Үшкіл нерв (V)
Үшкіл нерв, n.trigeminus, V – жұп нерві. Талшықтарының құрамы бойынша аралас нерв –
қозғалтқыш және сезімтал. Қозғалтқыш талшықтары үшкіл нервтің ми көпірінде
орналасқан қозғалтқыш ядросының аксондарынан құралған, ал сезімтал талшықтар
292
Нуржігіт Алтынбеков
үшкілдік түйіннің псевдоуниполярлы жасушаларының орталық өсінділерінен түзілген.
Үшкілдік түйін жасушаларының өсінділері үшкіл нервтің үш сезімтал ядроларында бітеді.
Көпірлік ядро, үшкіл нервтің ортаңғы милық жолының ядросы, үшкіл нервтің жұлындық
жолының ядросы. Үшкіл нерв ми көпірінен мишықтың ортаңғы аяқшасының
шекарасынан екі түбіршекпен шығады: қозғалтқыш және сезімтал, сезімтал түбіршік,
radix sensoria, үшкілдік түйіннің барлық орталық өсінділерінің жиынтығы, ал қозғалтқыш
түбіршік, radix motoria едәуір жіңішкелеу, сондықтан оны үшкіл нервтің шағым бөлігі деп
атайды. Үшкілдік түйіннің псевдоуниполярлы жасушаларының өсінділері үш тармақ
түзеді: 1 – тармақ – көз нерві; 2 – тармақ – жоғарғы жақсүйек нерві; 3 – тармақ – төменгі
жақсүйек нерві.үшкіл нервтің тармақтарының ерекшелігі олардың өне бойында
вегетативтік краниалдық түйіндердің болуы. Осы түйіндердің жасушаларында басқа
бассүйек нервтерінің (VІІ және ІХ- жұптар) парамсимапатикалық түйін алды дейін
(преганглионарлық) талшықтар бітеді, ал вегетативтік түйіндерден басталатын түйіннен
кейінгі (постганглионарлық) талшықтары үшкіл нервтің тармақтарына қосылып,
солардың құрамында нервтендіретін ағзаларына (бездер) жетеді. Үшкіл нервтің әр
тармағының басталатын жерінен мидың қатты қабығына менингеалдық тармақ шығады.
Көз нерві
Көз нерві, n.ophthalmicus – үшкіл нервтің І – тармағы. Ол көз жас қапшығын, торлы
лабиринттің, маңдай және сына тәрізді қойнаулардың шырышты қабықтарын, жоғарғы
қабықтың терісімен конъюнктивасын, кеңсірік үстін, мұрын арқасын, маңдайды
нервтендіреді. Демек ол көз саңылауының жоғарғы аймақтарын нервтендіреді. Көз нерві
Гассер түйінінен (үшкіл түйіннен) басталып ІІІ және ІV- жұп бассүйек нервтерімен бірге
көзұяның жоғарғы саңылауы арқылы көз ұяға өтіп бірден үш тармаққа бөлінеді: мұрын –
кірпіктік, көз жас және маңдай нервтері.
Мұрын – кірпіктік нерв, n.nasociliaris, көз алмасының медиальді тік және жоғарғы
қиғаш бұлшықеттерінің арасында ең медиальді орналасқан нерв.
Ол келесі тармақтар береді:
1)
Артқы және алдыңғы торлы нервтер, nn. ethmoidales posterior et anterior - торлы
лабиринттер ұяшықтарының шырышты қабығына
2)
Мұрындық тармақтар, rami nasales, мұрын қуысының шырышты қабығының
алдыңғы бөліміне
3)
Екі ұзын кірпіктік нервтер, nn.ciliares longi – склера және көз алмасының тамырлы
қабығына
293
Достарыңызбен бөлісу: |