№ 23 орта мектеп
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
АНА ТІЛІМ – ЖҮРЕГІМНІҢ БӨЛШЕГІ
Өткізген :қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абзалбекова А.А.
2018-2019 оқу жылы
Ана тілім-жүрегімнің бөлшегі (мәнерлеп оқу сайысы)
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің мәртебесін жоғары ұстауға, өзге тілдің бәрін білгенімен, өз тілін құрметтеуге, ана тілінің айбыны асқақтатуда еңбек етулерін, тіл жанашырлары болу керек екендіктерін түсіндіру. Оқушылардың тілге деген көзқарасын кеңейту, сөздік қорын молайту.
1-жүргізуші:
Қайырлы күн ұстаздар, сайысқа келген қонақтар, жүрегі ана тілім- жүрегім деп соққан, ана тілімен сусындап өскен ана тіл жанашырлары! Бүгінгі мектебімізде өткелі отырған, тілдер күніне арналған «Ана тілім-жүрегімнің бөлшегі» атты мәнерлеп оқу сайысын ашық деп жариялаймыз! Бүгінгі тілдер күні мерекесі Ахмет Байтұрсынов есімімен тікелей байланысты.
2-жүргізуші:
Ахмет Байтұрсынов қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Ахмет Байтұрсынұлының ана тіліне, қазақ тіл біліміне қосқан үлесі өте зор. Оның дәлелі ретінде қараңғылықтың қамауынан алаш жұртын аршып алуға арналып, алғашқы сауат ашу құралы ретінде жазылған “Оқу құралынан” бастап, “Әліп-би”“ мен “Тіл құрал”еңбектерін атауға болады.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны)
1-жүргізуші:
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар- дей келе, мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды таныстыра кетейік.(Топ сайыскерлері ортаға шығады)
Бұл сайыс 3-4 сыныптар арасында өтеді.Сайысымызда бастамас бұрын әділ-қазылар алқаларымен танысып алайық.
_________________________________________________________________
Сайыста:А.Байтұрсынұлының ана тіліне қатысты не болмаса кез-келген бір ақынның өлеңін мәнерлеп, жатқа айтып беру керек. (қай топ нақышына жеткізіп, мәнерлеп оқыса,сол жеңімпаз болады)
2-жүргізуші:
Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем- деп, Несіпбек Айтұлы ағамыз жырлағандай, бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының шымылдығын түріп, кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші:
Өзгеге көңілім, тоярсың
Өлеңді қайтып қоясын.
Сені айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың - деп ұлы ақынымыз Абай атамыз айтқандай кезек өлеңдерге беріледі: ( Әр бала шығып өлеңдерін оқиды.)
2-жүргізуші
Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам мені.
1-жүргізуші
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім-дей келе бүгінгі тілдер күні мерекесіне арналып ұйымдастырылған «Ана тілім-жүрегімнің бөлшегі» атты сайысымызды жабық деп жариялаймыз! Назар қойып тыңдағандарыңызға көптен -көп рахмет!
Сайыстан қанжығасын жүлдемен байлаған озық оқушылар мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |