Ұлы Жеңіс өлкеміздің әдебиеттерінде
2010 жылы 21 сәуір күні сағат 14-00 де 4-5 сыныптар арасында өткізілген оқырман конференциясы
Мақсаты:
- оқушыларды біздің жерлес қаһарман жазушылардың яғни Қасым Қайсеновтың шығармашылығымен таныстыру.
Оқушыларға «Жас партизандар» атты повесін оқытып, Отан сүйгіштік, адалдық, сатқындық, зұлымдық және жаза деген ұғымдарды түсіндіру;
Кітап оқуға, кітапханаға келуге баулу.
Көрнекіліктер:
«Ешкім де, еш нәрсе де ұмыт қалмайды» атты кітап көрмесі.
Тақтада үлкен әріппен оқырман конференцияның аты жазылып тұр: Ұлы Жеңіс өлкеміздің әдебиеттерінде.
Оқушыларға алдымен тапсырма берілген:
-Өз беттерімен Қасым Қайсеновтың өмірбаяны бойынша ізденіс жұмыс жасау:
1) Қ.Қайсеновтың «Жас партизандар» повесін оқу;
2) Осы повесть бойынша қойылған сұрақтарға
жауаптарын дайындау.
Цитата: Соғыс деген болмаса екен ешқашан,
Бұлт жаппасын бейбітшілік аспанын.
«Отан үшін!» деп күрескен әрқашан
Батырларды ұмытпайық, достарым!
Кітапханашы:
Балалар, біз бүгін Қасым Қайсеновтың шығармашылығы туралы яғни «Жас партизандар» атты повесі туралы әңгімелесеміз.
1-оқушы: Қасым Қайсенов 23.04.1918 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ кентінде туған. Жазушы, аудармашы. 1995 жылы Халық Қаһарманы атағы берілді.
1938 жылыӨскемен саяси-ағарту техникумын бітірген.
1939-1940 жылдары Павлодар облысының оқу бөлімінде инспектор болып жұмыс істеген.
2-оқушы: 1940 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, арнаулы әскери мектептен өткен. 2-ші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
1945-1953 жылдары Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңес Президиумында, Жамбыл облысында Жуалы, Свердлов (қазіргі Байзақ ауданы) ауданында Кеңестерінің атқару комитеттерінде жауапты қызметте болған.
3-оқушы: 1953-1970 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында және баспа орындарында «Жазушы», «Қайнар» баспасында редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарған.
Өр Алтайдан түлеп ұшқан алып қыран бүкіл қазақ аспанына адамдық, азаматтық атын өшпестей жазып кетті. Батыр атамыздың тұтас өмір жолы өзінің «Жас партизандар», «Илько Витряк», «Переяславль партизандары», «Ажал аузында», «Жау тылындағы бала», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары», «Мен жастарға сенемін» кітаптарында боямасыз баяндалған.
4-оқушы: Сонымен бірге Қасым Қайсеновтың тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары жарық көрді. Қасым Қайсеновтың шығармалары шетел халықтары (орыс, украин, қырғыз) тілдеріне аударылған. М.Мұратовтың «Ломоносовтың жастық шағы», Н.Томанның «Сабылтқан сағым» повестерін аударған.
Қазақстан Республикасының «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісімен,
«Чехословакия партизаны»,
Украинаның 3-дәрежелі «Даңқ» (2003),
2 рет 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен,
медальдармен, есімі жазылған қарумен марапатталған.
Кітапханашы: 2006 жылдың 30 желтоқсанында қазақты тау құлағандай қайғыға батырды.
Біз көрмеген Қабанбай батырдың 20 ғасырдағы жалғасы, оқ пен оттан аман оралып, туған елінің тәуелсіздігіне марқайған, нар тұлға Қасым Қайсенов озды өмірден.
Құндыларды құнсызданған заманда айбыны асқақ,тумысы батыр ақсақалдың арамызда аман-есен жүре тұрғаны жөн еді. Оны бізден кім сұрапты?!
Ал енді балалар, айтыңдаршы, біздің қаламызда Қасым Қайсенов атындағы қандай мекемелер немесе көшелер бар?
Ол Кітап үйі және Қасым Қайсеновке арналған тақта. Ұлан ауданында Тарғын аулында Қасым Қайсенов атындағы көше бар.
«Жас партизандар» повесін талқылауға арналған сұрақтар.
Бас кейіпкерлерінің аты-жөні.
Илько Витряк деген кім?
Ол қандай бала?
Ол өз Отаның, ата-анасын жақсы көре ме?
Сендер Илько Витряк сияқты бола аласыңдар ма?
Илько Витряктың қасиеттері қандай, сол сияқты істей аласың ба?
Жағымды және жағымсыз кейпкерлерді атап шығындар.
Балалар сендер Қасым Қайсеновтың тағы қандай шығармаларын білесіңдер?
Ұлы Отан соғысы туралы, біздің соғысқа қатысқан ата-бабаларымыз туралы не айтасыңдар?
10. Балалар, қалай ойлайсыңдар Илько Витрякты неге партизан бөліміне қабалдады?
Кітапханашы: Сонымен қалам мен қару ұстаған Қаһарман Жазушы Қасым Қайсновтың шығармашылығы терен, көлемді деуге болады. Осы мерекелік оқырман конференциямызды аяқтар алдында, мен сендерге соғыс болмасын, ашық аспанның астында күліп, жақсы оқуға, ата-ананы ардақтап аялап, мектебімізді өркендетуін тілейм.
Соғыс деген болмаса екен ешқашан,
Бұлт жаппасын бейбітшілік аспанын.
«Отан үшін!» деп күрескен әрқашан
Батырларды ұмытпайық, достарым! – деп оқырман конференциямызды аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |