдың жалпылама қабылданған нормаларына сәйкес келеді. Әдеттегідей, сабақты сынып жетекшілері жүргізеді және ЖҚЕ оқытып, үйретуге жауапты адам мен әкімшілік бақылауда ұстайды. ЖҚЕ бойынша оқушылармен дәрістерді арнайы жабдықталған бөлмеде немесе арнайы автоалаңда (мектеп ауласында, дене тәрбиесі залында) көрнекі-оқу құралдарын, жабдықтарды және балалардың көлік құралдарын пайдалана отырып өткізу ұсынылады. Алаңда өтетін жерлерде: жол қиылыстарында, жүргіншілер өтпесінде жол таңбалары салынады; уақытша немесе тұрақты бағдаршамдар, жол белгілері мен басқа да жабдықтар орнатылады.

Кейбір сабақтарды көшеде, жол қиылысында, алаңда (көлік құралдары қозғалысы мен жүргіншілер жүрісін көрсете отырып), қоғамдық көлікте өткізу ұсынылады.

Дәрістерді, жекелеген әңгімелерді, экскурсияларды және т.с.с. өткізу үшін мұғалім (сынып жетекшісі) жол полициясы қызметкерлерін, көлік құралдары жүргізушілерін тарта алады.

Оқыту және сыныптан тыс жұмыс процесінде оқушыларды көшелер мен жолдарда өздерін саналы ұстауға, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындауға тәрбиелеуге ықпал жасайтын қысқаметражды кинофильмдер, бейнефильмдер, диафильмдер, диапозитивтер көрсетіледі, КТК-лар, викториналар, жүргіншілер мен велосипедшілер қозғалысы қауіпсіздігі жөнінен жарыстар ұйымдастырылады.



Әрбір сабақтан соң бақылау сұрақтары, тапсырмалар көмегімен оқушының Жол қозғалысы ережелерін қалай меңгергендігін анықтайтын тексеріс жүргізіледі.

р/т

айы

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мер зімі

1.

қыркүйек

Оқушылардың көшеде және жолда өзін-өздері ұстау ережелері.

1

10.09.2016

2.

қыркүйек

Оқушылардың көшеде және жолда өзін-өздері ұстау ережелері.

1

24.09.2016

3.

қазан

Аялдау жолы және қозғалыс жылдамдығы.

1

08.10.2016

4.

қазан

Жүргіншілер өтпелері.

1

22.10.2016

5.

қараша

Реттелмейтін көше қиылыстары.

1

12.11.2016

6.

қараша

Реттелетін көше қиылыстары. Бағдаршам.

1

19.11.2016

7.

желтоқсан

Реттеуші және оның белгілері.

1

03.12.2016

8.

желтоқсан

Жолды тағы қай жерден кесіп өтуге болады.

1

17.12.2016

9.

қаңтар

Автобуста және троллейбуста жүру.

1

14.01.2017

10.

қаңтар

Трамвайда және көліктің басқа да түрлерінде жүру.

1

21.01.2017

11.

ақпан

Жол белгілері және жолға таңбалар салу.

1

18.02.2017

12.

ақпан

Ойнауға қай жерде болады және қай жерде болмайды.

1

25.02.2017

13.

наурыз

Жарақаттанған кездегі алғашқы медициналық көмек.

1

04.03.2017

14.

наурыз

Жарақаттанған, жаралап алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсете білуге дағдылану.

1

11.03.2017

15.

сәуір

Сен – велосипедшісің.

1

22.04.2017

16.

сәуір

Қала сыртына шығу.

1

29.04.2017

17.

мамыр

Көше жүргізушілер көзімен.

1

06.05.2017

18.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1

20.05.2017




Барлығы:

18




    1. Оқушылардың көшеде және жолда өзін-өздері ұстау ережелері.

Жолдағы тәртіп. Жүргіншілердің тротуармен жүрген кездегі міндеттері. Жүргіншіге тротуарда тап болуы мүмкін қауіп. Өзіңді көшеде және достарыңмен, ағаңмен, апаңмен, қарт кісілермен жүргін бөлікті кесіп жүріп өту кезінде қалай дұрыс ұстау керек. Жүргіншілер мен көлік құралдарының оң жақты қозғалысы. Көше қиылыстары және олардың түрлері. Көше және оның құрамдас бөліктері: жүргін бөлік, тротуар туралы әңгіме; олардың мақсаты. Көше және оның құрамдас бөліктері: жүргін бөлік, жол жиегі, кювет туралы әңгіме. Жүргіншілер мен велосипедшілердің жолы. «Үй – мектеп – үй» бағдарын жасап, осы бағдардағы жүргінші үшін барлық қауіпті жерлерді көрсету.

3. Аялдау жолы және қозғалыс жылдамдығы. Қозғалыс жылдамдығы және автомобильді тежеу. Аялдау жолы және тежеу жолы. Жүргіншілер мен жүргізушілердің тәуліктің әртүрлі уақытындағы қозғалысының ерекшеліктері. 4. Жүргінші өтпелері. Екі жақты және бір жақты қозғалысты жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері. Жүргін бөлікті жүріп өту кезіндегі қауіпті жағдайлар. Балалармен болған жол-көлік оқиғаларының мысалдары (жол полициясының материалдары бойынша). Олардың туындау себептерінің талдауы.

5. Реттелмейтін көше қиылыстары. Реттелмейтін көше қиылысында жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері. Реттелмейтін көше қиылысында жүргін бөлікті кесіп жүріп өту кезіндегі қауіпті жағдайлар. Мектеп шағын ауданындағы реттелмейтін көше қиылыстары. 6. Реттелмелі көше қиылыстары. Бағдаршам. Бағдаршамның мақсаты. Бағдаршам белгілері және олардың мәні. Бағдаршамдар түрлері. Реттелетін көше қиылысында жүргін бөлікті кесіп жүріп өту кезіндегі қауіпті жағдайлар. Бағдаршам тарихынан. Мектепке жақын көше қиылысына экскурсия.

7. Реттеуші және оның белгілері.

Реттеушінің белгілері және жүргін бөлігін осы белгілер бойынша кесіп жүріп өту ережелері.

Жол полициясы. Жол полициясы шешетін мақсаттар мен міндеттер. Жол полициясының инспекторы, оның жұмысы. 13.

8. Жолды тағы қай жерден кесіп жүріп өтуге болады.

Көзге шалынатын аймақта жүргінші өтпесі немесе көше қиылысы болмаған кезде жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері.

Мұндай кесіп жүріп өту кезінде туындайтын қауіпті жағдайлар.

Жүргін бөлігін мұндай кесіп жүріп өту кезінде балалармен болған жол-көлік оқиғалары мысалдары (жол полициясы материалдары бойынша). Олардың туындау себептерінің талдауы.



9. Автобуста және троллейбуста жүру.

Жолаушылардың міндеттері.

Автобус пен троллейбусты пайдалану ережелері.

Аялдамаға қозғалыс кезінде және қоғамдық көлік құралынан (автобустан, трамвайдан немесе троллейбустан) түскеннен кейін көшені (жолды) кесіп жүріп өту ережелері.

Мектеп шағын ауданындағы автобус пен троллейбус аялдамалары.

Балалармен болған жол-көлік оқиғаларының мысалдары (жол полициясы материалдары бойынша). Олардың туындауы себептерінің талдауы. 10. Трамвайда және көліктің басқа да түрлерінде жүру. Аялдамаға қозғалыс кезінде және трамвайдан түскеннен кейін жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері. Бағдарлық такси, жеңіл автомобиль, мотоцикл, велосипед, жүк машинасын пайдалану кезінде өзін-өзі қауіпсіз ұстау ережелері. 11. Жол белгілері және жолға салынған таңбалар.

Жол белгілерінің жүргіншілер мен жүргізушілер үшін мәні.

Жол белгілері: «Велосипед жолы», «Велосипедпен жүруге тыйым салынған», Табличкалар.

Жолға салынған таңбалар, оның мақсаттары мен түрлері.

12. Ойнауға қай жерде болады және қай жерде болмайды.

Өздігінен жүретін құралдармен қалада және қала сыртында ойнау мен жүруге арналған жерлер. Теміржолға жақын маңда ойнаудың қауіптілігі.

Мектеп пен үй шағын ауданының қай жерінде ойнауға болады. 13. Жарақаттанғанда алғашқы медициналық көмек. Жарақат түрлері: сынықтар, ауыртып алулар, жаралар, жаралап алулар, күйіктер және т.с.с. Қан ағудың түрлері: артериалдық, веноздық, капиллярлық. 14. Жарақаттанғанда, жаралап алғанда алғашқы медициналық көмек көрсете білуге дағдылану. Қысып таңып тастау және бұрау салу жөнінен практикалық сабақ.

Орамал сияқты үшбұрыштап, айналдырып және мықтап бекітіп таңып байлау жөнінен практикалық сабақ. 15. Сен – велосипедшісің.

Велосипедте велофигуралар элементімен ойындар және жарыстар. 16. Қала сыртына шығу. Қала сыртындағы жолмен жүргіншілер қозғалысының ережелері. Жүргіншіге қала сыртындағы жолда төнетін қауіптіліктер. Қала сыртында балалармен болатын жол-көлік оқиғаларының мысалдары (жол полициясы материалдарынан). Олардың туындау себептерінің талдауы.. 17. Көше жүргізушілер көзімен. Жол-көлік оқиғасы (ЖКО) деген не? Жол-көлік оқиғаларының жүргіншілер кінәсінен туындау себептері:


  • жүргін бөлікті белгіленбеген жерден кесіп жүріп өту, өте жақын қозғалып келе жатқан көлік алдынан өту, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамастан өту;

  • жүргін бөлікке кедергілер (автобустың, автомобильдің, бұталардың) артынан кенеттен шыға келу;

  • 14 жасқа толмаған балалардың велосипедте жүргін бөлікте жүруі;

  • жүргін бөлікте не оған жақын ойнау.

  1. Қорытынды сабақ.

Жол қозғалысы ережелері бойынша ойын-жарыс.

Қорытындысын шығару. Үздік оқушыларды марапаттау.



Жолда жүру ережелері 1-СЫНЫП Жолда жүру ережелерінің оқу БАҒДАРЛАМАСЫ Жол қозғалысы ережелері бойынша 1-ші сыныпта жол қозғалысы қауіпсіздігі және медициналық көмек көрсету тақырыптарын қоса отрып, айына екі рет қана жүргізіледі, жылына барлығы 18 сағат. Жол қозғалысы ережелерін оқыту сабағы жалпы мектептің бастауыш сыныптары мұғалімдерімен асырылады. Журналда жеке бет толтырылады, онда дәріс тақырыптары жазылады, сабақта болулары туралы белгі қойылады және оқушылар білімінің сабақ бойынша бағалары тіркеледі. Бағалар өлшемі гуманитарлық пәндер бойынша баға қоюдың жалпылама қабылданған нормаларына сәйкес келеді. Әдеттегідей, сабақты сынып жетекшілері жүргізеді және ЖҚЕ оқытып, үйретуге жауапты адам мен әкімшілік бақылауда ұстайды. ЖҚЕ бойынша оқушылармен дәрістерді арнайы жабдықталған бөлмеде немесе арнайы автоалаңда (мектеп ауласында, дене тәрбиесі залында) көрнекі-оқу құралдарын, жабдықтарды және балалардың көлік құралдарын пайдалана отырып өткізу ұсынылады. Алаңда өтетін жерлерде: жол қиылыстарында, жүргіншілер өтпесінде жол таңбалары салынады; уақытша немесе тұрақты бағдаршамдар, жол белгілері мен басқа да жабдықтар орнатылады.

Кейбір сабақтарды көшеде, жол қиылысында, алаңда (көлік құралдары қозғалысы мен жүргіншілер жүрісін көрсете отырып), қоғамдық көлікте өткізу ұсынылады.

Дәрістерді, жекелеген әңгімелерді, экскурсияларды және т.с.с. өткізу үшін мұғалім (сынып жетекшісі) жол полициясы қызметкерлерін, көлік құралдары жүргізушілерін тарта алады.

Оқыту және сыныптан тыс жұмыс процесінде оқушыларды көшелер мен жолдарда өздерін саналы ұстауға, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындауға тәрбиелеуге ықпал жасайтын қысқаметражды кинофильмдер, бейнефильмдер, диафильмдер, диапозитивтер көрсетіледі, КТК-лар, викториналар, жүргіншілер мен велосипедшілер қозғалысы қауіпсіздігі жөнінен жарыстар ұйымдастырылады.



Әрбір сабақтан соң бақылау сұрақтары, тапсырмалар көмегімен оқушының Жол қозғалысы ережелерін қалай меңгергендігін анықтайтын тексеріс жүргізіледі.

р/т

айы

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1.

қыркүйек

Көше күтпеген жағдайларға толы

1

10.09.2016

2.

қыркүйек

Көше күтпеген жағдайларға толы

1

24.09.2016

3.

қазан

Практикалық сабақ (экскурсиялар, үстел үстіндегі ойындар).

1

08.10.2016

4.

қазан

Аялдау жолы және қозғалыс жылдамдығы.

1

22.10.2016

5.

қараша

Жүргіншілер өтпелері.

1

12.11.2016

6.

қараша

Реттелмейтін көше қиылыстары.

1

19.11.2016

7.

желтоқсан

Реттелетін көше қиылыстары. Бағдаршам.

1

03.12.2016

8.

желтоқсан

Жолдан тағы қай жерде өтуге болады.

1

17.12.2016

9.

қаңтар

Автобуста және троллейбуста жүру.

1

14.01.2017

10.

қаңтар

Трамвайда және көліктің басқа да түрлерінде жүру

1

21.01.2017

11.

ақпан

Жол белгілері және жолға салынатын таңбалар.

1

18.02.2017

12.

ақпан

Ойнауға қай жерде болады және қай жерде болмайды.

1

25.02.2017

13.

наурыз

ЖКО кезіндегі жарақаттардың түрлері.

1

04.03.2017

14.

наурыз

Жарақаттанғанда өзіңе және жолдасыңа қалай көмектесу керек.

1

11.03.2017

15.

сәуір

Сен – велосипедшісің.

1

22.04.2017

16.

сәуір

Қала сыртына шығу.

1

29.04.2017

17.

мамыр

Жол жүргізушілердің көзімен.

1

06.05.2017

18.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1

20.05.2017




Барлығы:

18




    1. Көше күтпеген жағдайларға толы.

Біз тұратын қала, кент. Мектеп орналасқан шағын аудандағы негізгі көшелер.

Көшеде неліктен қауіпті. Жол қозғалысы ережелерін неліктен білуге және орындауға тиіспіз.

Көше элементтері: жүргін бөлік, тротуар. Жаяу жүргіншілер қоршаулары. Көшедегі қауіпсіздік. Тротуарда қалай дұрыс жүру, жүргін бөлікті қалай дұрыс

кесіп жүріп өту керек.

Мектепке және үйге неғұрлым қауіпсіз жол. Нақты бағдарды талдау.

Бірі екіншісіне көмектеседі (көшені өзің кесіп жүріп өте алмасаң – ересек адамнан көмек сұра).

Көшедегі тәртіп – қауіпсіз қозғалыс кепілі. Мұқият және абай бол!


  1. Практикалық сабақ.

Қалаға (кентке) экскурсия - № 1-2 сабақтарды практикалық бекіту.

ЖҚЕ бойынша үстел үстіндегі ойындар мен жылжымалы ойындар және арнайы автоалаңдардағы сайыстар.



  1. Аялдау жолы және қозғалыс жылдамдығы.

Жүргін бөлікке кенеттен жүгіріп шығу неліктен қауіпті.

Автомобильді қас-қағым сәтте тоқтату мүмкін емес.

Автомобильдің аялдау жолы.

Балалармен болған жол-көлік оқиғаларының мысалдары (жол полициясының мәліметтері бойынша).



  1. Жүргіншілер өтпелері.

Жолды қай жерде кесіп жүріп өтуге болады.

Реттелмейтін жүргінші өтпесі, оның белгілері (жол белгілері, жолға салынған таңбалар).

Екі жақты қозғалыс жолы. Егер жүргін бөлікті кесіп жүріп өтуге үлгермесең не істеу керек. Жүргін бөліктің ортасында тұрған жүргіншінің өзін-өзі ұстауы.

Бір жақты қозғалыс жолы. Қозғалысы бір жақты жолды кесіп жүріп өту ережелері.



  1. Реттелмейтін көше қиылыстары.

Көше қиылысы деген?

Көлік құралдарының көше қиылысындағы қозғалысы. Көлік құралдарының бұрылуы. Жүргізушілер беретін сақтандыру белгілері.

Реттелмейтін көше қиылысының белгілері. Реттелмейтін көше қиылысындағы жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері. 7.Реттелетін көше қиылыстары. Бағдаршам.

Бағдаршам не үшін қажет?

Бағдаршам белгілері: қызыл, сары, жасыл. 3-секциялы бағдаршам қалай жұмыс істейді.

Бағдаршамы бар көше қиылысында жолды қалай кесіп жүріп өту керек.

Жүргінші бағдаршамы және оның белгілері. Дыбыстағыш қондырғысы бар жүргінші бағдаршамы.


  1. Жолды тағы қай жерден кесіп жүріп өтуге болады.

Жер үстіндегі және жер астындағы жүргінші өтпелері, олардың белгілері.

«Жер асты жүргінші өтпесі», «Жер үсті жүргінші өтпесі» жол белгілері.

Мұндай өтпелердің барлығы кезінде жолды кесіп жүріп өту ережелері.

Жүргіншілердің арнайы дабыл белгілері қосылған көлік құралдары (көк жарқылдауыштары және дыбыс дабылдары) жақындаған кездегі іс-әрекеттері.



  1. Автобуста және троллейбуста жүру.

Қандай көлік құралдарын бағдарлық деп атайды?

Қала бағдарлық көлігі: автобустар, троллейбустар, трамвайлар, бағдарлық таксилер.

Автобустың және троллейбустың аялдамасы, олардың белгіленулері. Аялдамаға қалай дұрыс өтуге болады. Аялдамада өзін-өзі ұстау ережелері.

Автобус және троллейбус жолаушыларына арналған көлікке кірер кездегі, салон ішіндегі және шығар кездегі ережелер.

Автобустан немесе троллейбустан түскен кезде жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері.


  1. Трамвайда және көліктің басқа да түрлерінде жүру.

Трамвай аялдамасы. Оның белгіленуі, трамвай аялдамасының автобустікінен айырмашылығы.

Трамвай аялдамасына қалай өту керек. Трамвай аялдамаларында өзін-өздері ұстау ережелері.

Трамвай жолаушыларына арналған кіру кезіндегі, вагон ішіндегі және шығу кезіндегі ережелер.

Трамвайдан түскеннен кейін жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері.

Бағдарлық таксилер. Оның бағдарлық автобустан айырмашылығы. Бағдарлық таксилерді қалай дұрыс пайдалануға болады.

Жеңіл автомобильді пайдалану ережелері (кіру, жүру, шығу).



  1. Жол белгілері және жолға салынған таңбалар.

Жол белгілері мен жолға таңба салудың мақсаты.

Жол белгілері: «Жүргінші өтпесі» (ақпараттық-көрсеткіштік).

«Жер асты жүргінші өтпесі», «Жер үсті жүргінші өтпесі», «Автобус және (немесе) троллейбус аялдамасының орны», «Трамвай аялдамасының орны», «Жүргіншілер қозғалысына тыйым салынады», «Жол жұмыстары» (барлығы 7 белгі).


  1. Ойнауға қай жерде болады және қай жерде болмайды.

Жолдың жүргін бөлігінің жанында, жол жұмыстары жүріп жатқан жерлерде, көлікте ойнаудың қауіптілігі.

Ойнауға және өздігінен жүретін құралдарда жүруге және т.б.арналған жерлер.

Егер доп жолдың жүргін бөлігіне домалап кетсе не істеу керек.


  1. ЖКО кезіндегі жарақаттардың түрлері.

Жарақаттар түрлері: сынықтар, ауыртып алулар, жаралар, күйіктер және т.с.с.

Жүргіншіні соққан кезде алынатын жарақаттардың негізгі түрлері.

Жолаушылардың кабинада немесе автомобиль салонында отырғандарында алатын негізгі жарақат түрлері.

Велосипедшілерге тән жарақат алу.



  1. Жарақаттанған кезде өзіңе және жолдасыңа қалай көмектесу керек.

Қан ағудың түрлері: артериалдық, веноздық, капиллярлық.

Қан ағуын тоқтату тәсілдері.

Байлап-орау түрлері.


  1. Сен – велосипедшісің.

Велосипед тарихы, оның жалпы құрылымы.

Велосипед туралы онымен жүргенде қауіпсіз болу үшін нені білу керек.

14 жасқа дейін велосипедте қай жерде жүруге болады.


  1. Қала сыртына шығу.

Қала сыртындағы жол элементтері. Жол жиегі, жүргіншілер жолы – жүргіншілер жүруге арналған жерлер.

Қала сыртындағы жолмен жүргіншілер қозғалысы ережелері.



  1. Жол жүргізушілердің көзімен.

Жолдың жүргін бөлігі – жүргізушілердің жұмыс орны.

Жол-көлік оқиғалары (ЖКО) неліктен болады?



Жүргізуші тәртіп бұзған жүргіншілерді қалай көреді?

  1. Қорытынды сабақ.

ЖҚЕ туралы диафильмдер, бейнефильмдер, слайдтар көру.

Қорытынды шығару (тестілеу)
Каталог: BBBFB194BEE706A2
BBBFB194BEE706A2 -> Степногорск қаласы «Бөгенбай ауылының бастауыш мектебі» кмм
BBBFB194BEE706A2 -> Тәрбие жұмысының мазмұны
BBBFB194BEE706A2 -> Сабақ жоспары сабақ: жаратылыстану 4А бөлім Жануарлар-жануарлардың көп түрлілігі
BBBFB194BEE706A2 -> Информация проведения мероприятий по акции «забот а». 2010-2011уч год
BBBFB194BEE706A2 -> Тарау білім беру жүйесі әлеуметтік – экономикалық дамудың жетекші факторы
BBBFB194BEE706A2 -> Бөгенбай ауылының бастауыш мектебі 2016-2017 оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспар кестесі


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет