Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет247/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
арқылы жүзеге асады. Бұл жүйенің орталықтары негізінен үлкен ми қыртысының 
филогенездік жаңа аймақтарында орналасады: 37,39,40 (төменгі-шеке-самай аймақтары) 
және 44,45,46 (төменгі маңдай аймағы) алаңдар. 
Ауызша және жазбаша сөйлеудің қыртыстық орталықтары 
Ауызша анық сөйлеудің қимыл анализаторының қыртыстық шеті сол жақта төменгі 
маңдай қатпарының артқы үштен бір бөлігінде орналасады. Бұл аймақ зақымданғанда 
сәйкес бұлшықеттердің немесе олардың тобының ерікті жиырылуы мүмкін болса да сөзді 
айту мүмкіндігі жоғалады (қимылдық афазия). 
Ауызша сөйлеудің есту анализаторының қыртыстық ядросы жоғарғы самай 
қатпарының (22 алаң) артқы бөлігінің тереңінде орналасқан. Бұл орталық зақымданғанда 
сенсорлық афазия болады (адам сөзді естиді, бірақ оның мағынасын түсінбейді). 
Жазбаша сөйлеудің қимыл анализаторының ядросы ортаңғы маңдай қатпарының 
артқы бөлігі мен шекенің төменгі бөлігінде орналасады. Бұл анализатор қызметі жағынан 
сол жақ төменгі шеке үлесшесінде орналасатын және хат жазуға қолданылатын әдеттегі 
қозғалыстарды басқаратын қыртыстық орталықпен байланысты. Бұл орталық 
зақымданғанда хатпен байланысты барлық қимыл сақталады, бірақ әріптер мен басқа да 
хаттық белгілерді жазу мүмкіндігі жоғалады (аграфия). 
Жазбаша сөйлеудің көру анализаторы ядросы көру анализаторының жалпы 
орталығымен байланысып сол төменгі шеке үлесшесіндегі gyrus angylaris-те орналасады. 
Үрдісті оқу басқарады. Ядро зақымданғанда көру жоғалмайды, бірақ адам оқу және 
жазғанды түсіну мүмкіндігін жоғалтады (алексия). 
Ми қабықтары 
 
Омыртқалылардың орталық нерв жүйесі берік қорғалған. Ми бассүйектің ми сауытымен 
жабылса, жұлын омыртқа өзегімен қоршалған. Ми мен жұлыннан шеткі нервтер шығатын 
тесіктер олар үшін сүйектік қорғаныштық қабық түзеді. Бұлардан бөлек орталық нерв жүйесі 
үш милық қабықтармен қоршалған және қорғалған. Ең сыртқысы – мидың қатты қабығы (dura 
mater), біршама берік, талшықты дәнекер тіннен түзілген. Қатты қабық бассүйектің ішкі бетін 
астарлап, оның сүйек қабығымен бітіседі; тек қана миден қанды алып шығатын ірі веналық қан 
тамырлары өтетін аймақтарда ғана бос кеңістіктер пайда болады. Омыртқа бағанасынан мидың 
қатты қабығы майлы қабатпен және эпидуральді веналық өріммен бөлінген. 
Бассүйек қуысында, ірі-ірі веналық қойнаулар орналасқан аймақтардан қатты қабықтың ішкі 
жапырақшасы біршама алшақтаған соң, мидың кейбір басты бөліктерін бір-бірінен бөлетін 


285 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет