Нуржігіт Алтынбеков
сегментімен бірге, көз алмасын ортаңғы жазықтыққа бір уақытта жақындауын
(конвергенция)қамтамасыз ететін көз алмасының медиалды тік бұлшықетін нервтендіруге
қатынасады. Парасимпатикалық ядро-көз қозғалтқыш нервінің қосымша ядросы
(Якубович ядросы), nucl.oculomotorius accessotius, қарашық қысқышымен кірпікті
бұлшықеттерді нервтендіреді. Көз қозғалтқыш нерві ортаңғы миден аяқша-аралық
шұңқырдан (сәйкес жүлгеден)шығады, сонан соң алға бағыт алып үңгірлі қойнаудың
бүйір бетімен өтіп көзұяның жоғарғы саңылауы арқылы көзұяға келіп шығады. Көзұяға
кірмес бұрын нерв, жоғарғы және төменгі тармақтарға бөлінеді.
Жоғарғы тармақ таза қозғалтқыш, ол көз алмасының жоғарғы тік бұлшықетін және
жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықетті нервтендіреді.
Төменгі тармақ – аралас. Құрамындағы қозғалтқыш талшықтар төменгі және
медиальді тік бұлшықеттерді, сонымен бірге көз алмасының төменгі қиғаш бұлшықетін
нервтендіреді.
Төменгі тармақтан шығатын вегатативтік талшықтар көз қозғалтқыш түбіршігін
(radix oculomotorius) құрап кірпікті түйінге бағытталады. Бұл түбіршіктің құрамында көз
қозғалтқыш нервінің қосымша ядросының түйін алды дейін парасимпатикалық
талшықтары өтеді.
Кірпікті түйін жасушаларының түйіннен кейінгі талшықтары қысқа кірпіктік
нервтер (nn. ciliares breves) көз алмасына жетіп, қарашық қысқышын және кірпікті
бұлшықеттерді нервтендіреді, сөйтіп аккомадацияны жүзеге асырады.
Шығыршық нерві (IV) Шығыршық нерві, n.trochlearis - IV жұп нерві. Нерв, ортаңғы мидың – орталық сұр
затында орналасқан қозғалтқыш ядро жасушаларының аксондарынан түзілген. Сонымен
бірге ол дорсальді бағыт алып, ортаңғы ми затынан жоғарғы ми желкені жүгеншігінің
сыртына шығып, ми аяқшасын латеральді жағынан айналып өтіп, ми негізінде пайда
болады, әрі қарай шығыршық нерві үңгірлі қуыстың бүйір қабырғасы ішімен өтеді. Көз
қозғалтқыш нервінен жоғары және латеральді орналасып көз ұяның жоғарғы саңылауы
арқылы көзұяға кіреді. Шығыршық нерв көз алмасының жоғарғы қиғаш бұлшықетін
нервтендіреді.