Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет243/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
mammillaria
-мен байланысатын 
күмбез бағанасын, columnae fornicis, 
ал арт
қы жағында 
күмбез аяқшасын

crura fornicis, 
түзеді. Күмбез аяқшасы таламусты айналып, оң және сол 
бүйір қарыншалардың төменгі мүйіздеріне 
өтеді де

гиппокамп шашағына, 
fimbria 
hippocampi, 
ауысады. Күмбез аяқшаларының арасында 
splenium corpopis callosi 
деңгейінде 
көлденең нерв талшықтары түріндегі 
күмбез дәнекері, comissura fornicis, 
түзіледі. Бұл 
дәнекер оң және сол гиппокамптарды қосады. 
Күмбез бағаналары
мен
, сүйелді дене құс 
тұмсығының
аралығында 
алдыңғы дәнекерді, comissura 
anterior 
(rostralis), 
ажыратады. 
Бұл дәнекер оң және сол жақтағы алдыңғы тесіктелген затты және екі жақтағы гиппокамп 
жанындағы қатпарларды бір – бірімен қосады.
Екі дәнекер де иіс сезу миына жатады. 
Мөлдір қалқа табақшасы

lamina septi pellucidi

сүйелді дене мен күмбез 
бағанасының 
арасында тартылып тұрады. 
Б
ұл табақша бүйір қарыншаның бүйір мүйізінің 
медиалды қабырғасын құрайды. Оң және сол табақшалар бір-бірімен тығыз жанасып 
мөлдір 
қалқаны

septum pellucidum, түзеді. 
Сүйелді дене жүлгесі, sulcus corporis callosi, 
сүйелді денені 
қоршап жатады, 
бұл 
жүлге төмен
гі жағында 
гиппокамп жүлгесіне

sulcus hippocampi 
жалғасады. Сүйелді дене 
жүлгесінен жоғары және оған параллел
ді 
белдеулік жүлге, sulcus cingyli

жатады, ол артқы 
жағында екіге: жоғары қарай кететін 
белдеулік қатпардың жиектік бөлігі, pars marginalis 
sulci cinguli 
мен 
шекеастылық жүлгеге, sulcus subparietalis, 
бөлінеді. Белдеулік және 
сүйелді дене жүлгелерінің аралығында 
белдеулік қатпар, gyrus cinguli, 
орналасады.
Белдеулік қатпар артқы 
жағынан сүйелді дене 
буылтығын 
айналып, 
белдеулік 
қатпардың қылтасын isthmus gyri cinguli, 
түзеді де, мидың төменгі бетінде 
гиппокампжанындағы қатпарға gyrus parahippocampalis, 
ауысады. 
Белдеулік қатпар 
қылта және гиппокампжағындағы қатпар үшеуі 
күмбездік қатпарды

gyrus fornicatus, 
түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет