Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет245/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

Жамылғының ішкі құрылысы 
Үлкен ми қыртысы 
(cortex cerebri) орталық нерв жүйесінің маңызды бөлігі болып 
табылады, ол жоғарғы деңгейдегі нервтік талдау және синтездеу ағзасы ретінде шартты 
рефлекстік байланыстарды және жеке тәжірибені қалыптастырады. Адамның 
жануарлармен салыстырғанда үлкен ми қыртысының қызметі қарым-қатынастың 
символикалық түрінің көрінісі ретіндегі абстракты ойлаумен тығыз байланысты анық 
сөйлеу болып табылады. Үлкен ми қыртысы ми сыңарларының ақ затын жауып тұрады. 
Адамның үлкен ми қыртысының алаңы орташа 22 000 мм
2
, қалыңдығы көп бөлігінде 1,3- 
4,5 мм, тек орталықмаңы үлесшеде ғана 10 мм-ге жетеді. Қыртыстың құрамына 


282 
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
нейроглияда орналасқан өте көп нерв жасушалары кіреді. Нерв жасушаларын түріне және 
орналасуына қарай алты табақшаға (қабат) бөледі: І - молекулярлы (lamina molecularis); ІІ 
– сыртқы түйіршікті (lamina granularis externa); ІІІ – сыртқы пирамидалық (lamina 
piramidalis externa); ІҮ – ішкі түйіршікті (lamina granularis interna); Ү – ішкі пирамидалық 
(lamina piramidalis interna); ҮІ - мультипішінді (lamina multiformis). 
Үлкен ми қыртысының әр бөлігінің цитоархитектоникасы 
айтарлықтай 
өзгешелігімен сипатталады (бірінші рет 1874 ж. киевтік анатом В.А.Бец дәлелдеген). 
Қазіргі кезде ми қыртысында әрқайсысы құрылымдық ерекшелігімен өзгешеленетін 200- 
дей алаңды ажыратады. 
Үлкен ми қыртысының орталықтары 
Үлкен ми қыртысы орталықтарының орналасуына қатысты ұзақ уақыт бойы екі 
теория болды. Біріншісі, қыртыстың нақты бір шектелген бөлігі немесе орталық шеттегі 
нақты бір қызметке сәйкес келеді. Екінші теория бойынша қызметі әртүрлі шектелген 
орталықтардың болатыны теріске шығарылып, барлық қыртыс салыстырмалы бірдей 
(эквипотенциализм теориясы) деп қарастырылады. И.В.Павлов әр ми қыртысы бірден 
шектелмейтінін, онда ядро мен шашыраңқы бөлік болатынын, шашыраңқы элементтердің 
ядролар қасында ғана емес, одан алыста да орналасатынын анықтаған (ядролар мен 
шашыраңқы элементтер теориясы). Төменде үлкен ми қыртысында орналасқан кейбір 
маңызды нерв орталықтары берілген. 
Gyrus precentralis 
пен 
lobulus paracentralis 
қыртыстың қозғалыс орталығын түзеді 
және ерікті бұлшықеттерден, буындардан, сіңірлер мен теріден келетін кинестезиялық 
импульстердің анализаторы болып табылады. Осы жерде қимылдың шартты рефлекстері 
түйіседі. Орталықалды қатпарының жоғарғы бөлігінде аяқтың бұлшықеттеріне жататын, 
одан төмен – қол бұлшықеттерінің, одан да төмен – бас бұлшықеттерінің нервтенуімен 
байланысты жасушалар тобы орналасады. Нерв жолдары қиылысатындықтан қыртыстың 
оң қимыл орталықтары дененің сол жағының бұлшықеттерімен байланысады және 
керісінше. 
Ортаңғы маңдай қатпарының артқы бөлігінде (8 алаң) бас пен көздің 
(көзқозғалтқыш, шығыршық, әкететін және қосымша нервтер) қосарланған қозғалысының 
орталығы орналасады. 
Сол жақ төменгі шекелік үлесшеде (солақайларда оң жақта) (40 алаңның терең 
қабаттары) мақсатты бағытталған қозғалыстарды реттейтін орталық орналасқан. Бұл 
орталық жеке өмір ағымында туындайтын, яғни, шартты рефлекстер кезінде пайда 
болатын уақытша байланыстар түрі бойынша қызмет атқарады. Бұл орталық 


283 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет