Нуржігіт Алтынбеков
Сопақша мидың ақ заты негізінен жоғарылаған және төмендеген өткізгіш
жолдардан тұрады. Жоғарылаған өткізгіш жолдар (ауырсыну және температура
сезімталдығы және т.б) сопақша мидың дорсалды бөлігі арқылы, төмендеген өткізгіш
жолдар (пирамидалық жол) вентралды бөлігі арқылы өтеді
. Нерв талшықтарының
бұл
, екі
тобы да жұлынды бас миының жоғары орналасқан бөліктерімен байланыстырып, сопақша
ми арқылы өтеді. Сонымен қатар, оливалық ядро мен
торлы құрылымнан
жұлынға
қарай
төмендеген және мишыққа жоғарылаған талшықтар шығады.
Жіңішке
және сынатәрізді
будалар ядролары талшықтарының көп бөлігі қиылыс түзіп
медиалды, ілмекке,
lemniscus
medialis
,
өтеді, ал бір бөлігі мишыққа барады. Сонымен, сопақша мида екі қиылыс
:
пирамидалар қиылысы
және
медиалды ілмек қиылысы,
decussatio lemniscorum medialium
,
орналасады.
(«Орталық нерв жүйесінің
өткізгіш
жолдарын» қараңыз).
Медиалды ілмек
қиылысының үстінде
артқы бойлық буда, fasciculus longitudinalis dorsalis,
өтеді. Бұл буда
ми сабауы мен жұлында орналасқан вегетативтік орталықтарды бір-бірімен
байланыстырып, қызметтерін үйлестіріп отырады
.
Артқы ми
Артқы мидың
, metencephalon,
құрамына
вентралды
орналасқан
көпір,
және
дорсалды
орналасқан
мишық
кіреді.
Омыртқалылар эволюциясында көпір мен мишықтың
түзілуі сүтқоректілерде күштірек дамыған статокинетикалық және есту қызметінің
жетілуімен тығыз байланысты болды. Көпір мен мишықтың құрылымдық
дамуы,
үлкен
мидың эволюциялық күрделенуімен
қатар
жүрді.
Достарыңызбен бөлісу: |