Нуржігіт Алтынбеков
3)
Үлкен және кіші таңдай нервтері, n.palatinus major et nn.palatini minores, аттас
өзектер арқылы қатты және жұмсақ таңдайлардың шырышты қабығына барады;
4)
Мұрындық артқы төменгі тармақтар, rami nasales posteriores inferiores, үлкен
таңдайлық өзек арқылы мұрын қуысы түбінің шырышты қабығын нервтендіреді.
Қанаттаңдай түйінінің барлық тармақтарының құрамында жоғарғы жақсүйек
нервінен
сезімтал
талшықтар,
қанаттаңдай
түйнінің
нейрондарынан
парасимпатикалық постганглионарлық (секреттік) талшықтар және жоғарғы мойын
түйінінің нейрондарынан симпатикалық постганглионарлық талшықтар бар.
Төменгі жақсүйектік нерв
Төменгі жақсүйектік нерв, n.mandibuleris – үшкіл нервтің үшінші тармағы, аралас,
төменгі тістер мен қызылиекті, тілдің, ұрттың, төменгі еріннің шырышты қабығын,
иектің, төменгі еріннің терісін, төменгі жақсүйек асты, тіл асты сілекей бездерін,
шықшыт буынын, шайнау және мойынның кейбір бұлшықеттерін, таңдаймен ортаңғы
құлақты нервтендіреді. Бассүйек ішінен сопақ тесік арқылы шығып бірден тармақтарға
бөлінеді:
І. Қозғалтқыш тармақтар:
1)
шайнау нерві,n.massetericus – аттас бұлшықетке;
2)
терең самай нерві, nn.temporalis profundi – самай бұлшықетіне,
3)
латеральді және медиальді қанаттәрізді нервтер, nn.pterygoidei lateralis et medialis–
аттас бұлшықеттерге;
4)
таңдай пердесін керетін бұлшықет, n.musculi tensoris veli palatini–аттас
бұлшықетке;
5)
дабыл жарғағын керетін бұлшықет нерві, n.musculi tensoris tympani–аттас
бұлшықетке;
ІІ. Сезімтал тармақтары:
1)
Ұрт нерві, n.buccalis, сезімтал нерв, басында қанаттәрізді бұлшықеттер арасымен
өтеді, сосын ұрт бұлшықетінің сыртына орналасып оны тесіп шығып ұрттың
шырышты қабығына және езуге тармақталады;
2)
Төменгі ұяшықтық нерв,n.alveolaris inferior, аралас, төменгі ұяшықтық нерв
тармақтарының ішіндегі ең ірісі. Төменгі жақсүйектің өзегіне кірер бұрын онан
жақсүйек-тіласты нерві, n.mylohyoideus, шығып аттас бұлшықетті және қос
қарыншалы бұлшықеттің алдыңғы қарыншасын нервтендіреді, ал төменгі
жақсүйек өзегі ішінде төменгі ұяшықтық нервтен толып жатқан тармақтар
296
Достарыңызбен бөлісу: |