264
Нуржігіт Алтынбеков
пирамиданың нерв талшықтарының,
бір
бөлігі
қарсы жаққа өтіп,
пирамида қиылысын
,
decussatio pyramidum, түзеді.
Бұл қиылыс сопақша ми мен жұлынның шекарасы болып
табылады.
Пирамидадан сыртқа қарай,
одан
алдыңғы
латералды
жүлге, sulcus
anterolateralis,(ventrolateralis),
арқылы бөлінген,
олива, oliva
, орналасады. Сопақша мидың
артқы бетінде
жұлынның аттас жүлгесінің жалғасы
артқы орта
лық
жүлге, sulcus
medianus posterior,
өтеді. О
дан
сыртқа қарай орналасатын артқы жіпше бүйір жіпшеден
артқы латералды жүлге
,
sulcus posterolateralis (dorsolateralis),
арқылы бөлінеді. Артқы
жіпше
артқы аралық жүлге
,
sulcus intermedius posterior
, арқылы жұлынның аттас
будаларының жалғасы болып табылатын екі будаға:
медиалды
жіңішке
буда, fasciculus
gracilis
, және одан
сыртқа қарай орналасқан
сынатәрізді будаға, fasciculus cuneatus,
бөлінеді
.
Жіңішке және сынатәрізді будалардың жоғарғы жағында -
жіңішке және
сынатәрізді будалардың төмпешіктері, tuberculum gracile et tuberculum cuneatum
,
түзіледі.
Олардың ішінде аттас ядролар
(nuclei gracilis et cuneatus)
орналасады. Бұл
ядроларда
сәйкес будалар
дың
жоғарылаған талшықтары аяқталады.
Осы ядролардан
шығатын талшықтар мен бүйір жіпшенің дорсалды бөлігі
мишықтың төменгі аяқшасын,
pedunculus
cerebellaris
inferior
,
құрайды. Мишықтың төменгі аяқшаларының
аралығындағы, сопақша мидың бөлігі ромбтәрізді шұңқырдың төменгі бөлігін құрайды.
Оливаның артында әр жақтың бүйір
жіпшесінің
аймағында
тіл-жұтқыншақ нервінің,
n.glossopharyngeus, кезбе нервтің , n.vagus,
және
қосымша нервтің , n.accessorius
, ал
пирамида мен оливаның арасынан
тіласты нервінің, n.hypoglossus
, түбіршіктері
шығады
(«Бассүйек нервтерін» қараңыз).
Сопақша мидың ішкі құрылы
м
ы жұлынмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеше,
бұл онда қозғалысты реттеп, бақылайтын орталықтың (оливалық ядро)
және
тыныс, қан
айналым, зат алмасу орталықтарының (тіл-жұтқыншақ, кезбе нервтердің ядролары,
торлы
құрылым
) пайда болуы
на
байланысты.
Сопақша мидың көлденең кесіндісінде (сурет)
оның ақ және сұр заттардан тұратыны көрінеді. Оның төменгі бөлігінде
оливалық ядро,
n.olivaris,
жатады. Бұл ядродан шығатын нерв талшықтарының бөлігі мишықтың төменгі
аяқшасы
арқылы мишықта, екінші бөлігі жұлында аяқталады. Оливалық ядролардың
дорсалды жағында
торлы құрылым, formatiо reticularis
, орналасады. Сопақша мидың
дорсалды бөлігінде бассүйек нервтерінің ІХ, Х,ХІ және
ХІІ жұптарының ядролары
(ромбтәрізді шұңқырды қара) мен жіңішке, сынатәрізді ядролар жатады.