Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ -Түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Математика кафедрасы
Деңгейлік сұрақтар
Орындаған: Абдимажитова Шахниза
Тобы:ЖМА- 011
Түркістан-2021ж
Деңгейлік сұрақтар.
І-деңгей
1. Талдағыштарға қандай мүшелер жатады және талдағыштардың бөлімдері мен орталық қасиеттері қандай?
Анализаторлар немесе талдағыштар-шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен тұрады:
1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім ;
2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім;
3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім.
Анализаторлардың көмегімен адам мен жануарлар организмдері мен қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, үлпалар мен мүшелердің қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады.
1. Көздің жалпы құрылысы мен маңызы.
ІІ-деңгей
1. Көздің торлы қабығы және ондағы таяқшалар мен сауытша клеткалардың қызметі, фотохимиялық реакция.
Торлы қабық – көзге көрінетін түсті ажыратушы, жұқа жүйкелік жарғақ. Торлы қабықтағы жүйке жасушалары көздің көріп тұрғандығы туралы сигналды көру жүйкесі арқылы миға жеткізеді. Торлы қабық көздің артқы үштен екі бөлігін алып жатады және 2 қабаттан тұрады: 1.сезімталды торлы қабық және 2.пигментті эпителиаді торлы қабық.
Фотохимиялық реакциялар - электромагнитті толқындардың, оның ішінде жарықтың әрекетімен болатын химиялық процестер. Табиғатта кеңінен тараған, фотосинтездің, озон қабатының түзілуі мен бұзылуының, фотохимиялық у түтін пайда болуының және ластағыш заттектердің, басқа да бірқатар айналуларының негізі осы фотохимиялық реакциялар болып табылады.
2. Түрлі түсті бояудың көру қағидасы.
Көз көру қызметі – диаспарантты рецептор, ол бізге қоршаған орта туралы толық мәлімет береді. Көру қызыметінің негізгі көздің жарықсезгіштігі тор қабықпен жарықты қабылдауда 2 бөлімді ажыратады – орталық бөлімі сары дақ онда құтышалар бар және шеткі бөлімі онда таяқшалар шоғырланған. Таяқшалар мен құтышалар өткізу жолдары мен көру орталықтары 2 және көру аппараттары . Олардың арасында анатомиялық және функциональді байланыс бар. Оның дәлелдемесі күндізгі көрудің біртіндеп түнгіге өтуі. Көру анализаторлары 5 көру қызметін жүзеге асырады:
1.жарықты сезу
2. шеткі, түнгі көру
3.орталық немесе күндізгі көру
4.түсті көру
5.бинокулярлы көру
ІІІ-деңгей
1. Көру талдағышының жас ерекшеліктері қандай?
Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 грамм-дай ғана. Бұл ересек адамның көзінің салмағынан 2 есе кем. Ересек адамның көзі 6-8 г. Алғашқы жылы көз алмасы көз шарасынан жылдамырақ өседі де баланың көзі үлкен болып көрінеді. 3 жаста көз алмасы ересек адамның көзінің 90% болады. 6 жаста ересек адамның көзімен теңеседі. Дегенмен көз шарасының алдыңғы-артқы диаметрі ересек адамның көзінің 95% ғана болады, яғни сәл жалпақтау келеді. Ересек адамның көзі дөңгелек шар пішінді. К ө з ж а сының безі жаңа туған нәрестеде толық жетілген, бірақ оған келетін жүйке талшығы әлі жетілмегендіктен алғашқы 3-5 айға дейін жылағанда көз жасы шықпайды. Нәрестенің көзінің қозғалысы екі көзіңде бірдей емес, тіпті бір көзін жұмып, екінші көзін ашуы да мүмкін. Көзін жыпылықтату қабілеті өте нашар болады. 2 айға толғанда ғана екі көзі бірдей қозғалады, яғни сәйкес қимылдай бастайды.Көзге затты жақындатқанда баланың екі көзін бірдей жұмуы тек 1 жасқа жақыңдағаңда сәйкестеледі. 2-3 жаста көздерінің қозғалысы толық үйлеседі.
2. Есту талдағышының жас ерекшеліктері қандай?
Есту жолының ішкі шетінің қиғаш орналасу қалпына байланысты жарғақ қиғаш, ал жаңа туған нәрестелерде горизонтальды орналасады.Ересек адамда дабыл жарғағы сопақ пішінді келеді; ол жұқа жартылай жарық өткізетін пластинка болып табылады.
Ересектерде сыртқы есту түтігі қабынғанда пальпациялағанда құлақ түйіні аймағы,ал балаларда аралық құлақтың жіті қабынуы кезінде ауырады,өйткені жас балаларда сыртқы есту тесігінің сүйек бөлімі болмайды. Үлкен адамда дабыл жарғағы есту түтігінің төменгі қабырғасымен салыстырғанда 45 градус бұрышта, ал балаларда 20 градус шамасында болады. Есту түтігі ересек адамдарда ұзындығы 3,5 см,Есту түтігі екі жасқа дейінгі балаларда қысқа және кең болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Достарыңызбен бөлісу: |